Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
111
жеріне кірдік, қалағаным еш жерде жоқ. Әр қайссына
кірген сайын күйеуім «үһ,аһ» деп берді,
қабағы да
ашылмай қойды. Өз анасына обои іздесе, солай жынданбас
еді ғой, әлдее өз үйіне іздесе олай шаршамай, қырсықпай
іздер еді ғой деп іштей ойладым. Ойлап, тіпті, күйеуіме
дауыстап та айттым. Ал ол не деді? Ертең әкеңмен базарға
шыққанда мен көлікте отырып күтемін, өздерің жүре
беріңдер деді. Келесі күні де үйге керек-жарақ алу үшін
базарға апару керек еді, бірақ алатын зат көп және ауыр,
күйеуім көлікте отырса, тіптен әкеме қиын болады ғой деп
ойладым. Және, әрине, күйеуімнің қырсығып тұрғанына
ашуым келді. Ренжіп қалғым келді, егер ренжіп, тырысып
қалсам, күйеуім мені ренжіткеніне уайымдап, асты-үстіме
түсетін шығар деген ой келді. Бірақ күйеуімнің аузынан
«адамның істегенін бағалау керек қой»
деген сөздер
шығып кетті. Бұл сөздерді мен өзім де жиі айтып
тұратынмын, «адамның істегенін бағалау керек» деген өте
маңызды және проблеманы шешуші сөздер. Шынымен,
күйеуім ештеңеге міндетті емес қой. Бірден оған «Дұрыс
айтасың ,жан. Адам ұмытшақ қой,
жақсылығын ұмытып
кетеді, тек істемегенін көреді. Сіз ұйқыңыз келіп тұрса да,
ерте тұрып келдіңіз, қарныңыз ашса да, жүргіңіз келмесе
де менімен, менің көңілім үшін жүрсіз, ертең де
барахолкаға
апаруға
келістіңіз,
бірақ
келіспей
жұмысыңызға барсаңыз да болады ғой,
мен сізді
бағалауым керек, маған ренжімеңізші, ешкімнің күйеуім
сіз сияқты жұмысын тастап, әйелінің туыстарымен жүре
бермейді, рахмет сізге, жаным» деп құшақтадым. Расында,
бұл сөздерді айту маған қиын еді,
себебі алғыс айту өте
қиын жұмыс, бұл біздің нәпсімізден және алғыс алып, және
айтып үйренбегендіктен. Күйеуім осы сөздерден кейін не
дегенін білесіз бе? Қызарып, ұялып «бәсе, сүйтіп