Некеден кейін әйел бақыты


Ер адам сізге қамқор болуы үшін



Pdf көрінісі
бет67/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   173
Байланысты:
img 2 1691926925587

Ер адам сізге қамқор болуы үшін. 
Дұрыс мақтау технологиясы. 
 
Мақтап, алғыс айта білмегенше ,өтініп 
сұрау мүмкін емес. Яғни мақтап алғыс айта 
алмасаңыз, барлығы таза ауаға тең болады. 
Өтініп сұрау ешқандай нәтиже бермейді. 
Көп әйелдердің мынандай пікірлерін кездестіруге болады: 
«мен оны мақтаймын, жарайсың, сен сондай күштісің»,-
деп айтамын. Ал ол бәрібір сол қалпында,өзгермейді. 
Жақсы болып кетпейді немесе өтінішімді орындамайды 
дейді. Себебі біз мақтауды өтірік істейміз. Шынайы 
қуанып таң қала алмаймыз. Мақтағанда өтінішімді 
орындап берсе екен деген оймен мақтаймыз. Жасанды 
екені көрініп тұр. Сондықтан, еріңізден шынайы жақсы 
сипаттарды көріп, бақылап, және еріңізге тек өтініш 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
107 
айтатын кезде емес, кез-келген басқа уақыттарда айтып 
бастаңыз.
Ер адамды мақтағанда, оның ерлік сипаттарынан 
бөлек, іс әрекетін мақтап айтыңыз. 
Сонда бәрі шынайы болады. Мысалы, еріңіз шеге 
қақса, «еңбекқорым менің» деп айтпай, «шегені қалай тез 
қағып тастадың, басқалар қағамын дегенше, орнын 
табамын дегенше 1 сағатын өткізеді» дей аласыз. Немесе, 
еріңіз көлікті жақсы айдаса, сен жақсы айдайсың ғой деп 
қана емес, «сен көлікті өте мұқият және профессионалды 
айдайсың ғой, светофорда, парковкада тез шешім 
қабылдап, тез әрекет ете аласың, шашылып қалмайсың» 
деп айта аласыз. Мақтағанда нақты әрекетін сипаттасаңыз, 
бұл ер адам үшін өте шынайы, әрі жағымды сөздер бола 
алады. 
Мен бір техника жайлы айтайын.
Ер адам сөйлеп 
жатқанда, оған қарап тұрыңыз да 
үшбұрыш 
сызыңыз. 
Бірінші оң көзіне, екінші сол көзіне,сосын ерніне. Бұл 
техника үшбұрыш деп аталады. Осылай істеген кезде сіз 
күйеуіңіздің не айтып жатқаны, оның әңгімесі сізге 
өлердей қызық екенін көрсетеді. Еркекке бұл өте ұнайды. 
Солай қарап тұрғанда ойыңызда оны мақтаңыз: «жаным 
,айтып жатқан әңгімесінен өзінің, сондай қызық қылып 
айтады, көзі сондай әдемі» осылай іштей оған таңқалып 
тұрыңыз. Бұл сізге болашақта шынайы алғыс айтып, оны 
мақтауға көмектеседі.


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет