А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б



Pdf көрінісі
бет2/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

УДК 94 (3) (075. 8) 
ББК 63.3 (4/8) я 73 
ISBN 978-601-224-351-2 
 
© А.М.Сманова, 2012 
© ҚазМемҚызПУ, 2012 



КІРІСПЕ 
ХХ ғасырдың бірінші ширегі отаршылдар үшін «алтын ға-
сыр» болды, яғни метрополия-державалар әлемнің осы бӛлігін-
дегі халықты барынша қанап, шикізаттарын молынан пайдала-
нып, негізінен саяси, экономикалық және технологиялық мүм-
кіндіктерін толығымен ӛз қолдарына алды. Сонымен бірге отар 
үшін бәсекелесіп қана қоймай ӛзара соғысып та отырды. Ал 
екінші жағынан бұл кезең отарлық жүйедегі ұлт-азаттық қозға-
лыстардың пайда болу салдарынан дағдарыстың етек алуына 
алып келді.
Бұл кезеңде Азия және Африка халықтарының ӛзара қаты-
насы әлдеқайда алшақтағанболатын, мысалы Таяу және Қиыр 
Шығыс Азия, Солтүстік Африка және Оңтүстік Азия, Орталық 
және Оңтүстік-Шығыс Азия, яғни салыстырмалы түрде айтқан-
да Батыс және Шығыс Еуропа немесе Скандинавия және 
еуропалық Жерортатеңізі елдері сияқты болды. Дегенмен, осы 
ХХ ғасырдың бірінші ширегінде Шығыс халықтары артта қал-
ған кедей және мәдениет пен әлеуметтік-экономикалық даму 
деңгейі тӛмен болды, бірақ сонда да отарлық статустан арылып, 
бостандыққа ұмтылды. Сонымен, Бірінші дүниежүзілік соғыс-
тан кейін әлемдік шаруашылық және халықаралық саяси байла-
ныс бойынша экономикалық, қаржылық, әскери, бұқаралық-ақ-
параттық және идеологиялық мүмкіндіктер ауқымы кеңейді.
Азия және Африка елдерінің қазіргі заман тарихының бі-
рінші кезеңі (1918-1945 жж.) ӛте ұзақ емес, дегенмен, осы аз ға-
на уақыттың ішінде әлемдік тарихта үлкен оқиғалар белең алды, 
яғни екі дүниежүзілік соғыстар, Ресей революциясы, 1929-
1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс, әлемдік үстем-
дікті басып алу үшін дүниежүзілік сахнада фашизмнің пайда бо-
луы т.б. Осындай оқиғалардың барлығы Шығыс елдеріне үлкен 
әсер етті. Тап осы кезеңде кӛптеген елдер ӛздерінің егемендігіне 
қол жеткізді. 
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін кӛп жақты Шығыс 
қоғамында ұлттық болмыс беки түсті, модернизация және ға-
ламдану салдарынан олардың әлемдік қауымдастықтағы басқа 
елдермен ӛзара байланысы кеңейді. Осындай үрдіс салдарынан 



Азия және Африка елдерінің бірқатары әлемдегі анағұрлым да-
мыған елдер қатарына қосылды. Алайда, бұл халықтардың дәс-
түрлі және мәдени-ӛркениеттік құндылығы ерекше болғанымен 
«қырғи-қабақ соғысы» жылдарындағы екі басты орталық күштің 
қарсыластығы да әсер етпей қоймады. Екінші дүниежүзілік со-
ғыстан кейінгі кезеңде әлемде үлкен соғыс болмаса да зорлық-
зомбылықтар кӛп болды. Қарулы азаттық революциялар, отар-
лық және мемлекетаралық қанды соғыстар, ірі мемлекеттердің 
қарулы басқыншылықтары, сонымен бірге екі алып державаның 
(КСРО және АҚШ) аймақтық және этносаяси шиеленістерді, 
азаматтық соғыстарды, әлеуметтік революцияларды, әскери бү-
лік және тӛңкерістерді қарудың күшімен басу нәтижесінен кӛп-
теген бейбіт халықтың зардап шегуіне алып келді.
Сонымен бірге, дәуір соңындағы ұлтаралық экстремистік 
топтардың пайда болуы да үлкен тарихи оқиғаларға айналды. 
Дегенмен, бұл даму кезеңінде Шығыс елдеріндегі зорлық-зом-
былықтың пайда болуы мен рӛлі шығыстану ғылымында жан-
жақты зерттелген жоқ. Сол үшін зорлық-зомбылық мәселесі 
зерттеу нысанының маңызына айналған батыстық пікір-талас-
пен санасуымызға тура келеді.
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Азия және Африка 
елдеріндегі этникалық рӛлдің дамуына қатысты не отандық, не 
шетелдік ғылымда әзірге ешқандай ортақ тұжырым қалыптасқан 
жоқ. Әрине, кейде этникалық факторды әлеуметтік-таптық үр-
дістер мүддесімен салыстырады, алайда әлеуметтік-саяси ӛмір-
дегі ұлтаралық шиеленістерді нақты сараптама арқылы зерттеу-
ді талап етеді. Оқу құралында кейбір мемлекеттердегі ұлтаралық 
соғыстарға қатысты оқиғаларға осындай сараптама жасауға тал-
пыныс жасалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет