Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С



Pdf көрінісі
бет209/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   322
Байланысты:
Абайтану Қмж

ҚИЯДА (V бөлім) 
«Ұры болса да ағайын ғой», – деп Абай мен Ербол Балағаздарды ақтауға 
қалаға жөнеледі. Олар өз атына арыз тастап, адвокат та жалдады. Адвокат өзі 
Петерборда оқыған Ақбас деген кісі. Екеуінің сөзі келісіп, жақсы жақын болады. 
Бұл әрекеттері Байдалы, Базаралыларды құтқарғанымен, Балғаздарды құтқармады. 
Оларды Үркітке жер аударатын болады. Соттың ісі аяқталып, Абай Ақбаспен 
қоштасады. Сонда Ақбас: «Сен әлі де оқу оқимын десең, мен көмектесемін. Білім 
жарығына ұмтыл», – дейді. Осыдан кейін Абай риза болып, Жидебайға қайтады. 
Осы жазда оның үшінші ұлы Әбдірахман туылған еді. Абайдың әкелік мейірімі 
енді ғана туа бастаған. Бірақ, ол көп бөгелмей, пұл қамдап, қайтадан қалаға 
жөнеледі.
Абай Ұлжанның айтуымен жолай әкесі Құнанбаймен тілдесе кетпек болып 
қайырылады.

Орайы келгенде айтармын деп жүр едім. Сенің басыңнан үш түрлі мін 
көремін. Соны тыңда! – деді. Абай: 

Айтыңыз, әке!-деп, Құнанбайдың жүзіне тура қарады да, тосып қалды. 

Ең әуелі, арзан мен қымбаттың парқын айырмайсың. Жайдақсың! Жайдақ 
суды ит те, құс та жалайды. Екінші, дос пен қасты сараптамайсың. Жұрт 
бастайтын адам ондай болмайды. Басыңа ел үйірілмейді. Үшіншісі-орысшылсың. 
Дін, мұсылман жат санайтынын ескермейсің! - деді. 
Бұл сөздердің түкпірін Абай оңай таныды. Жас жігіттің өз жүрегіндегі нәрім 
мен барым деп жүргендеріне шабуыл жасалып отыр. Бұл тұста әкесін аяп қала 
алмайды. Сөйлеп кетті: 

Осы үш айтқаныңыздың үшеуіне де дау айтам, әке. Ең әуелі жайдақ суға 
теңгердіңіз. Қолында құралы бар жалғыз-жарымға ғана пайдасы тиетін 
шыңыраудағы су болғанша, құралды-құралсыз, кәрі-жасқа түгел пайдасы тиетін 
жайдақ су болғанды артық санаймын. Екінші ел алатын тәсілді айттыңыз. Ел 
билейтіндердің мінезін айттыңыз. Жан ашыры бар, жақсылық пайдасы бар ғана кісі 
бағады. Үшінші, орысты айттыңыз. Халық үшін де, өзім үшін де дүниенің ең 
асылы – білім-өнер. Сол өнер орыста...-деді.
Құнанбай тыңдап болды да күрсініп қойды. Абай қоштасты да жүріп кетті. 
Бұл уақытта Абайдың жасы 24-ке шыққан-ды. Көз алдынан өзі шегіп өткен 
жылдардың бірталай күйлері шұбатылып өте берді. Бір шақта өрге басып, енді міне 
қияға қарай да өрлеп келе жатқан тәрізді. Осындай өз тірлігінің бұраң жолын көрді.
 
М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы, І том, Алматы: «Жазушы», 1989 ж. 
 
 
 


256 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет