46
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
«Көңіл толқыны» күйін тыңдату.
Мен бүгін өзіме жақсылық тілеймін
Мен бүгін саған жақсылық тілеймін
Мен бүгін бәріне жақсылық тілеймін / топта үлкен
шеңбер құрып тұрады/
Сабақтың
ортасы
1-
тапсырма Еркін ойлау: «Айтарым бар»
«Бесіктегі бөбек» өлеңін оқып, өлеңнің мазмұны
бойынша көңілдеріне ұялаған, өз көзқарастарын
ашық, еркін айтып, өзара пікір алмасыңыздар.
2-
тапсырма «Қабырға газеті»
1-
қадам. «Бесіктегі бөбек» өлеңі беріледі. Түрлі-
түсті қағаздардан өздеріне ұнағанын таңдап, әртүрлі
кескіндер қиып алып (үшбұрыш, төртбұрыш,
шеңбер, т.б.), жанр таңдап (өлең, құттықтау, әңгіме,
аңыз, ертегі т.б.), берілген өлеңді қайта өңдеп,
сезімдерімен, креативті етіп жазыңыздар;
2-
қадам. Қабырға газеті бөлме қабырғасына ілінеді;
3-
қадам. Қабырға газетіне саяхат: мұғалім белгі
берісімен топтар қабырға газеттерін қарайды,
оқиды, сараптайды және жапсырма қағазға пікірін
немесе сұрағын жазып кетеді.
4-
қадам. Саяхат аяқталған соң, топ мүшелері өз
қабырға газеттеріне жазылған сыныптастарының
пікірін сараптап, талқылайды, сұрақтарға жауап
береді және қорытынды жасайды.
Дескриптор
-
Өлеңді қайта өңдей біліп, креативті жазады.
-
Өлеңді қайта өңдейді;
-
Өз ойын көркем тілмен жеткізеді
Достарыңызбен бөлісу: