Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
272
Енеңіз бен күйеуіңіздің қатынасы, ененің
баласына әсері
Ененің сіздің күйеуіңізге әсері өте үлкен. Енеңіз сізді
күйеуіңізге жақындата да алады, алыстата да алады. Және
дәл солай сіз де енеңізбен қатынасыңыз арқылы
күйеуіңізден алыстай аласыз және жақын бола аласыз. Көп
жазбай сізге тек қана 2 нәрсені айтамын.
Күйеуіңізге «менде сенің мамаңмен проблема»
десеңіз, онда сіз күйеуіңізден алыстайсыз. Ал егер «мен
сенің мамаңмен өте жақынмын» дессеңіз, онда
күйеуіңізбен жақын боласыз. Бұл қарапайым ғана екі
ереже.
Бір
ережені ұстану керек, екінші ережеден барынша
қашуға тырысу керексіз. Енеңізбен қатынасыңыз онша
болмаса да, күйеуге соны айтудың керегі жоқ, себебі сізге
бұның ешқандай пайдасы болмайды. Бір айтқаннан кейін
күйеуіңіз енеңізге ештеңе демесе, сізді қорғамаса, онда сол
жағдайдан кейін сабақ алу керексіз. Күйеуіңіздің
санасында сіз «идеал келін» болып қалсаңыз,
онда ол
бейсаналы түрде сізге жақын болады. Себебі ер адамның
анасы-оның идеалы. Әрине, анасынан бөлек өскен бала
болмаса ғана, анасы бала үшін идеал болады. Бірақ бұл
енді бөлек тақырып.
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
273
Әйел ақша табу керек пе?
Күйеуіңіз ақша бермесе.
Күйеуім көйлекке
ақша бермейді,
Өзіме косметика ала
алмаймын,
Енем үйге ет алмайды,
Күйеуім қыздармен отыруға ақшасын бермейді,
Қыдыра алмаймын,
Үйге әдемі ыдыс, перде алғым келеді,
Ақшадан қысады, жалындырады.
Бұл сөздер сізге таныс болса, демек, сіздің күйеуіңізге
деген материалдық реніш бар. Ол реніш материалдық
тәуелділігіңізден пайда болып тұр.
Біріншіден, сіздің
ренішіңіз күйеуіңізге емес екенін айтқым келеді, сіз оған
емес, өзіңізге өте қатты ренжулісіз. Өзіңізге киім алуға
шамаңыз жоқ, елден ақша берсе екен деп тіленіп отырасыз,
ақша табуға амал етпейсіз, бұл
сіздің тек өзіңізге деген
ренішіңіз. Бірақ көп адам саналы түрде реніштің өзіне
бағытталғанын мойындамайды, себебі олар жертва
позициясында жүр. Жертва
деген сөзді әр психологтан
естіп, құлағыңыз әбден үйреніп қалған шығар. Мен де бір
сөзімде осы позицияны есіңізге салайын. Сіздің өз жеке
бас қажеттіліктеріңізді өтей алмағаныңызға сізден басқа
ешкім кінәлі емес. Сіз оны бейсаналы түрде, іштей
түсінесіз, бірақ біздің қазақи
стереотиптеріміз сізге
«жертва» позициясынан елді кінәлауға күшті мүмкіндік
береді. «Еркек әйелін толық қамтамасыз ету керек, еркек
әйелі сұрағанын алып беру керек, еркек әйелдің
материалдық жағдайын жасап беру керек» деген сияқты
стереотиптік сөздер миыңызда жақсы орын алады. Оған
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Достарыңызбен бөлісу: