Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С



Pdf көрінісі
бет277/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   322
Байланысты:
Абайтану Қмж

Отыз
алтыншы
қара сөзі 
Сабақтың 
ортасы 
25 
мин 
 
 
 
 
 
 
С.
Оқушылар сыныпта Абайдың «Отыз алтыншы», 
«Қырық төртінші» қарасөздерін аудиодан мұқият 
тыңдайды. 
Ж.
Сұрақтар: 
1. Қарасөзінің ерекшелігі неде?
2. Қарасөзіндегі афоризмдерге қатысты қандай ой 
түйдік? 
3. Мұндағы айтылған ойдың бәрімен келісесіңдер ме? 
ТЖ
.
Топтарға тапсырмалар жазылған қағаздар 
таратылады.
1-
топ
Қарасөзіндегі сабақ аларлық ойлар мен 
тұжырымдарды топтастырыңдар. 
2- 
топ
Отыз жетінші қарасөзіндегі Абай көтерген 
мәселелердің өмір шындығымен байланысын «Попс 
формуласы»
 
арқылы дәлелдеу. 
1-
сөйлем. Менің ойымша,... 
2-
сөйлем. Мен оны былай түсінемін... 
3-
сөйлем. Мен оған мынадай деректер, мысалдар 
келтіре аламын... 
4-
сөйлем. Мен мынадай қорытынды шешімге 
келдім...
 
3- 
топ
«Екі жақты түсініктеме күнделігі»
Қарасөзіндегі афоризмдерінде қандай адами 
құндылықтар айтылады және ақынның тұлғалық 
болмысы қалай танылады? 
Отыз алтыншы, қырық 
төртінші қарасөзіндегі 
афоризмдер 
Адами құндылықтар 
мен ақынның 
тұлғалық болмысы 
 
 
Аудио. Абайдың 
Отыз жетінші 
қарасөзі 
Тапсырмалар 
жазылған парақтар 
А4 парақтары 
Маркер 


334 
ҚОСЫМША 
Отыз алтыншы қарасөз 
Пайғамбарымыз салаллаһу ғалайһи уәссәлләмнің хадис шарифінде айтыпты: 
«мән лә хаяһүн уәлә иманун ләһу» деп, яғни кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да 
жоқ деген. Біздің қазақтың өзінің мақалы да бар: «ұят кімде болса, иман сонда» 
деген. Енді бұл сөзден білінді: ұят өзі иманның бір мүшесі екен. Олай болғанда 
білмек керек, ұят өзі қандай нәрсе? Бір ұят бар - надандықтың ұяты, жас бала сөз 
айтудан ұялған секілді, жақсы адамның алдына жазықсыз-ақ әншейін барып 
жолығысудан ұялған секілді. Не шариғатқа теріс, не ақылға теріс жазығы жоқ 
болса да, надандықтан бойын керістендіріп, шешілмегендік қылып, ұялмас 
нәрседен ұялған мұндай ұят шын ұялу емес - ақымақтық, жамандық. 
Шын ұят сондай нәрсе, шариғатқа теріс, я ақылға теріс, я абиұрлы бойға 
теріс бір іс себепті болады. Мұндай ұят екі түрлі болады. Біреуі-ондай қылық 
өзіңнен шықпай - ақ, бір бөтен адамнан шыққанын көргенде, сен ұялып кетесің. 
Мұның себебі сол ұят істі қылған адамды есіркегендіктен болады. «Япырым-ай, 
мына байғұсқа не болады, енді мұның өзі не болады» дегендей, бір нәрсе іштен 
рахым секілді болып келіп, өзіңді қысып, қызартып кетеді. Біреуі сондай ұят, 
шариғатқа теріс, я ақылға, я абиұрлы бойға теріс, я адамшылыққа кесел қылық, 
қатеден яки нәпсіге еріп ғапылдықтан өз бойыңнан шыққандығынан болады. 
Мұндай ұят қылық қылғандығыңды бөтен кісі білмесе де, өз ақылың, өз нысабың 
өзіңді сөккен соң, іштен ұят келіп, өзіңе жаза тарттырады. 
Кірерге жер таба алмай, кісі бетіне қарай алмай, бір түрлі қысымға түсесің. 
Мұндай ұяты күшті адамдар ұйқыдан, тамақтан қалатұғыны да бар, хатта өзін - өзі 
өлтіретұғын кісілер де болады. Ұят деген - адамның өз бойындағы адамшылығы, 
иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіс қылған қысымның аты. Ол уақытта тілге 
сөз де түспейді, көңілге ой да түспейді. Көзіңнің жасын, мұрныңның суын сүртіп 
алуға да қолың тимейді, бір ит боласың. Көзің кісі бетіне қарамақ түгіл, ешнәрсені 
көрмейді. Мұндайлыққа жетіп ұялған адамға өкпесі бар кісі кешпесе, яки оның 
үстіне тағы аямай өртендіріп сөз айтқан кісінің өзінің де адамшылығы жоқ десе 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет