Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
35
«жұмсақтық, нәзіктік» деген сөздерге ұқсас және жақын
әйелдердің айналасында ерлер шұбырып жүреді. Ондай
әйелге еркек есігін де ашады, киімін де шешіп береді,
ұрыса да алмайды, үнемі сол әйелдің жанында оған
көмектескісі келетін жандар толып жүреді. Өзімнің
байқауым осы, себебі маған ерлер ғана емес, коляскамен
жүрсем, колясканы бір жерге кіргізуге көтеруге, тіпті,
әйелдер де көмектеседі. Себебі әйелдің мықты
энергетикасы «мен әлсіз жанмын, мен ешкіммен
жарыспаймын, маған көмек бере алсаң, мен саған әйелдік
алғысымды беремін» деген сигналдарды жібереді.
Бір әйелдер айтуы мүмкін, «менде түк әйелдік сипат
жоқ, түк әйелдік энергетика жоқ» деп. Жаңа айтқанымдай,
әйелдің табиғаты о бастан нәзік! Демек, сіздің бойыңызда
ол сипаттар онсызда бар, бастамасы бар, сізге жәй ғана сол
бастаманы ояту қажет. Сізге «әйел адам нәзік, жұмсақ болу
керек» деген паттернді бейсанаңызға қабылдату керек.
Егер іштей сондай нәзік, жұмсақ, әлсіз әйелдерді жек
көрсеңіз, нервіңіз ұстаса, онда іштей сіз өз табиғатыңызды
қабылдағыңыз келмейді деген сөз. Демек, сіз өз бойыңызда
еркектік сипаттарды арттырудасыз. Бұның себебін мен
айттым, еркек жайлы ойлары көп әйелде еркектік сипаттар
көбееді. Себебі, миымыз ешбір ойды, сұрақты жауапсыз
қалдырмайды, ал адам не нәрсені көп ойласа, демек сол
нәрсеге ұқсағысы келеді деген сөз.
Достарыңызбен бөлісу: