Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
47
береді. Және осы типке көп конфликтке түсетін әйелдерді
де жатқызуға болады. Ұрысты бірінші бастайтын, жиі
ренжіп қалатын,
көп қызғанатын, ер адамды басқаруға
тырысатын әйелдер ер адамды үнемі стрессте ұстайтын
типтерге жатады. Жоғарыда айтылғандай, адамға үнемі
стрессте болу өте зиян. Адам үнемі стрессте болса, оның
денсаулығы құриды,
бақыт гормоны блокталады,
окситоцин гормоны түзілмейді. Егер ер адамға тек қана
стресс туындата берсеңіз, ер адам стрессін басу үшін
сыртқа достарына немесе басқа қыздарға, көңілдеске кетіп
қалатын болады. Себебі ер адамға үйде баса алмайтын
стрессін бір жерге барып басу керек.
Ер адамды үнемі стрессте ұстаудан алшақ болыңыз.
Және дұрыс стресс туындатуды үйреніңіз.
Дұрыс стресс
дегеніміз не? Ол ер адамнан көмек сұрау, сыйлық сұрау,
талаптар қою және отбасылық проблемаларды айту.
Төменге мысалдарды келтіремін. Бірақ қазір, бірінші, сізге
ер адамға ұрыса бермей, ренжи бермей, шаршата бермей,
бір сөзбен оны үнемі стрессте ұстаудан алшақ болу керегін
түсіну керек.
Қызықты факт айтайын, мұқият оқыңыз. Ер
адамның
қалауы- стрессті басатын әйел. Ал ер адамның табиғатына
керегі- стрессті туындататын әйел.
Еркектер стрессті азайтатын әйелдерді жақсы көреді.
Себебі стрессті азайтатын әйелдер еркекке ерекше
«состояние» бере алады. Ондай әйелдің жанында еркек
жәй ғана
рахат алады, ештеңені уайымдамайды. Бірақ ер
адамның дамуы үшін, өсуі үшін оған стрессті туындататын
әйел керек. Бұл өзі сондай физиология.
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Достарыңызбен бөлісу: