Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет141/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   173
Байланысты:
img 2 1691926925587

Конфликттің себептері 
 
Біріншісі
—әртүрлі көзқарас. Әртүрлі көзқарасты 
айтып өттік.
 
Екінші себеп
—әртүрлі сөздерді қолдану. Еркек бізге 
қалжыңмен немесе ұрысқанда, жай ғана әңгіме айтқанда 
тиіп кететін сөздер айтуы мүмкін. Біз бірден ренжіп, 
тырысып қаламыз. Оның әрбір айтқан сөзінің астарлы 
мағынасын іздеуге тырысамыз. Біз еркекке ойымызды 
айтқымыз келеді. Ал ол басқаша түсініп қалады. Әйелге 
норма болған нәрсе, еркекке норма болмауы мүмкін. 
Еркекке норма болған сөздер, әйелге норма болмауы 
мүмкін. Біздің ойымызды жеткізу жолдарымыз әртүрлі. 
Олардың мақсаты ренжіту емес, ашуландыру емес. Келесі 
жолы күйеуіңіз астарлы нәрсе айтып, «намек» тастағандай 
болса, тіпті әңгімелесіп жатқанда, сіз бір сөзіне ренжіп 
қалсаңыз, ренжімес алдын сұраңыз. "Осы сөздеріңмен 
маған не айтқың келді?" . Біз көбінесе ренжігенді жақсы 
көреміз. Тіпті олай емес екенін біліп тұрсақта, ренжіп 
қаламыз. Ал ол бізге не үшін керек? Себебі, біз конфликтті 
жақсы көреміз. Мысалы, күйеуіңіз "балаларымыз сенің 
мамаңның үйінде бірнеше күн болса, өзгеріп келеді",-
дейді. Сіз бірден ойлай бастайсыз "демек, менің мамам 
жаман ғой, жаман тәрбие береді ғой, солай айтқың келіп 
тұр ма?" деп ренжіп қаламыз. Бәлкім күйеуіңіздің айтқысы 
келген ойы басқа шығар. Конфликтті шешетін ең керемет 
инструкция—коммуникация. Күйеуіңізден ашық сұрап, 
анығын біліңіз. Бұл "семантикалық себеп" деп аталады. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
230 
Семантикалық конфликт интернет желісінде де болады 
екен. Адамның түрін, эмоциясын көрмейміз. Сондықтан 
біздің көңіл-күйімізге байланысты, басқа адамның сөзін 
өзімізге қабылдап қалады екенбіз. Адамдар әртүрлі 
болады. Сізге ұнамайтын хаттар немесе ұнамайтын 
комментарий болса, оған жауап берердің алдында бірнеше 
рет оқыңыз. Бірінші—негатив жақтан оқыңыз, екінші—
позитивті жақтан оқыңыз. Бұл сізге көмектеседі. Адамның 
қандай ойды айтқысы келіп тұрғанын сізге жеткізеді. 
Үшінші себеп
—«ожидание и реальность». Яғни біз бір 
ситуацияны басқаша болады деп күтеміз. Бірақ шынайы 
түрде барлығы басқаша болып шығады. Біздің күйеуіміз де 
біздін күткенімізді жасамайды. Сіз баланы 40 минут 
ұйықтатып жатырсыз. Бала мазасыз, өзі әрең жатыр. Сіз 
ашулысыз. Ол папасына барғысы келеді, папасын сұрайды. 
Сіз оған "папаң жұмыста немесе папаң да ұйықтап жатыр, 
сенде ұйықта" деп айтасыз. Сол моментте күйеуіңіз басқа 
бөлмеде қатты жөтеледі. Балаңыз соны естіп қояды да, 
қатты айғайлап, папасына кетіп қалады. Сіз ашулысыз. 
Неге? Себебі, 40 минут оны ұйықтата алмай жатырсыз. 
Күйеуіңіз жөтелмен барлығын бұзып тастады. Баланы 
ұйқысынан оятып, өзіне қарай шақырып алғандай болды. 
Сіз конфликтті тудырып, балаңызға және күйеуіңізге 
айқайлай аласыз. Немесе конфликттің алдын алуыңызға 
болады. 
Қалай? 
Миымыздың 
рептилия 
бөлігін 
тынышталдыру арқылы. Тынышталдырғанда өз-өзіңізге: 
"білемін, сен ашуланып жатырсың, ол баланы оятып 
жіберді, шақыртып алғандай болды, бірақ күйеуім бала 
ұйықтатып жатқанымды білмеді ғой" дейсіз. Сізде қандай 
«ожидание» болды? Бала тез ұйықтап қалады. Ешкім сізге 
кедергі болмайды. Бәрі тып-тыныш болады. Ал шынына 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет