Сабақтың тақырыбы С.Назарбекұлы «Абай кесенесі»
Сабақтың мақсаты Шыңғыстау өңіріндегі «Абай-Шәкәрім» мұнаралары мен
«Омархан-Нұржамал» кесенесінің, Тобықты Тоқтамыс батыр,
Мамай батар, Кеңгірбай би, Көкбай ақын күмбездерінің, Ділдә,
Әйгерім, Ақылбай сағаналарының авторы сәулетші-қаламгер
С.Назарбекұлы туралы түсінік беру
Құндылықтарға баулу «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының 6-құндылығы «Тарихтың,
мәдениет пен тілдің біртұтастығы» ішінара жүзеге асырылады.
Алдыңғы оқу «Абай жолы» роман-эпопеясы «Жұтта» тарауы
Жоспар Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
Ресурс
тар
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі:
1.Сыныпты 2 топқа бөлу
2
. «Ой қозғау» әдісі -
«Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени
және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы туралы не
білесіңдер?
-
Қорық-мұражайға саяхаттап бардыңдар ма? Қандай әсер
алдыңдар?
Сабақтың ортасы І.«Жұппен оқу – жұпта талдап қорыту» әдісі Сәулетші-қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген
қайраткері Сайын Назарбекұлы туралы мәтін таратылады.
Мақсаты: негізгі ойды табу, оқығанын тезис түрінде
талдап қорыту, проблемалық сұрақтар қою дағдыларын
қалыптастыру.
1.Мәтінді іштеріңнен оқыңдар.
2.Әрбір білім алушы екі рөлді орындаңдар: баяндамашы –
бір тезис түрінде мазмұнын қорытындылаңдар және
оқыңдар; респондент – баяндамашыны тыңда және мәтін
бойынша маңызды деп есептейтін екі сұрақ қой.
ІІ.Ж. 1) Мәтінге сүйене отырып,
көрсетілген белгілерді қою
арқылы кестені толтырыңдар.
«V» білемін,
маған таныс
ақпарат
«+-»
мен үшін жаңа
ақпарат
«--»
мен үшін
түсініксіз
ақпарат
«?-»
Мені
таңғалдырды
2) Мәтіннен Сайын Назарбекұлы туралы қазақ
қаламгерлері айтқан пікірлерді теріп жазыңдар.
ІІІ.Т.Ж. Топта https://www.inform.kz/kz/zhidebay-borili-
ulylar-zhatkan-kasietti-zher_a3249709
сілтемесі арқылы
Ұлылар жатқан қасиетті жер туралы оқып, танысыңдар.
1)Ақпаратқа сүйене отырып, кесте толтырыңдар.