Электр қондырғыларын орнату, реттеу және пайдалау 6В07101 – «Электр энергетикасы»


Электрлік орнату жұмыстарын жопарлау



Pdf көрінісі
бет5/42
Дата14.09.2023
өлшемі0,94 Mb.
#107768
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
pl5C6v7xoPJwncysjfV8B34IXYhNAm

 
 Электрлік орнату жұмыстарын жопарлау 
электр монтаждық 
жұмыстарды басқарудың басты функцияларының бірі болып табылады. 
Жоспардаудың маңызды сәті, әсіресе жұмыс жасап тұрған электр 
құрылғыларында іс-шараларды байланыстыру, жұмысты үзбей жасап уақыт 
бойынша орындап шығу. 
Жоспарлаудың қарапайым түрі жұмыстың күнтізбелік жоспар-графигін 
құрастыру болып табылады, ол құжатта электр монтаждық жұмыстың көлемі 
және капиталды салымның таратылуы, машиналар мен механизмдер, еңбек 
және энергетикалық ресурстарға қажеттілік, жинақтаушы бұйымдар мен 
қондырғыларды уақыт бойынша жеткізуді анықтайтын құжат. 
Жоспарлаудың басқа, прогрессивті және ыңғайлы түрлерінде негізгі 
элементтері желілік графиктер болып табылатын желілік модельдер 
қолданылады. Олардың құрылымы жасалатын жұмыс тізімін қоюдан, олардың 
ұзақтығы, тиімді жалғасуы мен арасындағы байланысты анықтаудан басталады 
[14]. 
Әдетте, желілік модельдердің құрастыру мен талдау екі этапта жасалады. 
Бірінші этапта график тұрғызылады және оның барлық шамалары есептеледі, 
екінші этапта - желілік графикті талдайды, түзетеді және оңтайландырады. 
Жалпы желілік жоспарлау жүйесі электр монтаждық жұмыстарды 
ұйымдастыруды анық елестетуге және бағалауға және осы жұмыстарды 
жасағанда негізделген жоспарлау мен тиімді басқаруға мүмкіндік береді. 
 
Электрлік орнату жұмыстарын өнеркәсібіне дайындықта 
объектіде 
келесі іс-шаралар жасалуы қажет:
 
- мердігерде тапсырыс берушінің «жұмыс істеуге» деп мөртабанмен 
бекітілген, жобалау-техникалық құжаттамасы алынуы керек; 
-
мердігер мен жабдықтаушы кәсіпорындар арасында, жұмыстың 
технологиялық реттілігін ескере отырып, жабдықты жеткізу кестелері, 
жабдықтаушы кәсіпорындардың бас монтаждау персоналын тарта 
отырып орнатылған күрделі электр жабдықтарының тізімдері, ауыр және 
ірі электр жабдықтарын орнату орнына тасымалдау шарттары
келісілген 
болуы керек;
- жұмысшылар, инженерлік-техникалық жұмысшылар бригадасын 
орналастыруға бөлмелер, сонымен қатар қондырғыларды, материалдар мен 
аспаптардың қоймасы дайындалуы қажет; 
-
электр жабдықтарын монтаждау үшін объектінің құрылыс бөлігін 
қабылдау актісі бойынша және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі мен 
қоршаған ортаны қорғаудың
нормалары мен ережелеріне сай іс
-
шаралардың орындалуы жүзеге
асырылады.



Қондырғыларды қабылдағанда оны тексереді, толықтығы тексеріледі 
(ашпай), жеткізуші-кәсіпорынның кепілдігінің бар екендігі және мерзімі 
тексеріледі. Тексеру нәтижесі сәйкес акті бойынша тіркеледі. 
Электр қондырғылары монтаждау кезінде ашуға және қайта қарауға 
жатпайды, егер келесі жағдай болмаса, зауыттық нұсқаулықты бұзып 
қондырғыларды ұзақ сақтаған жағдайда, мемлекеттік және салалық 
стандарттар немесе техникалық жағдайларда қарастырылған болса. 
Жабдықтаушы кәсіпорындардан мөрмен бекітіліп келген жабдықты 
бөлшектеуге тыйым салынады
Жабық тарату құрылғыларының бөлмелері, электр қондырғыларының 
іргетасы барлық құрылыс және әрлеу жұмыстары толық біткен кезде монтажға 
беріледі. Күрделі және бағасы қымбат электр қондырғыларын орнататын 
бөлмелер мен іргетасты монтаждау жұмыстары, бас монтаждау қызметкерлерін 
тарту арқылы жасалады және беру-қабылдау бас монтаждау жасаған 
кәсіпорынның өкілімен бірге жасалады. 
Электр монтаждық жұмыстарды бастамас бұрын бас мердігер аумақты 
жоспарлау, кірме жолдардың, кабельдік каналдардың құрылысын бітіруі қажет, 
шиналық және сызықтық порталдарды орналастыру (егер болса), электр 
қондырғысының астына іргетас, жерасты коммуникациялары мен объектінің 
айналасын қоршау салуы қажет. 
Порталдар мен іргетастардың конструкцияларында, мысалы, тарату 
құрылғыларының астына жобалауда қарастырылған апаттық төгілген майды 
сақтайтын ыдыс, ендірілген бөлшектер және қондырғылар мен изоляторлардың 
гирляндасын бекітетін бекіткіштер орналастырылуы керек. Кабельдік каналдар 
мен тоннельдерде кабельдік кострукцияларды бекітетін ендірілген бөлшектер 
мен бекіткіштер орнатылуы қажет, сонымен бірге су құбырының құрылысы 
мен жобада қарастырылған автоматтандырылған өртті өшіру құралдарының 
құрылысы бітуі керек. 
Электр қондырғыларының монтажына берілетін құрылыстар мен 
бөлмелерде, бас мердігер немесе құрылыс мердігерінің архитектуралық-
құрылыстық сызбаларда қарастырылған электр қондырғыларының орынын 
ауыстыруға және басқару кабелі мен төмен вольтті электрлік тораптарды 
монтаждауға қажетті тұрақты саңылаулар, тауашалар, қабырғалар мен 
төбелердегі тесіктер жасалуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет