Электрлік орнату жұмыстарын ұйымдастыру мердігерге жүтеледі
және негізгі үш кезеңнен тұрады.
Бірінші инженерлік-техникалық кезеңде жобалау-есептеу құжаттарын
оқу, тексеру, қабылдау жасалады, бұл құжатта электрлік орнату
кәсіпорынының электрлік орнату жұмыстарының өндірісін құрастыруына негіз
болатын құрылыстың жобасын ұйымдастыру қарастырылады.
Екінші ұйымдастыру кезеңінде құрылысшылардан қондырғыларды
орнату
үшін
ғимараттар,
құрылымдар,
іргетас,
саңылаулар
мен
конструкциядағы тауашаларды қабылдау жасалады, ендірілген бөліктерді
орнатуы және тиеу-түсіру мезанизмдерінің бар болуы бақыланады.
Үшінші материалды-техникалық кезеңде электрлік орнату жұмыстарын
қондырғылармен, матриалдармен, бұйымдармен, орнату жинақтарымен
қамтамасыз ету және жабдықтау жасалады. Осы кезеңде қауіпсіз жұмысты
қамтамасыз ететін механизмдермен, құралдармен, түгендеумен жабдықтау
орындалады.
Электрлік орнату жұмыстарын ұйымдастыру кезіндегі маңызды сәт,
құрылыс жұмыстары мен электрлік орнату жұмыстарының кезек кезек
орындалуы қажет күрделі нысандарда жұмыстардың өндіріс жобасы (ЖӨЖ)
міндетті түрде құралуы болып табылады. Бұл жобаның құрастырылуы
механизмдерді пайдаланып (автокран, автовышка) күрделі бұрғылау
жұмыстары жасалатын, сонымен қатар өрмелеу жұмыстарын орындағанда
әсіресе жұмыс жасап тұрған электр құрылғылардағы жұмыс өндірісіне
байланысты.
ЖӨЖ құрастырудағы бастапқы мәліметтер:
- нысанның жұмыстық сызбалары мен жобаның есептеу құжаттары;
- қондырғылар мен материалдардың жеткізілуі туралы мәліметтер,
машиналар мен механизмдердің болуы;
- қолданыстағы нормтаивті құжаттар, орнатуға нұсқаулар, еңбекті
қорғаудағы салалық ережелер;
- құжаттама, зауыт-жеткізушіден қондырғылардың сертификаты.
ЖӨЖ мазмұны үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімге нысан туралы
жалпы мәліметтен және құрылыс пен орнатудың ұйымдастыру құрылымынан,
электрмен жабдықтаудың сұлбасынан, қондырғылардың орналасу жоспарынан
және нысанның техникалық-экономикалық көрсеткіштерінен тұратын
түсіндірмелі жазба кіреді.
ЖӨЖ екінші бөлімінде электрлік орнату жұмыстарын орындаудың
технологиясы және ұйымдастырудың ең тиімді әдістері келтіріледі, сонымен
бірге еңбек шығынының есептеулері, қызметкерлердің саны және еңбек
ақысының көлемі беріледі. Мұнда еңбекті көп қажет ететін операцияларды
орындаудың технологиялық әдістері көрсетіледі, механизациялаудың
пайдаланылуы, орнату және реттеу жұмыстарын біріктірудің ұсыныстары,
еңбекті қорғау бойынша нұсқаулар, өндірістің жұмыс графигі келтіріледі.
ЖӨЖ үшінші бөліміне тікелей электрлік орнату қызметкерлеріне
арналған тапсырмалар, жинақтау керек конструкциялар, блоктар, түйіндердің
7
мәлімдемесімен қамтамасыз етілген, қажетті сызбалар, орнататын жері мен
сызбасы бар ендірілген бөліктердің мәлімдемесі, қондырғылар мен
материалдардың сипаттамасы кіреді.