Т. С. Сарбасова Құнанбаева Д.Ә., Жұмамбаев С. К


Жалпы және функционалдық менеджменттің кәсіби



Pdf көрінісі
бет30/80
Дата14.09.2023
өлшемі5,78 Mb.
#107731
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   80
6.3. Жалпы және функционалдық менеджменттің кәсіби 
іс-әрекеттерінің мәні
Әрбір ұйымға екі түрлі басқарушылар мен екі түрлі басқарудың 
бар болуы тән. Ұйымда жалпы менеджменттің функцияларын 
бірінші лауазымды адам атқарады. Сондай-ақ әрбір ұйымда 
функционалдық менеджментті жүзеге асырылатын төменгі бас-
қарушылық буындар да болады. 
Ұйымның жалпы басқаруына жауапты ұйымның бірінші лауа-
зымды адамы басқаруды тігінен жүргізеді. Осындай менеджердің 
тұрғысынан басқару басқару объектісіне мақсаттылық әсер ету 
үдерісі болып табылады. 
Жалпы менеджмент осылайша менеджер өз ұйымын қоршаған 
іскерлік әлемнің панорамасында қозғалыста болуын анық кө-
ретінін болжамдайды. Менеджердің міндеті екі басыңқы блок 
әрекеттерінен тұрады – мақсаттарды (ұйымнан тыс және ұйым 
ішіндегі) келісімдеу және осындай мақсаттарды іске асыруға бола-
тындай ұйымға лайықты ықпал ету. Менеджер өзінің лауазымдық 
қызметін орындау арқылы ұйымға ықпал жасайды.
Басты менеджер ұйымда болып жатқан барлық іс-әрекет үшін 
және олардың салдары үшін толық жауапкершілікі өзіне ала-


74
ды. Ұйымның басқарылуын қажетті деңгейде қамтамасыз етуге 
ұмтылыс басты менеджерді билік өкілеттілігін иемденуші және 
онымен қабылданатын шешімдерді орындаушы арасындағы 
аралық басқару буындарын құру арқылы нақты басқару үлгісін 
құруға мәжбүрлейді. Ондай аралық басқару буындары болып та-
былатын басты менеджердің көмекшілері, ассистентері. Бас ме-
неджер осындай көмекшілерге кейбір белгілі өкілеттілікті береді.
Жалпы менеджмент тұрғысынан оларға басқару міндеттері 
бекітілетін лауазымды тұлғалар функционалдық менеджерлер 
деп аталады, ал олардың міндеттерінің мазмұны функционалды 
менеджмент жайлы көрініс құрайды.
Функционалды менеджер өзінің жеке басқару объектісі, яғни 
функциясы бар екендігін және осы функцияны негізі басты ме-
неджер орындау керек екендігін, бірақ оның іске асырылуын 
функционалды басқарушыға бергенін түсінеді. Осы тұрғыдан 
қарағанда, функционалды басқару объектісі басты менеджменттің 
бір немесе бірнеше функциялары болып табылады, ол дегеніміз 
− міндетті түрде басқарылатын, бірақ тұтас нәтиже мен ұйымның 
мақсатына қол жеткізуде жеткіліксіз болатын ұйымның үзіндісі.
Сондай-ақ функционалды менеджментке, жалпы менедж-
ментке сияқты, тігінен басқару да лайықты, себебі басқару 
объектісіне ықпал ету қажеттілігі туындайды, бірақ, мұндай объ-
ект ретінде ұйым деген тұтастық түсінігіндегі тек қандай да бір 
үзіндісі болып табылады. Сонымен бірге, осындай әсер ету про-
цедурасы функционалды басқару үдерісін бейнелейді және оның 
негізгі мәнін көрсетеді, ал осыған байланысты қажетті немесе та-
лап етілген шешімдерге қабылдау менеджердің функционалдық 
шешімдерді қабылдауын білдіреді. 
Өзінің лауазымдық міндеттерін атқару барысында функцио-
налды менеджер тап болатын көптеген мәселелерді тек өз басқару 
шеңберінде шешу мүмкін емес. Әрбір функционалды менеджер 
өзінің басқару объектісіне ықпал ету кезінде, ұйымның ортақ 
мақсатының іске асырылуына да әсерін тигізеді. Осы мақсаттың 
көптеген үзінділері әрбір дара функционалды менеджердің 
әсеріне ілікпейді, кез келген жағдайда басқа функционалды 
менеджерлердің басқару шеңберіне таралып кетеді. Сондықтан 


75
да, әрбір функционалды менеджердің өз әрекеттерін басқа 
функционалды менеджерлердің әрекеттерімен қиыстыруына 
қажеттілік туындайды.
Келісілу, функционалды менеджердің кәсіптік қызметінде 
қабылдаған шешімнің нәтижелерін алдын ала болжамдауды және 
осындай шешімнің нәтижелерін іске асыру процедурасына басқа 
да функционалды менеджерлерді еліктіруді білдіреді, себебі 
мұндай нәтижелер ұйымның қалыпты әрекетін қамтамасыз ету-
мен байланысты. 
Функционалды менеджер тұрғысынан онымен қабылданған 
функционалды басқару шешімдері жиі кросс-функционалды 
шешімдерге айналады. Мұнда, функционалды менеджменттің 
бір түрімен қабылданатын қандай да бір шешімді іске асыру про-
цедурасына функционалды басқаруларды біріктіруге негізделетін 
басқару әдісі кросс-функционалды басқару деп аталады. 
Кросс-функционалды басқару моделі белгілі блок іс-әрекетінің 
жүзеге асырылуына алып келеді. Ең алдымен, функционалды 
менеджер функционалды шешімнің мазмұны мен іске асырылу 
процедурасын, сондай-ақ қабылданған шешімнің болуы мүмкін 
салдарын да ойластырады. Функционалды менеджердің оның 
кәсіптік қызметінің мәнін ұйымның жүйелілігінің көрінісі ретінде 
қабылдау барысында, шынайы режимде дайындалған шешімді 
іске асыру мүмкіндігіне басқа функционалды басқарушыларды 
тарту ретінде жағдай жасауға қажеттілік туындайды, яғни өз-
дерінің кәсібилік алаңында тек қана олар өздері әрекет жасай 
алады. 
Басқа шешімдерге қатысты функционалды менеджердің 
міндеті қабылданған шешімдер көпфункционалды салдарын 
алдын ала болдырмау және болжамдау болып табылады. Ше-
шім қабылдаған басқарушы менеджер сол шешім қабылдауға 
қатыспаса да, бірақ осыған байланысты тиісті жауап беруге 
мәжбур болатын тек қана басқа функционалды менеджерлермен 
осындай салдар ескерілуі мүмкін екендігін түсінеді.
Өзінің кәсіптік мүдделері айқын көрінетін функционалды 
менеджер әрқашанда келісімге келуге талпынатын болады, яғни 
өзінің іс-әрекеттерін басқа функционалды менеджерлермен 


76
келістіре білу дағдысы мен қабілеті − оның кәсіпқой екендігінің 
көрсеткіші. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет