Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С



Pdf көрінісі
бет127/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   322
Байланысты:
Абайтану Қмж

 

«Үш қадам» 
1-
қадам. Өлеңді қарапайым өзіңіз түсінген 
тілмен жазып шығыңыз 
Дескриптор: 

Өлеңді мұқият оқиды 

Ұққанын мазмұндап жазады 
2-
қадам. Абай Құнанбаевтың он жетінші 
қарасөзін оқып, жүрек, ақыл, қайрат сөздеріне 
түсінік беріңіз 
Ақыл
Жүрек 
Қайрат
Дескриптор: 

Қарасөзді оқиды, ақыл сөзіне түсініктеме 
береді
 

Жүрек сөзіне түсінік береді
 

Қайрат сөзіне түсінік береді
 
3-
қадам. «Төрт сөйлем» бойынша қарасөз бен 
өлеңнен ұққаныңызды байланыстырып, 
өлеңнің негізгі идеясын талдаңыз 
Пікір
.Оқыған мәтін бойынша өз пікірінді бір 
сөйлеммен жаз. 
Дәлел.
Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.
Мысал
.Пікірінді өмірмен байланыстырып,мысал 
келтір. 
Қорытынды.
Тақырып бойынша қорытынды жаз. 
Дескриптор: 

Өлең мен қарасөзді байланыстырып жазады 

Талапқа сай жазады 
https://youtu.
be/PsfLSJnD
b9s
Абай 
(Ибраһим) 
Құнанбайұл
ы. 
Шығармалар
ының толық 
жинағы. 
Алматы: 
жазушы, 
2004 
(109 бет) 
Қ.Бітібаева 
«Абай 
шығармашы
лығын 
оқыту».
Сабақтың соңы 
 
 
 
Абай тілінің сөздігі 
Әуелде
Басында, әдепкіде
Зерек
Алғыр, зейінді, ұғымтал 
Тоқтаулы 
(Тоқтаулылық) 
Әр нәрсеге ақыл-
парасатпен қарайтын, 
байыпты, салиқалы
Қазақ тілінің 
түсіндірме 
сөздігі 


155 
Толық
Кем емес, түгел, тұтас. 2. 
Толы, толған. ІІ 1. 
Үстемелеп қосылу, олая 
түсу. 2. Ет алу, семіру. 
Жарытып 
(жарытпайды) 
Ұқсатып, мандытып. Бұл 
жерде етістік болымсыз 
түрде, ІІІ жақта 
қолданылған. 
Ұста 
І 1. Темірден, ағаштан 
неше түрлі бұйым жасап 
шығаратын шебер адам. 
2. Ауысп. Өнерлі, 
майталман, тілмар. ІІ 1. 
Бір нәрсені қолмен 
қармап тұту. 2. Бір затты 
бір жерге тұту, құру. 3. 
Бір затты қажетке жарату, 
кәдеге асыру, пайдалану.
Жарымес
Есуас, есерсоқ, есалаң.
Әлек
1. Әбігер, әуре. 2. 
Сергелдең, дүрбелең, 
әуре-сарсаң.
Рефлексия «Қоржын»
Сабақ барысындағы іс-әрекетіңізді 
талдап, қоржынға жазып салыңыз 
Қоржын 
ҚОСЫМША
«
Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» 
Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек,
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.
Тоқтаулылық, қалыпты, шыдамдылық,
Бұл – қайраттан шығады, білсең керек. 
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.
Жеке-жеке біреуі жарытпайды,
Жол да жоқ жарыместі жақсы демек. 
Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,
Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек.
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек. 
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармаларының толық жинағы.
Екінші том. Алматы: жазушы, 2002 ж. 


156 
ҚОСЫМША
 
«Әуелде бір суық мұз ақыл зерек...»
Абайдың 1889 ж. жазған өлеңі. 
Әрқайсысы 4 тармақты 3 шумақтан тұрады. Адамгершілік жайындағы 
философиялық ой толғауға негізделген. Онда ақын шын мәнінде жақсы адам болу 
үшін ақыл, қайрат, жүрек үшеуін тең ұстау керек. Бұл жерде жүрек - қағілез, сергек 
сезімді, ал қайрат - байсалды сабырлылық пен табанды төзімділікті тудыратын 
қасиет. Егер адам бойында осы үш ерекшелік табиғи тұтастық тапса, нағыз мінсіз 
мінез сонда ғана қалыптаспақ дегенді айтады.
 
«Біреуінің күні жоқ біреуінсіз, 
ғылым сол үшеуінің жөнін білмек»
деп қорытады. Өлең 11 буыңды. 1-шумағы қара 
өлең үлгісімен өрнектелген де, кейінгі 2 шумағының 2-жолдары шұбыртпалы ұйқас 
түрінде тізбектеліп отырады. Түпнұсқасы Мүрсейіт қолжазбаларынан алынып, 
алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық керген 
«Қазақ ақыны Ибраһим 
Құнанбайұғылының өлеңі» 
атты жинақта жарияланды. 1909, 1939, 1945 жылғы 
басылымдарда жеке ажыратылмай, 
«Ғашықтық, құмарлық пен ол екі жол»
атты 
өлеңмен бірге, бір туынды ретінде берілген. Өлең ағылшын, қарақалпақ, қырғыз, 
орыс, өзбек, тәжік, түрікмен тілдеріне аударылған.
Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының»
Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы,
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет