77
§ 10. Индонезия
Бірінші дҥниежҥзілік соғыстан кейінгі Индонезия.
Индонезия - Оңтүстік-Шығыс Азиядағы халық саны жағынан
да (200 млн. жоғары), территория жағынан да (13 600 аралдан
кӛп), қазба байлығы жағынан да (басты байлығы мұнай) ең үл-
кен ел болып табылады. ХІХ ғасырдың соңында бұл жер
Нидерландының отарына айналды, ал екінші дүниежүзілік со-
ғыс жылдары Жапония басып алды.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін де Индонезия бұ-
рынғыдай Голландияның отары болып қала берді. Сонымен бір-
ге архипелагқа одан да ірі державалар Англия, АҚШ және
Жапонияның капиталдары кіре бастады. Сонда да голландия-
лық капитал ең ірі кофе, қант т.б. плантацияларды иемденді.
Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін Нидерланды ӛз отарлық жү-
йесін ӛзгертпей ұстап отырды. Соғыстан кейін жағдай тым на-
шарлап кетті. Явадағы халықтың 60%-ы аштықты сезіне баста-
ды. Елде кӛтерілістер және голландық шенеуніктерді ӛлтіру
байқалды. Қалаларда пролетариат, ұлттық буржуазия және ин-
теллигенциядан жаңа топтар құрыла бастады.
«Буди утомо»
(«Жоғарғы нысана»),
«Сарекат ислам»
(«Ислам одағы») деген
ұйымдар мен 1920 жылы Индонезия Ұлттық партиясы құрыл-
ды. Олардың басшысы
Сукарно
болды.
1923 жылы ауыр экономикалық дағдарыс болып, ол
Индонезияда 1936-1937 жылдарға дейін жалғасты. Отарлық жә-
не индонезиялық ӛнімнің, яғни шикізаттар-каучуктің, арпаның,
дәм-татымдардың, тіпті мұнай мен қанттың да бағасы түсіп кет-
ті. Нәтижесінде экспорт 59%-ға қысқарды. Осы дағдарыс жыл-
дары салық 70-80%-ға ӛсті.
Достарыңызбен бөлісу: