Сабақтың ортасы
«Ақылдың алты қалпағы» әдісі.
Ақ телпек
–
Статистикалық (деректерді толассыз
келтіреді)
Абай мұралары жайлы не білеміз?
Сары телпек
–
Сәттілік (сәтті кезеңдерді айтады)
Абайды әлемге танытқан шығармалар?
Қара телпек
–
Сәтсіздік (Ақын өмірінің сәтсіз
тұстарын айтады)
Көк телпек
–
Аналитикалық (талдау жасайды)
Абай шығармаларының өзектілігі мен құндылығы?
Жасыл телпек
–
Шығармашылық (идеялар мен
болжамдар айтады). Абайдың 175 жылдығын атап
өтуге қандай шаралар ұйымдастырылып жатыр?
Қызыл телпек
–
Сезімтал ( ақын шығармаларын
оқу барысында қандай сезімге бөленесіңдер?)
РАФТ әдісі. (
Оқушылар ауызша не жазбаша
формада жауап береді)
Р - Абай
А - бүгінгі заманның жасөспірім балаларына
Ф - үндеу
Т - «Сәулең болса кеудеңде...»
Сабақтың соңы
Абай «Көзімнің қарасы» әні (
барлығы бірге
орындайды
)
Абай - барлық қазақ халқының мақтанышы ғана
емес, ар-ұяттың, ұлттық намысы. Абай шыққан биік,
Абай байлаған тұңғиық- қазақ халқының шыққан
шыңы, ой түбіне сүңгіген тереңі. Сондықтан,
Абайды оқымаған, сөзін көңіліне тоқымаған, тым
құрыса бір өлеңін жатқа білмейтін оқушылар
болмауға тиіс. Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы
кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезов
«Мен Абайдың
тереңінен шөміштеп қана іштім»
деген екен. Ал,
біз, Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек сол
тереңнен дәмін ғана таттық ғой деп ойлаймын. Сол
себептен оқудан, білуден, ұмтылушылықтан,
ізденуден жалықпайық. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев:
«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге
танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан
біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деген екен.
Ендеше,
Достарыңызбен бөлісу: |