Абай мұрагер. Абай ел ішіндегі жер, жесір дауының куәсі, жаңа мен ескі
дәстүрдің тартысын көрді.Романнан әке мен бала арасындағы тартысты көреміз.
Абайдың жасы он үшке келгенде әкесі Құнанбай оқуын бітіртпей ,асығыс ауылға
шақыртып алды.Құнанбай Абайды өзге балаларының ішінен әзірге өзіне көмекші,
кейін ізбасар мұрагер ретінде, әрі ел басқару ісіне араластырып, даярлады. Абай
Сүйіндік пен Бөжей сынды ел басшыларына алуан түрлі әке тапсырмасын жеткізіп,
артығымен орындайды,жақсы атаққа ие болады.
Жұт. Жұт жұтамын, жалмаймын деп келді.Байға да, кедейге де қаһарын шаша
келді. Осы кезде Абай үлкен ерлікке барады,жұтқа ұшыраған елді аман алып
қалуға тырысады.Кедейлердің малдарын Құнанбайдың үш қорығына қаптатып
жібереді. Сол жұттан бүкіл халықты аман сақтап қалуға Абай белсене, білегін
сыбана кіріседі.Әкесінің айтқан сәлеміне де қараған жоқ. Осыдан Абайдың
кедейлерге жаны ашып, адамгершілікті биік ұстаған гуманист, қайсар екенін
көреміз. Тағы қандай оқиға үстінде байқалады?
Бөжей асы. Аманатқа қалдырылған Құнанбайдың тоқалы Айғыздан туған Кәмшаттың
аянышты тағдыры, Бөжей мен Құнанбай арасындағы жауластықты одан сайын
өршітіп жібереді.Арада біраз уақыт өткеннен кейінгі Бөжейдің өлімі.Бөжейдің
қайтыс болғанын Құнанбай ауылына естіртпейді, хабар айтқызбайды.Құнанбай
болса бүкіл Тобықты руын уысында ұстап отырған шонжар, бұл бөлектеу, елемеу
оның намысына тиеді.
Абай Бөжей асына жақсы даярланып, Найман елінен келгендер мен Бөжейдің
нағашы жұртын жақсы күтеді.Осы асқа даярлықты Абайдың өзі басшы болып,неше
күн ұйқысыз демалыссыз атқарады. Асқа әкелінген тағамның мол, асып төгіп
берілуі, сонымен қатар асқа келген қонақтарды күтуіне ешқандай мін таға алмаған
жұрт Абайдың азаматтығын көреді.Ертеңінде ұйқыдан оянған Абайды бүкіл жұрт
таниды.
Күні : Мұғалім: