349
ҚОСЫМША
ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВ (05.01.1916–30.06.2004)-
ғалым, абайтануды
ғылыми негіздеуші, шәкәрімтанудың негізін қалаушы, текстолог, Семейде Абай
мұражайын ұйымдастырушы, ұстаз, ақын, жазушы, драматург, әдеби аудармашы,
қоғам қайраткері.
Қазақ ССР Гимнінің авторы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі,
Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының, Жазушылар одағы сыйлығының,
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Халықаралық Абай
академиясының (Лондон) Алтын медалінің иегері, профессор, КСРО және
Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі; Семей, Аягөз қаласының, Жаңасемей, Абай
аудандарының Құрметті азаматы; 1000-ден аса ғылыми еңбектің авторы.
Абайтану-Әуезовтану-Шәкәрімтану-Қайымтану-бұл
өзара
логикалық
байланыстағы және қалыптасудың күрделі жолының, күрес пен мәдениетті
қорғаудың, ғылым мен халық рухының бір-біріне өзара тәуелді үрдісінің тарихи
ақиқаты. Бұл – халықтың бірегей мәдени кеңістігі.
Абайдың ғана емес, әлеуметтік пікірде аты шыққан барлық адамның да
еңбектерінен үлгі алатындар, жолын тұтынатындар әр дәуірде бола береді. Енді
«Абай шәкірттері» аталып жүрген адамдардың өздерімен және шығармаларымен
танысайық. Аталған тізімдегі адамдардың ішінен үш кісінің шығармаларын
талдауды орынсыз көрдік.
Бірінші-Шәкәрім Құдайбердин. Бұл адам Революцияға дейін діншілдік-
ұлтшылдық бағытта жазған адам. 1917 жылы революцияға қарсы ұйымдасқан
«Алашорда» партиясының Семейдегі облыстық съезін «Алаш ақсақалы» боп ашқан
адам, революцияға қарсы бағыттағы «Абай» журналы мен «Сарыарқа» газетіне
Октябрь революциясына қарсы мақалалар жазған адам; 1929 жылы бай-кулактарды
бастап, Шыңғыстау ауданында Совет өкіметіне қарсы құралды көтеріліс жасап,
жазықсыз талай адамды өлтіріп, өзі атыста оққа ұшқан адам. Бұндай бандитті, ол
атылып өлгеннен кейін де, Мұхтар Әуезов жолдастың 1934 жылы да, 1940 жылы да
«Абай шәкірттерінің» тізіміне қосып мақтауы ойға сыймады. Әуезов жолдастың,
Шәкәрім бандит боп өлгеннен кейін де, оған мейірімді көзбен қарауы, ең жеңіл
тілмен айтқанда - ұят... Бұндай бандиттің шығармаларын біз талқылап жатпаймыз.
Екінші-Тұрағұл. Жақсы көретіндердің еркелетіп қойған аты-Тұраш. Абайдан
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай
қорытынды шешімге келдім...»
Достарыңызбен бөлісу: