Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С



Pdf көрінісі
бет98/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   322
Байланысты:
Абайтану Қмж

3.
 
Мақалды өлеңмен байланыстырыңыз. 
Жақсының сөзі – 
Жырмен тең, 
Жаздағы жаңбыр 
Нұрмен тең. 
Дескриптор: 

Сұраққа 1сөйлеммен жауап жазады; 

Автор көзқарасын 2 сөйлеммен білдіреді; 

Мақалды өлеңмен байланыстырады. (2-3 
сөйлеммен) 
Дәптермен жұмыс 
Сабақтың соңы 
Рефлексия.
«Ақылдың алты қалпағы».
Көк қалпақ 
(процеске жетекшілік жасау) 
Ақ қалпақ (басты мәселе)
Бүгінгі сабақта ең 
құнды мәселе... 
Қызыл қалпақ (көңіл –күй, эмоция) 
Бүгінгі 
сабақтағы көңіл-күйлеріміз шыны керек ертеңгі 
күнге алаңдаушылық бар... 
Сары қалпақ(қолдау, жағымды жағы, 
үміттену, жақсы нәтиже күту, оптимизм) 
Бұл өлең сөздері кімге болмасын ой тастайды... 
Қара қалпақ(сынау, жағымсыз 
жағы,қауіптену, байқау
)
Жасыл қалпақ(тапқырлық, креативтік, жаңа 
идея, ұсыныс
) Адам, табиғат, қоғам. Осы үш 
мәселе өлеңде қалай үйлесім тапқан. 
ҚОСЫМША 
Жаз 
Жаздыгүн шілде болғанда, 
Көкорай шалғын, бәйшешек, 
Ұзарып өсіп толғанда; 
Күркіреп жатқан өзенге, 
Көшіп ауыл қонғанда; 
Шұрқырап жатқан жылқының 
Шалғыннан жоны қылтылдап, 
Ат, айғырлар, биелер 


122 
Бүйірі шығып, ыңқылдап, 
Суда тұрып шыбындап, 
Кұйрығымен шылпылдап, 
Арасында кұлын-тай 
Айнала шауып бұлтылдап. 
Жоғары-төмен үйрек, қаз 
Ұшып тұрса сымпылдап. 
Қыз-келіншек үй тігер, 
Бұрала басып былқылдап, 
Ақ білегін сыбанып, 
Әзілдесіп сыңқылдап. 
Мал ішінен айналып, 
Көңілі жақсы жайланып, 
Бай да келер ауылға, 
Аяңшылы жылпылдап; 
Сабадан қымыз құйдырып, 
Ортасына қойдырып, 
Жасы үлкендер бір бөлек 
Кеңесіп, күліп сылқылдап. 
Жалшы алдаған жас бала, 
Жағалайды шешесін 
Ет әпер деп қыңқылдап. 
Көлеңке қылып басына, 
Кілем төсеп астына, 
Салтанатты байлардың 
Самаурыны бұрқылдап. 
Білімділер сөз айтса, 
Бәйгі атындай аңқылдап, 
Өзгелер басын изейді, 
Әрине деп мақұлдап. 
Ақ көйлекті, таяқты 
Ақсақал шығар бір шеттен 
Малыңды әрі қайтар деп, 
Малшыларға қаңқылдап. 
Бай байғұсым десін деп, 
Шакырып қымыз берсін деп, 
Жарамсақсып, жалпылдап. 
Шапандарын белсенген, 
Асау мініп теңселген 
Жылқышылар кеп тұрса, 
Таңертеңнен салпылдап. 
Мылтық атқан, құс салған 


123 
Жас бозбала бір бөлек 
Су жағалап қутыңдап. 
Қайырып салған көк құсы 
Көтеріле бергенде, 
Қаз сыпырса жарқылдап. 
Өткен күннің бәрі ұмыт, 
Қолдан келер қайрат жок, 
Бағанағы байғұс шал 
Ауылда тұрып күледі, 
«Абай». Бірінші том. Өлеңдер мен аудармалар. Алматы «Жазушы»2003. 63 бет
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет