Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С



Pdf көрінісі
бет216/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   322
Байланысты:
Абайтану Қмж

Сабақтың 
ортасы 
Аудиомәтін. Абайдың «Екінші қарасөзі»
Сөздік жұмысы. 
Бакалшік
– 
ұсақ саудагер
шаһари
– 
қала адамдары 
шақшы 
– 
лас
1-
тапсырма. «Түймедақ» әдісі 
Екінші қарасөздің мәнін ашу үшін түймедақтың 
жапырақшасына бір сөз жазып, түймедаққа 
жапсырып, қарасөзден дәлелдеме келтіріңіз.
2-
тапсырма.«Talklike» әдісі 
 
№ 
Қарасөздің
 
түйінді ойлары
 

 

 

 

 
Аудио 
Тақта 
Екінші
қарасөзі 


267 

 
Сабақтың соңы «Төрт сөйлем»
тәсілі арқылы мәліметтер 
жинақтай отырып, тақырып бойынша сызба-кесте 
толтырыңыз. 
1.Пікір
Оқыған үзінді бойынша 
өзіндік пікірін бір 
сөйлеммен жазады. 
 
2.Дәлел 
Өз пікірін бір сөйлеммен 
дәлелдейді.
 
3.Мысал
Пікірін өмірмен 
байланыстырып, мысал 
келтіреді. 
4.Қорытынды
Тақырып бойынша 
қорытынды шығарады. 
РЕФЛЕКСИЯ. «Қ.Қ.Қ» әдісі
Маған 
қызық 
болған екі 
нәрсе 
Маған 
қиын 
болған екі 
нәрсе 
Маған 
құнды 
болған екі 
нәрсе 
 
 
 
 
Қима қағаздар 
ҚОСЫМША 
Екінші қарасөз 
Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді «енеңді 
ұрайын, кең қолтық, шүлдіреген тәжік, Арқадан үй төбесіне саламын деп, қамыс 
артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде «әке-үке» десіп, шығып кетсе, қызын 
боқтасқан, «сарт-сұрт деген осы» деп. Ноғайды көрсе, оны да боқтап күлуші еді: 
«түйеден қорыққан ноғай, атқа мінсе - шаршап, жаяу жүрсе - демін алады, ноғай 
дегенше, ноқай десеңші, түкке ыңғайы келмейді, солдат ноғай, қашқын ноғай, 
башалшік ноғай» деп. Орысқа да күлуші еді: «ауылды көрсе шапқан, жаман сасыр 
бас орыс» деп.Орыс ойына келгенін қылады деген... не айтса соған нанады, «ұзын 
құлақты тауып бер депті» деп.Сонда мен ойлаушы едім: ей, құдай-ай, бізден басқа 
халықтың бәрі антұрған, жаман келеді екен, ең тәуір халық біз екенбіз деп, әлгі 
айтылмыш сөздерді бір үлкен қызық көріп, қуанып күлуші едім.Енді қарап тұрсам, 
сарттың екпеген егіні жоқ, шығармаған жемісі жоқ, саудагерінің жүрмеген жері 
жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ. Өзіменен өзі әуре болып, біріменен бірі ешбір 
шаһары жауласпайды! Орысқа қарамай тұрғанда қазақтың өлісінің ахиреттігін
тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды. Әке балаға қимайтұғын малыңды кірелеп сол 
айдап кетіп тұрды ғой. Орысқа қараған соң да, орыстың өнерлерін бізден олар көп 
үйреніп кетті. Үлкен байлар да, үлкен молдалар да, ептілік, қырмызылық, 
сыпайылық - бәрі соларда. Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке 
де шыдайды, қазаға да шыдайды, молда, медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды. 
Еңбек қылып, мал табудың да жөнін солар біледі, салтанат, әсем де соларда. Оның 
малдыларына, құзғын тамағымыз үшін, біріміз жалшы, біріміз қош алушымыз. 


268 
Біздің ең байымызды: «сәнің шақшы аяғың білән пышыратырға қойған идән түгіл, 
шық, сасық казақ», - деп үйінен қуып шығарады. Оның бәрі - бірін-бірі қуып қор 
болмай, шаруа қуып, өнер тауып, мал тауып, зор болғандық әсері. Орысқа айтар 
сөз де жоқ, біз құлы, күңі құрлы да жоқпыз. Бағанағы мақтан, бағанағы қуанған, 
күлген сөздеріміз қайда? 
 
Абай «Шығармаларының екі томдық толық жинағы»,
ІІ том, Алматы, «Жазушы» 2002 ж. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет