281
елде жоқ. Сатып алған, жалынып, бас ұрып алған болыстық пенен биліктің ешбір
қасиеті жоқ.
Мықтыны құрметтейін десең, жаманшылыққа елдің бәрі мықты, жақсылыққа
мықты кісі елде жоқ. Есті кісіні тауып құрметтейін десең, әділет, ұят, нысапқа есті
кісі елде жоқ. Қулық, сұмдық, арамдық, амалға елдің бәрі де есті. Ғаріп-қасар
бишараны құрметтейін десең, жатқан түйеге міне алмаса да, ол момындыққа есеп
емес. Егер мінерлік жайы болса, бірдемені ептеп ілерлік те жайы бар.
Енді қалды қу мен сұм, олар өзі де қуартпай, суалтпай тыныштық көрер емес.
Жә, кімді сүйдік, кімнің тілеуін тіледік? Өзі құрттанып шашылған болыс-
билер тұра тұрсын. Енді, әлбәттә, амал жоқ, момындығынан «Ырыс баққан дау
бақпас» деген мақалмен боламын деп, бергенінен жаға алмай, жарымын беріп,
жарымын тыныштығымен баға алмай, ұры, залым, қуларға жеміт болып жүрген
шын момын байларды аямасаң һәм соның тілеуін тілемесең болмайды. Сонан
басқаны таба алмадым.
Абай «Шығармаларының екі томдық толық жинағы»,
ІІ том, Алматы, «Жазушы» 2002 ж.
Күні :
Мұғалім:
Сынып: 7
Қатысқан оқушылар саны:
Достарыңызбен бөлісу: