Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С



Pdf көрінісі
бет282/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   322
Байланысты:
Абайтану Қмж

«Төрт сөйлем» тәсілі 
І. Пікір 
Танысқан шығармалар бойынша өзіндік пікіріңізді 
бір сөйлеммен жазыңыз 
ІІ. Дәлел 
Өз пікіріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіз 
ІІІ. Мысал 
Пікіріңізді өмірмен байланыстырып, мысал 
келтіріңіз 
ІV.Қорытынды 
Өз пікіріңізді пысықтап, қорытынды шешім 
жазыңыз 
Сабақтың 
соңы 
5 минут 
Рефлексия 
«Табыс сатысы» әдісінде сатының суреті беріледі. 
1-
ші баспалдағы Мен............. БІЛЕМІН, 
2-
ші баспалдағы Мен ............ ТҮСІНЕМІН, 
3-
ші баспалдағы Мен ............... ЖАСАЙ 
АЛАМЫН.
 
 
ҚОСЫМША 
Абайдың толық адам туралы ілімі 
Абайдағы толық адам туралы ойдың о бастағы төркіні «Ғылым таппай 
мақтанба» (1886) өлеңінен бастау алып, жыл өткен сайын қоюлана, күрделене 
түсетіні бар. Гуманист атаулы ғалымдардың бәрі де бұл дүниедегі асылдың асылы, 
ең бағалысы адам деп қарайды. Сол адамның бойындағы қалыптасатын мінез-
құлықтың ең басты сипаты неден тұрмақ деген сұраққа әр заман ойшылдары өзі 
жасаған заман талабына орай жауап беруге ұмтылған. Бұған исламият әлемінде
әсіресе, Түркістан өлкесінде бұл өзекті мәселеге Әл-Фараби бастаған XI ғасырдағы 
Жүсіп Қас Хаджиб, XII-XIII ғасырлардағы Ясауи, Ш.Табризи (Тарази), Ж.Руми 
жалғастырған жәуанмәртлік, хал ілімі, камили инсани жайындағы ой-толғаныстары 
танымдары өз үлестерін қосып жатты. Ал XIX ғасырдың екінші жартысында Абай 
бұл мәселеге айрықша назар аударып, өзіне дейінгі ойшылдар дәстүрін 
жалғастырып дамытып, толық адам туралы ілімнің негізін салса, XX ғасыр 
басында өз шәкірті Шәкәрім ар ғылым арқылы жалғастыра дамытты.
Адам болу туралы ой танымын «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде көп 
нәрсенің төркінінен хабар беруі себепті М.Әуезов ол өлеңді «Абайдың, әсіресе, көп 
ой қорытып айтқан мағыналы және програмдық бір өлеңі», - деп ерекше мән бере 


340 
бағалауында үлкен сыр жатыр.
Абайдың: 
«Бес нәрседен қашық бол, 
Бес нәрсеге асық бол, 
Адам болам десеңіз», - деп адам бойындағы мінез-құлқындағы қарама-қарсы 
ұғымдардың сырын 7-қарасөзінде айтылатын «жанның тамағы» дейтін пәлсапалық 
мағынасы бар ұғыммен салыстыра отырып сырын ашсақ, көп мәселенің тамырын 
дөп басамыз.
Осы өлеңде ерекше мән бере аталатын Шығыстың озық ойлы Ғұламаһи 
Дауанидің (XV ғ.) атақты шәкірті Жүсіп Қарабағи (XVIII ғ.) «Рисаласында» 
«жанның азығы» деген ұғымды еске (память) байланысты қарап талдайтыны бар. 
Автор «жанның азығы» (духовная пища) деген ұғымды екіге бөліп: бірінші 
жанның пайдалы азығы (шын сенім, жомарттық, ғылыми түсінік) екіншісі - 
жанның зиянды азығы (күншілдік, жалған сенім) деп атайды. 
Абай танымындағы «жанның тамағы» да жан қуаты арқылы біртіндеп 
қорланатын рухани байлықты меңзейді. Өйткені, Абай: «...Құмарланып жиған 
қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді», - деп көрсетуі арқылы 
әрбір талапкер жас өзінің дүниетанымының қалыптасу жолында жанның пайдалы 
тамағымен сусындауға саналы түрде бет бұрса ғана толық адам жолына түсе алмақ, 
болмаса жоқ. 
Ақынның «Бес нәрседен қашық бол» деп таңбалап отырғаны адамды 
аздыратын жанның зиянды тамақтары болып шығады. Адам болу туралы ойлар
әсіресе, ақынның қарасөздерінде молырақ таратылған. Ондағы «адам болу, адам, 
жарым адам, толық адам, адамның адамдығы, адамшылық, адамшылығының 
кәмалаттығы, пенделіктің кәмалаттығы, инсанияттың кәмаләттығы т. б. терминдік 
мәні бар сөздердің бәрі де толық адам жайлы пікірлерімен сабақтасып жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет