340
бағалауында үлкен сыр жатыр.
Абайдың:
«Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз», - деп адам бойындағы мінез-құлқындағы қарама-қарсы
ұғымдардың сырын 7-қарасөзінде айтылатын «жанның тамағы» дейтін пәлсапалық
мағынасы бар ұғыммен салыстыра отырып сырын ашсақ, көп мәселенің тамырын
дөп басамыз.
Осы өлеңде ерекше мән бере аталатын Шығыстың озық ойлы Ғұламаһи
Дауанидің (XV ғ.) атақты шәкірті Жүсіп Қарабағи (XVIII ғ.) «Рисаласында»
«жанның азығы» деген ұғымды еске (память) байланысты қарап талдайтыны бар.
Автор «жанның азығы» (духовная пища) деген ұғымды екіге бөліп: бірінші
жанның пайдалы азығы (шын сенім, жомарттық, ғылыми түсінік)
екіншісі -
жанның зиянды азығы (күншілдік, жалған сенім) деп атайды.
Абай танымындағы «жанның тамағы» да жан қуаты арқылы біртіндеп
қорланатын рухани байлықты меңзейді. Өйткені, Абай: «...Құмарланып жиған
қазынамызды
көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді», - деп көрсетуі арқылы
әрбір талапкер жас өзінің дүниетанымының қалыптасу жолында жанның пайдалы
тамағымен сусындауға саналы түрде бет бұрса ғана толық адам жолына түсе алмақ,
болмаса жоқ.
Ақынның «Бес нәрседен қашық бол» деп таңбалап отырғаны адамды
аздыратын жанның зиянды тамақтары болып шығады.
Адам болу туралы ойлар,
әсіресе, ақынның қарасөздерінде молырақ таратылған. Ондағы «адам болу, адам,
жарым адам, толық адам, адамның адамдығы,
адамшылық, адамшылығының
кәмалаттығы, пенделіктің кәмалаттығы, инсанияттың кәмаләттығы т. б. терминдік
мәні бар сөздердің бәрі де толық адам жайлы пікірлерімен сабақтасып жатады.
Достарыңызбен бөлісу: