Некеден кейін әйел бақыты
40
Еріңіз үйде болғанда еріңіздің көзінше кітап оқыңыз, еріңіздің көзінше спортпен айналысыңыз, телефонмен құрбыңызбен күліп, риза болып сөйлесіңіз, бірақ не туралы сөйлескеніңізді еріңізге айтпаңыз, бұл оны одан да қатты қызықтырады. Еріңіз үйде болғанда боянып, сұлу болып жүріңіз, еркек үшін ғана емес, өзіңіз үшін де бұл ерекше ритуал болсын. Ер адам сіздің өзгеріп жүргеніңізді байқаған сайын, сізге жақындай бастайды, оның табиғаты «аңшы, қасқыр», сондықтан сізді алшақтап жатыр деп ойлап, сізді аулауға шығады. Сізге бұл кезде «дефицит внимания» жасау керек. Еріңізбен өткізбен 10 минут уақыт максималды позитивті эмоцияда болсын, сол 10 минутта еріңізді қоздырып үлгеріңіз, бірақ 10 минуттан кейін аяқ асты жұмысыңыз пайда болғандай одан қашып кетіңіз. Дефицит көп болған сайын еріңіздің қалауы да артады, қолына оңай түспеңіз. Сізге бастысы шынымен қолы тимейтін әйелдің рөлінде болып, барынша позитиві нотада көз алдында жүру. Уақыт- қымбат құрал. Сондықтан да қаншама
отбасылар
көп
жылдар
бірге
тұрып,
уақытын
арнағандықтан, ажырасқысы келгенде бір шешімге келе
алмайды. Себебі олар уақытын жұмсады, ал уақыт
барығынан да қымбат. Уақытты сатып ала алмайсың, және
артқа қайтара алмайсың.
Бұл ресурсты ойыңызға түйгенде, менің ең маңызды
ережемді есте сақтаңыз: Ер адамнан ешқашан да уақыт
бөлуін талап етпеңіз, уақытын арнамағаны үшін
ренжімеңіз, уақытын жұмсамағаны үшін кіналамаңыз. Бұл
еркектің кінәсі емес, бұл адамның бейсанасының жұмысы.