Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
267
Осындай сөздерді күнделікті 2-3 рет айтып тұрсаңыз,
күйеуіңіз сізді одан сайын жақсы көріп,
сізді өз
қорғауына алатын болады.
Қандай кезде күйеу әйелін қорғамайды?
Егер сіз өз өзіңізді еркектің көзінше қорғап
бастасаңыз, еркек сізді қорғау керек деген ойдан бас
тартады. Байқап көріңізші, енеңіз сізді жамандағанда
қандай рөлде жамандайды? Жертва рөлінде ме, әлде
тиран рөлінде ме? Жертва рөлінде деген-өзінің азап
шеккенін жеткізу деген сөз. «Мен сондай күштімін,
мен періштемін,
мені қинады, мен азап шектім» деген
ойды жеткізеді ме? Сізге де сондай рөлде болуды
үйрену керек. Яғни еріңіздің алдында өзіңізді «иә, мен
кінәлі
шығармын, анаңды ренжіткім келмейді, ол
сондай жақсы адам» десеңіз, күйеуіңіз сізді кіналамақ
түгіл, сізі қорғап бастайтын болады.
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
268
Енеңіз сіздердің бір жаққа шығуыңызды,
жеке қалуыңызды қаламаса.
Бұл да қызғаныштың әсерінен. Енеңізді тыныш
жек көрсеңіз де болады, немесе енеңізбен әйел ретінде
сөйлесе аласыз. Әйел ретінде сөйлесу-дұрыс шешім.
Себебі қанша жерден ене баласын қызғанса да, оның
ажырасқанын, жалғыз қалғанын қаламайды, және өзі
де ер адамның көңіліне
зәру болу дегенді жақсы
түсінеді. Сізге не істеу керек?
Достарыңызбен бөлісу: