Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С



Pdf көрінісі
бет207/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   322
Байланысты:
Абайтану Қмж

ҚИЯДА (ІІ бөлім) 
Көктемнің ескегі соға бастасымен жұрт жазғытұры жайлауларына көше 
бастады. Көші-қон кезінде Зере қатты сырқаттанады. Бір-екі күнде тынысы 
тарылып, қозғала алмайтын болып қалады. Бір күні таңсәріде Зере көзін ашып, 
Ұлжан мен Абайға соңғы сөздерін айтады да, әжім басқан көздерін мәңгілікке 
жұмады. Күн шығысымен хабар шартарапқа тарап, ағайын тегіс жиналады. Абай 
түңіліп, ешкіммен сөйлескісі келмей, қайғыға батып кеткен болатын. Қырқына 
шейін әжесінің рухына арнап Құран аударып жүреді. Ұлжан Абайдың қатты ойға 
түскенін байқап, Ерболмен бірге ел аралап қайтуын сұрайды. Сүйіндіктің Асылбегі 
Абайды қонаққа шақырыпты. Олар солай қарай бет алысты. Біраз күн ол жерде 
қонақ болып, Қадырбай ауылына Қарашаш және бір топ жастармен барады. 
Сұрастыққа тек мамырдың жұтын сұрайды. Қызық ойын-сауықтар болады. Осы екі 


254 
жеті ішінде Абайдың бетіне күлкі жүгіргендей болып, Тобықты жайлауына сергіп 
қайтады.
ҚИЯДА (ІІІ бөлім) 
Биылғы жайлауға таласып жатқан ешкім жоқ. Бәрінің малы аз. Жұрт күземге 
қарай бет алғанда Ырсай, Жақып, Майбасар, Құнанбай ішінен жиырмадай ат 
жоғалады. Жоқшылар ұрының ізін таба алмады. Көп өтпей Керейден де жылқы 
жоғалады. Ұрының ордасы Жігітектің Қаумен ауылы болып шықты. Оны алғаш 
Базаралы таңсәріде ұйқысы қашып, сыртта жүргенде бейтаныс аттарды алып 
келген өз ағасы Балағаз және қасындағылар Абылғазы мен Әділхан екенін 
байқады. Базаралы ызаға булығып, жағдайды әкесі Қауменге айтады. Қаумен 
Балағазды қасына шақырады. Базаралы шыдай алмай, өз ағасымен жағаласып 
кетеді. Қаумен оларды тоқтатып, Балағазға көшуін бұйырады. Құнанбай: «Жаңа 
кесілген ет қайда болса, ұры да сол жақта», – деп, әр елге сыр бермейтін шал мен 
кемпірлерді жібереді. Көп өтпей Абылғазының үйінен еттің иісі шығады. Кейіннен 
ол жігіттер көрінбей кетіп, тау ішін паналайды. Ұрылардың істері ел ішіне 
жайылып, енді барлық салмақ олардың ауылдары Қарашанікіне және Қаумендікіне 
түседі. Осы тұста жаңа заң шығады. Енді Тобықтыны старшын емес, үш болыс 
болып билейтін болыпты. Құнанбай сайлау алдында ұрылардың тоқтатуға шешім 
қабылдайды. Бірақ Балағаздар мал алуды тоқтатпады. Құнанбайдың шақыруына да 
көнбеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет