68
ФОЛЬКЛОРДЫҢ ТАРИХИ ТИПОЛОГИЯСЫ
Қазақ фольклоры, кез келген халықтың фольклоры сияқты, тамырын
алғашқы қауымдық құрылыстан, тарихқа дейінгі өмірден тартады. Ол
патриархалдық-феодалдық қоғамның тұсында көркем жанрға айналды. Ал,
қазақтың патриархалдық-феодалдық қоғамы рулық құрылымның көптеген
институттары мен ғұрып-салттарын сарқыншақ түрінде сақтап келді.
Осылайша қазақтарда XIX ғасырдың екінші жартысына дейін экзогамия,
авункулат, левират, асырап алу және т.б. көне ғұрып-салттар (рас,
трансформацияланған түрде) толыққанды күйінде өмірде орындалды.
Мәселен, қазақтарда осы уақытқа дейін бір топ туысты бір атаумен ғана
атайтын дәстүр сақталған. Туыстық дәрежесі әр түрлі аталастардың тұтас
тобын қазақтар ежелгі ережеге сәйкес ортақ бір терминмен атайды. Мысалы,
қазақ жасы үлкен өзінің ағаларын, туған әкесінің аға-інілерін және жасы
үлкен ағайындарының барлығын «аға» терминімен атайды. Соған сәйкес
олардың әйелдерін "жеңге" немесе "жеңеше", "жеңгей" дейді.
Бір кездерде болған бөлелер арасындағы және жиендер мен нағашы
жұрт арасындағы некелесудің іздері (
Достарыңызбен бөлісу: