Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С



Pdf көрінісі
бет33/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   322
Байланысты:
Абайтану Қмж

2-
тапсырма «Ой толғау»
Сұрақтар: Ал, енді.ойланайық.


41 
1. Қалай ойлайсындар, қазақтың көрнекті 
ақындарының барлығы неге Крыловқа жүгінген ? Не 
мақсатпен? 
2. Крыловты ең шебер аударушы деп кімді айтар 
едің? (Пікіріңді қорға) 
3. Егер ақын болсаң, Крыловты аударар ма едің? 
4. 
Крыловтың мысалдарында сыналған кемшіліктер 
казіргі қоғамда бар ма? 
3 - 
тапсырма Ж. «Төрт сөйлем» әдісі 
Зерттеу еңбегіне сүйене отырып, Абай Құнанбайұлы ж
дәлелдеп, мысал келтіріп, қорытынды жазыңыз. 
1. Пікір. Өз пікіріңізді жазыңыз
2. Дәлел. Өз ойыңызды аргументпен дәлелдеңіз.
3. Мысал. Мысал келтіріңіз. 
4. Қорытынды. Өзіндік қорытынды шығарыңыз.
Дескриптор

o
Өз пікірін жазады
o
Өз ойын аргументпен дәлелдейді
o
Мысал келтіреді. 
o
Өзіндік қорытынды шығарады. 
 
Сабақтың соңы 
 
«Аяқталмаған сөйлем» әдісі 
«Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер 
жапсыру арқылы орындалады. Оқушылар айтылған 
ойды жалғастырады. 
-
Бүгінгі сабақта мен ... түсіндім, ... білдім, ... 
көзімді жеткіздім. 
-
Маған ерекше әсер еткені ... 
-
Қызықты болғаны ... 
-
Қиындық тудырды ... 
-
Менің түсінгенім ...
ҚОСЫМША 
 
Есек пен бұлбұл (И.А. Крыловтан)
Тойған есек шөпті оттап маңайдағы
Сонырқап шатқа кетті қай-қайдағы.
Тентіреп өлкені өрлеп келе жатып,
Жолықты бір бұлбұлға тоғайдағы.
Сенбісің ақын бұлбұл, жаңа көрдім,
Атыңа жұрт мақтаған құмар едім.
Бір сайрап берсең, қалқам, өзім естіп,
Рас па екен жұрттың сөзі, сынар едім.
Өнерге салды бұлбұл сонда аңыратып,
Шыңғыртып, шымырлатып, сорғалатып,
Мың түрлі күйге салып толқынтады,


42 
Маңайда жан біткенді таңырқатып.
Қой жатыр, қойшы тыңдап тұрды елбіреп,
Көзіне қып-қызыл боп жас мөлдіреп. 
Жел соқпай, құс шуламай, бәрі жым-жырт,
Әнге көңіл жіберіп тұрды елжіреп.
Бұлбұл болды, тосып тұр есек сөзін,
Есек жерге қаратып екі көзін:
«
Іш пыспай-ақ тыңдарлық бар екенсің,
Әттегене-ай, білмепсің әтешті өзің!
Екенсің ән салуға сен-дағы епті,
Сен біраз әтеш әнін үйрен!»- депті.
Бұл сықылды сыншының сөзін естіп,
Көз көрмеске бұлбұл да ұшып кетті.
Демеймін жұрт мақтасын,
Я жақсын, я жақпасын.
Сүйтсе де мұндай сыншыдан
Құдайым бізді сақтасын.
«Абай» шығармаларының екі томдық толық жинағы, ІІ том, 
 
Алматы «Жазушы», 2002 жыл (34 бет) 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет