Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С



Pdf көрінісі
бет95/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   322
Байланысты:
Абайтану Қмж

 
3-
топ: 
Көп жүрмес, жеңсікқойлық тез-ақ тозар, 
Жаңғырар жеңсік құмар жатқа қозар. 
Күнде көрген бір беттен көңіл қайтып, 
Қылт еткізбес қылықты, тамыршы озар.
Толқынын жүрегіңнің хаттай таныр, 
Бүлк еткізбес қалайша соқса тамыр. 
Жар көңiліне бір жанын пида қылып, 
Білместігің бар болса, қылар сабыр.
Шу дегенде көрінер сұлу артық, 
Көбі көпшіл келеді ондай қаншық. 
Бетім барда, бетіме кім шыдар деп, 
Кімі паңдау келеді, кімі тантық.
Ақыл керек, іс керек, мінез керек,
Ер ұялар іс қылмас, болса зерек.
Салақ, олақ, ойнасшы, керім-кербез,
Жыртаң-тыртаң қызылдан шығады ерек. 
Қатының сені сүйсе, сен де оны сүй,
Қоржаң суық келеді кей сасық ми.
Ері ақылды, қатыны мінезді боп,
Тату болса, райыс үстіндегі үй. 
Жоқ, болса қатыныңның жат өсегі,
Болмаса мінезінің еш кесегі,
Майысқан бейне гүлдей, толықсыған,
Кем емес алтын тақтан жар төсегі. 


118 
Жасаулы деп, малды деп байдан алма,
Кедей қызы арзан деп құмарланба.
Ары бар, ақылы бар, ұяты бар
Ата-ананың қызынан ғапыл қалма. 
4-
топ: 
Үйіңе тату құрбың келсе кіріп,
Сазданба сен қабақпен имендіріп.
Ері сүйген кісіні ол да сүйіп,
Қызмет қылсын көңілі таза жүріп. 
Құрбыңның тәуір болсын өз мінезі,
Абыройлы қалжыңмен келсін сөзі.
Сен оған мойын бұрып сөз айтқанда,
Қатыныңда болмасын оның көзі. 
Кей құрбы бүгін тату, ертең бату,
Тілеуі, жақындығы — бәрі сату.
Көкірегінде қаяу жоқ, қиянат жоқ,
Қажымас, қайта айнымас қайран тату! 
Пайда деп, мал деп туар ендігі жас,
Еңбекпен терін сатып түзден жимас.
Меліш сауда сықылды күлкі сатып,
Алса қоймас, араны тағы тоймас. 
Асық ұтыс сықылды алыс-беріс —
Тірі жанның қылғаны бүгін тегіс: 
Бірі көйтке таласып, бірі арам қып, 
Төбелескен, дауласқан жанжал-керіс.
Жас бала әуел тату бола қалар, 
Ата-анадан жақын боп, ертіп алар.
Бірін бірі құшақтап шуылдасып,
Ойын тарқар кезінде ұрыс салар. 
Біреуі жылап барса үйге таман,
Ата-анасы бұрқылдар онан жаман.
Татулығы құрысын ойыны мен,
Дәл соларға ұқсайды мына заман. 
Жаман тату қазады өзіңе ор,
Оған сенсең, бір күні боларсың қор.


119 
Ары бар, ұяты бар үлкенге сен,
Өзі зордың болады ығы да зор. 
Қазақтың қайсысының бар санасы?
Қылт етерде дап-дайын бір жаласы.
Пысықтықтың белгісі — арыз беру, 
Жоқ тұрса бес бересі, алты аласы 
Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы 
Бірінші том. Алматы: Жазушы, 2003 ж. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет