Некеден кейін әйел бақыты


Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет139/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   173
Байланысты:
img 2 1691926925587

Некеден кейін әйел бақыты

 
226 
агрессиямен, критикамен секіріп жатса, сіздің пікіріңізді 
дұрыс емес десе, сіздің организміңіз оны қалай 
қабылдайды, қалай ойлайсыз? Нейрофизиологтар айтады 
екен: "Біреу біздің көзқарасымызға сәйкес келмейтін 
нәрсені айтса, онда біздің организмімізде химиялық 
процесс болады екен. Ол қандай процесс? Бізді ұрып 
жатқандай сезім болады екен. Сізге біреу ұрысқанда, 
рептилия оянады, қорғану керектігін ойлап, сізге сигнал 
береді. Сіз бірден "ол мені ұрып жатыр" деп ойлайсыз, 
қорғану керек дейсіз. Немесе екінші вариант "қашу керек" 
деп ойлайсыз. 
Ұрысқан адам сізден күшті болса, жауап қайтара 
алмайтын болсаңыз, мысалы, күйеуіңіз. Онда сіз қашу 
керек деп ойлайсыз. Ал, ол сізден әлсіз болса, мысалы, 
ұлыңыз немесе қызыңыз сіздің пікіріңізге сай келмейтін 
нәрсені айтса, сіз оны басып тастай аласыз. Себебі, оның 
әлсіз екенін рептилия біледі, қорғана алмайтынын біледі. 
Конфликт- ол өміріміздің бір бөлігі. Ол өзімізді 
сақтауға, шекарамызды құруға көмектеседі екен. Егер адам 
конфликтсіз өмір сүрсе, демек ол адам страус сияқты. 
Страустар не істейді? Қорқатын болса, бірден басын жерге 
тығып, қашады. Адам да сондай екен. Егер конфликт
болған кезде, оның шешімін таппаса, ол страус сияқты 
болады. Мен сіздерге ұрсу керек, конфликт жасау керек 
деп жатқан жоқпын. Біреу сізді ұрып жатқанда, бір 
бетіңізді ұрса, екінші бетіңізді бермейсіз ғой? Сіз 
қорғанасыз. Мен сіздерге әдемі қорғанып үйреніңіз дегім 
келеді. Біз барлығымыз әртүрліміз. Сондықтан екі адам 
бір-бірінің көзқарасына келіспейді. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
227 
Келіспегенде сыйлап үйрену керексіз. Барлықтарыңыз 
"менікі ғана дұрыс" деп есептесеңіз, онда ол қате пікір. 9 
саны сияқты, 9 санын біреу 9 деп көреді, біреу 6 деп көреді. 
Әр адамның өзінің пікірі бар. Егер өміріңізде өте көп 
конфликт пен өте көп ұрыстар болса, мүмкін сіз әлемге 
берген нәрсеніз үшін жауап алып жатқан шығарсыз. 
Мүмкін сіз әлемге негативті, ұрысты бересіз. Ал ол сізге 
айнадай қайтады. Менің өмірімде конфликт өте-өте аз. 
Мен ұрысқақ, агрессивті адам емеспін. Университетте 4 
жыл оқыдым. 4 жылда мен ешкіммен қырылысып, қатты 
сөзге келіп көрмеппін. Ол кезде психологияны қатты 
білмеген кезім. Мен ұрысқанды жек көрген соң, дауыс 
ырғағым көтерілмейді. Себебі сен дауысыңды көтерсең, 
екінші адам ұрысқаныңнан қаттырақ сөйлегісі келеді. Ол 
қаттырақ сөйлесем, жеңемін деп ойлайды. Доминант адам 
мен боламын деп ойлайды. Егер ол қатты айқайлап ұрсып 
жатса, ал сіз оған жайлап, асықпай жауап беріп жатсаңыз, 
ол сырттан қалай көрінеді? Екі адам ұрсысып конфликтте 
тұр. Біреуі айқайлап жатыр. Ал, екінші адам жай күліп 
жауап беріп жатыр. Бұл қалай көрінеді? Сіз—саналы адам 
болып көрінесіз. Ал, сізге айқайлап жатқан адам псих 
болып көрінеді. Кім кінәлі деп ойлайсыз? Бұл жерде,әрине, 
ұрысып, дауысын көтеріп жатқан адам кінәлі көрінеді. 
Конфликт аяқталған соң, бірнеше сағат өткен соң, 
айқайлаған адам қатты өкінеді екен. Неге қатты өкінеді? 
Себебі, сіз оған ол сияқты жауап берген жоқсыз. 
Керісінше, дауысыңызды төмендетіп, сабырмен, әдемі, 
орынды, эмоцияға берілмей жауап бердіңіз. Ал, егер екі 
жақ бір-бірімен қырылысып, айтпаған сөзді айтса, бірнеше 
сағат өткен соң екі жақ та өкінбейді екен. Екі жақ та сөзін 
саралап, есіне түсірмей, кешірім сұрау керек деген ойға 
келмейді екен. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет