Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С



Pdf көрінісі
бет53/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   322
Байланысты:
Абайтану Қмж

Дескриптор
1.Мәтіннен маңызды бөліктерді табады 
Оның маңыздылығын талдайды 
Байланыстырушы 
Мәтін мен шынайы өмір 
арасындағы 2 немесе 3 байланысты 
анықта. Бұл оқиғаларға өзінің
жеке өмірінен, мектепте болып жатқан іс-
шаралардан, басқа адамдар өмірінен
күнделікті жаңалық тақырыптарынан немесе 
тіпті теледидар бағдарламаларынан алынған 
оқиғалармен де байланыстыр.
Тілші. Өлең мәтінідегі басқа тілден енген 
сөздердің мағынасын табыңыз 
Дескриптор: 
1.Орыс тіліндегі сөздерді табады 
2. сөздердің мағынасын дұрыс табады 
Абай 
(Ибраһим) 
Құнанбайұл
ы. 
Шығармала
рының 
толық 
жинағы. 
Алматы: 
жазушы, 
2004 
Қазақ-орыс 
тілінің 
аударма 
сөздігі 


64 
Қорытындылаушы 
Мәтіннің мазмұнын 
қорытындылаңыз.Шығарманың 
негізгі тақырыбын ашады. Автордың 
позициясын анықтаңыз
Дескриптор: 
1.Өлең тақырыбын табады 
2.Автор көзқарасын табады 
Суреттеуші 
Мәтінге қатысты нақты немесе абстрактілі 
сурет салыңыз. Сурет салу қабілеті бұл 
жерде басты емес; мәтіннің басты оқиғасын 
немесе кейіпкерін суреттеп жеткізіңіз 
(Мультфильм бейнелерін, диаграмма 
сызбанұсқа, кесте арқылы беруге де болады. 
Қойылатын талап: салған суреттері арқылы
мәтін мазмұнын аша білу керек) 
Дескриптор: 
1.Мазмұнға сәйкес сурет салады 
2. Суретті өлеңмен байланыстырып қорғайды 
 
Сабақтың соңы 
5 минут 
 
 
Рефлексия 
ҚОСЫМША 
 
«Интернатта оқып жүр» 
 
Талай қазақ баласы – 
Жаңа өспірім, көкөрім, 
Бейне қолдың саласы. 
Балам закон білді деп, 
Қуанар ата-анасы, 
Ойында жоқ олардың 
Шариғатқа шаласы. 
Орыс тілі, жазуы – 
Білсем деген таласы. 
Прошение жазуға 
Тырысар, келсе шамасы. 
Ынсапсызға не керек 
Істің ақ пен қарасы? 
Нан таппаймыз демейді, 
Бүлінсе елдің арасы. 
Иждиһатсыз, михнатсыз 
Табылмас ғылым сарасы. 
Аз білгенін көпсінсе, 
Көп қазаққа епсінсе, 
Кімге тиер панасы? 
Орыс теріс айтпайды, 
Жаман бол деп оларды. 
Қаны бұзық өзі ойлар 
Қу менен сұм боларды, 
Орыста қалар жаласы. 
Бұл іске кім виноват: 
Я Семейдің қаласы, 
Я қазақтың аласы? 
Ойында жоқ бірінің 
Салтыков пен Толстой, 


65 
Я тілмаш, я адвокат 
Болсам деген бәрінде ой, 
Көңілінде жоқ санасы. 
Ақылы кімнің бар болса, 
Демес мұны тілі ащы. 
Айтыңызшы, болсаңыз 
Здравомыслящий, 
Ақыл айтпай ма ағасы? 
Пайда ойлама, ар ойла, 
Талап қыл артық білуге. 
Артық ғылым кітапта, 
Ерінбей оқып көруге. 
Военный қызмет іздеме, 
Оқалы киім киюге. 
Бос мақтанға салынып, 
Бекер көкірек керуге. 
Қызмет қылма оязға, 
Жанбай жатып сөнуге. 
Қалай сабыр қыласың, 
Жазықсыз күнде сөгуге? 
Өнерсіздің қылығы – 
Тура сөзін айта алмай, 
Қит етуге бата алмай, 
Қорлықпенен шіруге. 
Аз ақшаға жалданып, 
Өнбес іске алданып, 
Жол таба алмай жүруге. 
Алыс та болса іздеп тап, 
Кореннойға кіруге, 
«Талапты ерге нұр жауар», 
Жүріп өмір сүруге. 
Я байларға қызмет қыл, 
Ерінбей шауып желуге. 
Адал жүріп, адал тұр, 
Счетың тура келуге. 
Жаныңа жақса, соңынан 
Жалқауланба еруге. 
Қисық болса, закон бар 
Судьяға беруге. 
Ол да оязной емес қой, 
Алуға теңдік сенуге. 
Я өз бетіңмен тәуекел, 
Занимайся прямотой. 
Жеңіл көрме, бек керек 
Оған да ғылым, оған да ой, 
Қалайынша қайда енуге?


66 
«Интернатта оқып жүр...»-Абайдың 1886 ж. жазған өлеңі. Көлемі 77 жол. 
Негізгі тақырыбы-қазақ балаларының азаматтық білім беретін мек- тептерде оқып, 
білім алуы, ғылымға, өнерге тартылуы, халқына адал қызмет етуі жайлы.19 ғ-дың 
80 жыддарында оқу-ағарту ісін жүйелі түрде жүргізу мақсатымен әкімшілік 
орталықтарында әр түрлі дәрежеде орыс-қазақ мектептёрі ашылып, олардың 
жанынан интернаттар құрылғаны белгілі. Ақынның ағартушы-демократиялық 
көзқарастарының басты-басты принциптері бұл өлеңде барынша толық білдірілген. 
Өлеңнің алғашқы жолдарында жасөспірім қазақ балаларының оқуға көптеп 
тартылғанын қанағат сезімімен айта келіп, автор одан әрі осы оқудың әртүрлі 
көлеңкеліжақтарын сынайды, оның түпкі мақсатының тайыздығына өкініш 
білдіреді.
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет. Абай. Энциклопедия. – 
Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет