Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы



Pdf көрінісі
бет42/122
Дата19.09.2023
өлшемі2,12 Mb.
#108500
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   122
Байланысты:
фольклор

 
 
 


59 
Фольклор жанрларының функциясы 
 
Фольклорда да, әдебиетте де жанрлардың табиғатын анықтайтын басты 
фактор – олардың қоғамдық қызметі, өмірлік нысанасы. 
Әдетте өнердің барлық түрін, оның ішінде фольклорды да, өмірді көркем 
танудың бірі деп түсінеміз. Өнер өмір туралы пайымдау екені сөзсіз. Тарихи 
дамудың әр кезеңінде өнер адамның өзін қоршаған табиғатты, шындықты 
қаншалықты меңгергенін, өзін де қаншалықты біле алғанын көрсетеді. Бұл 
даусыз. Әңгіме сол шындықты тани, түсіне білу қоғам тарихының қай 
дәуірінде өнер үшін басты мақсат, нысана болуында. Өнердің атқаратын 
қызметі көп екені де түсінікті. Оның танымдық қызметінен басқа да өте 
маңызды функциялары бар. Айталық, идеологиялық, тәрбиелік, эстетикалық 
т.т. Ал, өнердің, фольклордың, әдебиеттің танымдық қызметі бұрынғы
замандарда қазіргіден басқаша түсініліп, бағаланған. Демек, фольклор әр 
тарихи дәуірде әр түрлі функция атқарған. Бірақ бір дәуірде белгілі бір 
функция атқарған шағында фольклор басқа функцияларынан мүлде 
айырылып қалмаған. Олар да сақталған, бірақ көп қызметінің ішінен сол 
дәуір, қауым қажет қылған функциясы басымырақ (доминирующая) болған. 
Жалпы, көп функциялық – фольклорға тән қасиет. Басқаша айтқанда, 
дәуірге, қоғамға сәйкес фольклордың белгілі бір функциясы, сондай-ақ 
белгілі бір жанры актуальды сипат алған, сөйтіп ол басым түсіп жатқан. 
Мысалы, ХV-ХVІІІ ғасырларда қазақ қоғамы мен тарихы үшін елді қорғау, 
жауға тойтарыс беру аса маңызды саналды. Бұл кезде қазақ фольклорының 
барлық жанрынан батырлар жыры маңызды болды, оның тәрбиелік
идеологиялық қызметі артты [10]. Ал, осы жанр ХІХ-ХХ ғасырларда көбіне 
сейілдік (развлекательная) функция атқарды. Үлкен той-жиындарда уақытты 
өткізу мақсатында және елге ғибрат беру үшін талантты жыршылар батырлар 
жырын орындаған. 
Сол сияқты ХІХ-ХХ ғасырларда ақындар айтысы, лирикалық жанрлар 
алға шыға бастады. Олардың басты функциясы – эстетикалық болды, бірақ 
басқа да функцияларын жоғалтқан жоқ. Әсіресе, айтыстың эстетикалық 
қызметі айқын әрі зор болды. Эстетикалық функция шығармада не 
айтылғанын ғана емес, ол қалай айтылғанын да қажет етеді. Ал, айтысты 
тыңдап отырған қауымға екі ақынның не туралы айтып отырғанымен бірге 
қалай, қаншалықты өнерлі айтып отырғаны да маңызды. Бұл тұрғыдан 
келгенде, сал-серілер мен халық өнерпаздарының өнері айтарлықтай 
эстетикалық қызмет атқарды. Яғни көркем өнердің түріне айналған жанрлар 
ең алдымен эстетикалық функция атқарады, содан кейін басқа мақсат 
көздейді. Мысалға халық прозасының аңыз бен ертегі жанрын алайық. 
Аңыз жанрының басты мақсаты – тыңдаушыға елдің өткені туралы
немесе бұрын жасаған атақты адамдар жайлы хабар беру. Демек, аңыздың 
негізгі функциясы – танымдық, сонан соң тәрбиелік. 
Ал, ертегі жанры тыңдаушының ерекшелігіне байланысты екі түрлі 
қызмет атқарады: жас ұрпақ үшін ертегінің ғибраттық, тәрбиелік рөлі басым 
болса, үлкендер үшін эстетикалық қызметі мәндірек. 


60 
Бұл жерде ескертетін нәрсе: фольклордың кейбір жанрлары бір 
функцияны өзіне тұрақты түрде «еншілеп» алатындығы. Бұл – жанрдың 
«мамандануынан» туған қасиет. Басқа сөзбен айтқанда, ол – жанрдың 
табиғатынан туындайтын алдын ала шектеулік (заданность функции). Бұл 
түсінікті де, себебі ешбір фольклорлық жанр өмірдің барлық жағын түгел 
қамти алмайды. Мұны әдебиеттің де, өнердің де бір жанры жүзеге асыра 
алмайды. Сол себепті қыры мен сыры шексіз мол адам өмірінің, болмыстың 
әр саласын бейнелеуге фольклордың да, әдебиет пен өнердің де әр жанры 
өзінше «маманданған». Жанрлардың даралануы, бір жағынан, осымен де 
тығыз байланысты. 
Әрине, фольклордың табиғаты профессионалды әдебиет пен өнерден 
басқаша болғандықтан болмысты тану фольклор үшін сәл өзгешелеу – 
алғашқы сатыда табиғатты, қоршаған ортаны білу үшін еліктеу орын алды. 
Бірақ бұл бізді шошытпау керек. Еліктеу деген бейнелеу болып табылады. 
Өмірді көркем тану түрлері, әдетте, еліктеу түрлері деп те саналады [11].
Еліктеу концепциясын алғаш ұсынған – Аристотель. Ол, мәселен, еліктеудің 
үш түрі бар деп есептейді. «Ақын еліктеуші болғандықтан, – дейді ол, – үш 
түрлі еліктеуге тиіс: затты немесе нәрсені сол күйінде бейнелеу; затты немесе 
нәрсені елдің айтуы, бағалауы бойынша бейнелеу; зат немесе нәрсе қандай 
болуға тиіс тұрғысынан бейнелеу» [12]. Міне, бұл – өнердің өмірді бейнелеу 
принциптері. Олар әдебиет пен өнердің даму тарихындағы барлық 
кезеңдерінде сақталады. Рас, бәрі бірдей, біркелкі болмайды. Әр заман мен 
қоғамдағы өнер мен әдебиеттің идеялық, эстетикалық міндетіне байланысты 
олардың біреуі басым болып, активті, белсенді қызмет атқарады. Аталған үш 
принцип (объективті, субъективті, нормативті) өнердің қай түрін болса да 
жүйелеп, жіктеп саралау кезінде оның болмысқа, шындыққа қатынасын 
ескеру керек екендігін дәлелдейді. 
Өзінің «Поэтика» атты еңбегінде Аристотель еліктеудің (бейнелеудің) 
үш принципімен бірге әдеби жанрларды саралау шарттарын да белгілеген. 
Еліктеу (бейнелеу) өнері «үш нәрсе бойынша даралануы мүмкін: еліктеу 
неден көрінетіндігі, не нәрсеге еліктейтіндігі, қалай еліктейтіндігі» [13]. 
Басқаша айтқанда, жанрларды еліктеудің (бейнелеудің) мазмұнына, түріне 
және тәсіліне қарай жіктеуге болады. Алайда, әдебиеттану мен фольклортану 
ғылымдарында жанрды анықтау үшін тек үшінші еліктеу тәсілі ғана аталып, 
негізге алынып жүр. Дұрысында, осы үш принциптің үшеуі де саралаудың 
негізі бола алады, тек белгілі бір тарихи кезеңдегі әдебиет пен өнер, 
фольклордың міндетіне сәйкес үшеуінің бірі басты принцип болмақ. 
Ешбір фольклорлық жанр саф алтындай таза күйде болмайды. Өйткені 
ол жападан-жалғыз өмір сүрмейді, ұзақ көркемделу процесінде жанрлар бір-
бірімен тығыз байланысқа түседі, олар бір-біріне ықпал жасап, кірігіп, тіпті 
жаңа жанрға негіз де болады, бірақ олар қосылып кетпейді, әрқайсысы өзіне 
тән қасиеттермен ерекшеленеді. 
Мұнда екі процесс қатар жүреді. Фольклорлық жанрлардың даму 
барысында бір жағынан олар жекеленіп, дараланып (дифференциация) тұрса, 
екінші жағынан бір-бірімен туыстасып, жақындасып, ортақтасып тұрады.


61 
Жанрлар дараланған тұста өмірдің бір жағын ғана көрсетуге 
«маманданады», яғни фольклор шығармалары мен жанрларының танымдық 
мүмкіндігі кеңейген сайын, олардың «мамандануы» да кеңейіп, 
бөлшектенеді, оған қоса жанрлардың даралану процесі де күшейе түседі. 
Сондай-ақ жанрлардың ортақтасуы да қатар жүреді. Мысалы, жаңадан пайда 
болған жанр ау-баста синкретті түрде болады, содан дами келе ол өзінің 
жанрлық белгілеріне ие болады (дифференциацияланады). Бірте-бірте ол енді 
өз шеңберінен шығып, басқа жанрлармен қатынасқа түседі, олардың кейбір 
қасиеттерін бойына сіңіреді, сөйтіп синтезге, яғни интеграцияға түседі. 
Демек, жанр даму жолында үш түрлі сатыдан өтеді: даралану 
(дифференциация), тұрақтану (стабилизация) және ортақтасу (интеграция). 
Жанр өзінің даму тарихында ең алдымен атқарылатын қызметіне сәйкес 
өзгереді, міне жанрдың «мамандануы» осыдан шығады. 
Фольклор функциясының көптігі немесе жеке дара көрінуі көркем 
шығарманы объективті түрде талдап, танып, бағалауға кедергі келтірмеуге 
тиіс. Мәселен, әр фольклорлық жанр мен шығарманың мақсаты мен 
қызметін түсінбесек, біз оны дұрыс танып, зерттей алмаймыз. Кез келген 
жанрдың, шығарманың белгілі бір нысанасы болады. Айтушы да, тыңдаушы 
да ол жанрға, шығармаға өзіне тиісті міндет артады. Осыған байланысты 
айтатын нәрсе – фольклордың ылғи да танымдық қызмет атқара 
бермейтіндігі (әрине, көркем өнер ретінде ол өмірді тануға жәрдем етеді). 
Мысалы, қазақтың қаһармандық эпосын тек танымдық тұрғысынан қарау – 
біржақтылық болар еді. Сөз жоқ, бұл жанр шығармалары өзі бейнелеген 
болмысты білуге зор жәрдем етеді. Бірақ оның ең басты мақсаты – елді 
ерлікке шақыру, жауға деген өшпенділікті арттыру. Сол себепті қаһармандық 
эпоста маңызды нәрсе – батырдың іс-әрекетін түсіндіру емес, оның ерлігін 
мадақтау, жауға қарсы соғыстың саяси және моральдық, отан сүйгіштік 
мәнін ашу. Осыдан барып батырдың қалыптасқан, канонды образы пайда 
болады. (Алайда, бұл образды кейінгі заманда туған әдебиет өлшемімен 
зерттеген ғалымдар «штамп образдар» деп оларға менсінбеушілікпен де 
қарады). Эпос стилінің көтеріңкі болатыны да, кейіпкерлер мінездемелерінің 
жалпылама болатыны да осыдан. Соған қарамастан осы «штамптар» (образ, 
стиль, мінездеме) өз кезінде қаһармандық эпостың мақсатына сай көркемдік 
қызмет атқарды. Қалай болғанда да, айтушылар мен тыңдаушылар үшін ұлы 
дәуір оқиғаларының баяндалуы ең қажет нәрсе болды, себебі олар батырлық 
жырдан ерлік сезімге үйренді, елді сүюге үйренді. Бұл пікірімізді бір ғана 
мысалмен дәлелдеуге болады. Фашизмге қарсы Ұлы Отан соғысы кезінде 
СССР-ді мекендеген көп халықтың бұрынғы батырларды дәріптейтін 
жырлары, былиналары, думалары жиі орындалып, армия мен тылда бірдей 
тарады. Ол шығармалар тек патриоттық сезімді күшейтуге ғана қызмет еткен 
жоқ. Оларды халық өте актуальды деп білді, сол себепті олар жырланды, 
ондағы батырлар дәріптелді. Бұл айтқанымыздан шығатын тағы бір 
қорытынды: фольклор жанрлары бірнеше функциялы болғанымен, белгілі бір 
кезеңде бір функцияны басты етіп алады.


62 
Фольклор жанрларын жіктеп, саралағанда белгілі орыс ғалымы 
К.В.Чистовтың мына сөзін есте тұтқан дұрыс. 
«Советтік фольклортану ғылымында, – деп жазады ол, – фольклорлық 
жанрды, әдеби сияқты, түр мен мазмұнның ерекше байланысы ретінде 
түсіну етек алған. Бұл, әрине, дұрыс, бірақ жанрға теориялық анықтаманы 
әуелі ерекше жанр деп бөліп алған бір топ шығарманың атқаратын 
әлеуметтік-тұрмыстық функциясын талдау негізінде берген жөн сияқты... 
Әлеуметтік-тұрмыстық функция – тарихи категория, оның тууы, дамуы,
жойылуы тарихи, әлеуметтік, этникалық, тағы да басқа факторларға 
байланысты. Былиналар, алуан түрлі өлеңдер, жоқтау, арбау, т.б. халықтың 
күнделікті тұрмысында бәрі бірге қатар өмір сүрді, өйткені бұл жанрлардың
әрқайсысы белгілі бір функция атқарды. Әрине, ол функция басқа да 
функциялармен аралас болды» [14].
Егер қазақ халық прозасын оның бұрынғы заманда атқарған қызметіне 
қарап топтастырып, сараласақ, онда ол үлкен екі топқа бөлінеді. Бірі – айқын 
көрінетін эстетикалық және ғибраттық функция атқаратын жанрлар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет