100
Міне, екі мәтіннің екі рет басылған нұсқасы. Екеуінде текстологиялық
біраз өзгешеліктер бар. Екеуінің қайсысы дұрыс? Қолжазба қорындағы
текстің түпнұсқасымен салыстырғанда, 1964 жылы Ә.Диваевқа арналған
жинақтағы мәтін дұрыс болып шықты. Келтірілген мысалдардағы курсивпен
берілген өзгешеліктер былай қарағанда ертегіге айтарлықтай нұқсан келтіріп
тұрған жоқ сияқты. Алайда, олай емес. Жіті қараған ғалымға бұл
текстологиялық өзгерістердің терең мәні бар.
Біріншіден,
салыстырудың
нәтижесінде
байқағанымыз,
«Қазақ
ертегілері» жинағында шыққан мәтін біраз текстологиялық «жөндеуге» түсіп,
әдеби редакцияланған. Құрастырушылар мәтіндегі кейбір сөздер мен
сөйлемдерді қысқартқан, өзгерткен, тіпті кейбірінің орнына өздерінің
жанынан қосқан. Соның салдарынан ертегінің тілі шұбарланған, ауызекі
сөйлеу тілінің ерекшеліктері жойылған: халық ауызекі тілде қолданатын
сөздер әдеби сөздермен ауыстырылған, ауызекі әңгімеде жиі кездесетін, төл
сөзбен берілетін экспрессивтілік жай ғана авторлық баяндаумен
алмастырылған. Редакция жасаушылар ертегі тілін халықтың ауызекі тіліне
жақындатамыз деп, қарапайымдылыққа ұрынған, стилистік ақаулар жіберіп,
ертегіге тән стильді жоғалтқан.
Екіншіден, «Ақылды етікші» атты ертегідегі текстологиялық өзгертулер
зерттеушіге ертегі жанрына тән кейбір ерекшеліктерді аңғартпайды.
Мысалы, 1957 жылғы жинақта
Достарыңызбен бөлісу: