Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы


Сонымен, әпсана деп кейде ертеде болған, немесе ойдан



Pdf көрінісі
бет86/122
Дата19.09.2023
өлшемі2,12 Mb.
#108500
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   122
Байланысты:
фольклор

Сонымен, әпсана деп кейде ертеде болған, немесе ойдан 
шығарылған бір оқиғаны көркемдей баяндайтын шығармаларды 
айтамыз. 
Тақырыптық және сюжеттік мазмұнына қарай қазақ әпсаналары 
шартты түрде 
тарихи-мекендік
және 
утопиялық 
болып келеді.
Тарихи-мекендік әпсаналарда
белгілі бір мекеннің, жер-судың 
тарихы баяндалады, тарихта болған адамдардың бір ерен ісі жайында 
әңгімеленеді. Рас, әпсанада айтылатын мекеннің тарихы, даңқты 
қайраткердің іс-әрекеті өмірде дәл солай болмауы мүмкін, бірақ сол мекен 
мен адамның тарихта болғандығы күмән туғызбайды. Міне, сол себепті ол 
тарихи-мекендік деп аталады. Сондай бір-екі әпсанаға тоқтала кетейік. 
«
Тоқпанның балалары» деп аталатын әпсанада бір кездерде Ырғыз 
өлкесінде болған Табынқазған, Тумалы деген көлдердің тарихы айтылады. 
Баяғыда Тумалы
көлінің жағасына Тоқпан деген адам көшіп келеді. Оның 
үш ұлы тату болып, бәрі тыныш өмір кешеді. Үлкен ұлы арық қазып, 
Табынқазған көлінен су шығарады, егін егеді... Қалған екі ұлы, Баламбек пен 
Құлсары, мал бағып, үй күтеді. Алайда, әкесі Тоқпан өлгеннен кейін үш ұлы 
бұзылып, бірінің әйеліне бірі ғашық болып, берекелері кетеді. Соның 
салдарынан үшеуі айдалада қаңғып өледі, ал олардың үйі, дүние-мүлкі түгел 
өртеніп, бүкіл аймақты өрт шалады. Сөйтіп, бір кезде көк майса боп, 
жайқалып тұрған шалғын, ну орман, бәрі өртенеді, мал бытырап бет-бетімен 
кетеді. Тумалы көлі иесіз қалады [4].
Бұл әпсанада тарихи факті жоқ, шындығы: Ырғыз, Табынқазған, 
Тумалы көл деген жер-су аттары ғана. Көлдің тарихы қиял арқылы 
баяндалады, сол себепті мұнда кереметтік элементтері бар: Құдайдың арамза 
ағайындыларға күнәсі үшін қаза жіберуі, жынның сұлу қыз бейнесінде үш 
жігітті ынтықтырып, арбап-алдауы. Сонымен бірге әңгіменің бүкіл мазмұны, 
рухы мағлұматтықтан гөрі ғибарттық мақсат көздеген. Әрине, мұнда 
әпсананы жариялаушының да ролі болуы керек. Тіпті соны ескергеннің 
өзінде де бұл әңгімеде көркемдік сипат басым екені айқын сезіледі. Әпсанада 
сондай-ақ моральдық, имандылық (нравственность) мән де бар. Бұл 


158 
әпсанадан тағы бір байқайтынымыз – бұл жанр шығармаларының қайғылы да 
аяқтала беретіндігі.
Осындай әпсаналардың қатарына Қорқыт туралы әңгімелерді енгізуге 
болады. Қорқыт жайындағы шығармаларды біз аңыз жанрын қарастырғанда 
біршама сөз қылдық. Ал, ендігі зерттейтініміз ол туралы әпсаналар. Рас, 
Қорқытқа байланысты әпсана көп емес. Сондықтан оның сюжеттік құрамы да 
шағын, түптеп келгенде, қолда бар әпсананың бәрі бір ғана сюжетке 
құрылған: түсінде өлесің деп естіген Қорқыт ажалдан қашып, дүниенің төрт 
бұрышын шарлайды. Ақыры, Сыр өзенінің ортасына жайылған кілемде 
отырған Қорқыт жыланның шағуынан қайтыс болады [5].
Қорқыт 
есіміне 
байланысты 
әпсаналар 
жайында 
жалпы 
фольклортануда көп жазылған [6], сондықтан біз бұл жерде ол образдың 
тарихқа қатысын, эпостағы көрінісін талдап жатпаймыз. Біздің мақсат басқа: 
жоғарыда баяндалған сюжеттің түпкі мәнісін ашу. 
Адамның ажалдан құтылудың, яғни өлмеудің амалын іздеуі туралы 
сюжет өте ерте заманда пайда болған. Осыдан 4500 жыл бұрын хатқа түскен, 
әлемдегі ең көне деп саналатын «Гильгамеш» эпосында бұл сюжет эпикалық 
түрде философиялық рухпен жырланған: ең жақын досы Энкиду өлгеннен 
кейін Гильгамеш өлмеудің амалын іздеп, әуелі теңіз ортасында тұратын 
құдайлардың ана-иесі Сидуриге, одан соң қалың орманда мекен ететін 
кемеші Уршанабиге, ең соңында өлім теңізінен өтіп, өзеннің арғы жағындағы 
Утнапиштиге келеді. Утнапишти оны ұйқымен сынайды, бірақ Гильгамеш 
бұл сынақтан өте алмайды. Содан кейін Утнапишти оған теңіздің астында 
адамды мәңгіге жасартатын гүл бар екенін, соны иеленген кісі өлмейтінін 
айтады. Гильгамеш аяғына тас байлап, су астына түсіп, гүлді алып шығады. 
Бірақ қайтып келе жатып, суға шомылып жүргенде гүлді жылан ініне алып 
кетеді (гүлді алып келе жатқанда жыланның қабығы сыпырылып қалады). 
Сөйтіп, Гильгамеш өлімнің құрығына ілінеді [7].
Мәңгі жасау үшін ажалдан қашып, неше түрлі әрекет істейтін адам 
туралы сюжет көптеген елдің фольклорында бар [8]. Қорқыт туралы 
әпсанада көне шумер-аккад эпосындағы ертегілік мотив жоқ. Егер 
Гильгамеш өлімнен құтылу жолын керемет жәрдемшінің көмегі арқылы 
таппақ болса, Қорқыт өзі табуға тырысады. Дүниені түгел шарлаған ол еліне 
қайтып келіп, «желмаясын сойып, оның терісімен қобызының сыртын 
қаптайды. Құрғақ жерде тұрса бір күні ажал жетіп келер деген қауіппен бір 
қырмызы масаты кілемді алып, Сырдарияның суына төсеп, сонда қобызын 
тартып тұра беріпті. Қорқыт дүние кезгендегі арманын да, өлімнен қашқан 
қайғысын да, өзі көрген жақсылық-жамандық жайларын да қобызында 
ойнаған ғажап сұлу күйлерімен жеткізіп баяндайды. Қорқыт күйлерін бүкіл 
дүние, жан иесі түгел ұйып тыңдайды... 
Қорқыт Сырдарияның көз жасындай суына қарап отырып, қобызын 
күйлеп, - өлім мені қанша қуса да мен оны бұл жерге келтірмеспін деп 
қобызын үздіксіз тарта беріпті. Қорқыттың күңіренген күйлерін балқып 
тыңдаған ажал да жақын келе алмапты» [9].


159 
Демек, Қорқыт ажалдан құтылудың амалын өзі тапқан. Ол амалы – 
қобыздың күйі. Олай болса, қазақ әпсанасының кейіпкері Гильгамешке 
қарағанда әлдеқайда жігерлі, белсенді. Ол өз күшіне ғана сенеді, бөгде 
ешкімнен, ешбір әулиеден, тәңірден көмек күтпейді. Өз еңбегі мен өнерінің 
құдіреті арқасында ажалды жеңеді. Оның өлімі - әлсіздіктің, я болмаса 
ажалға, тағдырға мойынсұнғандықтың белгісі емес. Оның өлімі – кездейсоқ 
жағдайдың нәтижесі. «Қорқыт, - делінеді әпсанада, - күндіз-түні ұйқы 
көрмей, қобыз тартып өліммен алысыпты. Қөп замандар бойы үздіксіз қобыз 
тартқан Қорқыт қалжырап, қалғып кетеді. Қорқыттың ізіне түсіп аңдыған 
ажал сол кезде жылан күйінде жорғалап кілемге келіп шаққанда, Қорқыт 
осыдан ауырып өледі» [10]. Ендеше, Қорқыт, бұл айқаста жеңілген жоқ. 
Керісінше, ол – ажалдан күшті тұлға. Міне, бұдан біз Қорқыттың өлімнен 
қашуы туралы әпсананың идеялық мазмұны оптимистік екенін көреміз. 
Әңгіменің басында «Қайда барсам да, алдымнан көр шығады!» - деп сары 
уайымға түскен Қорқыт бір мезет: 
Утнапишти, не істейін, қайда барам? 
Тәнімді Әзірейіл жаулап алған. 
Үйім ажал тұрағына айналған
Көзім қайда түссе де, ажал – айналам 
[11]
, - 
деп дүниеден түңіліп, бабасына жалынған Гильгамешті еске түсірсе, 
соңыра тағдырға, құдайға қарсы күресетін ірі тұлға ретінде көрінеді. Бұл 
тұрғыдан қарағанда, Қорқыт ежелгі гректердің Прометейін еске түсіреді. 
Түптеп келгенде, бұл әпсанадағы Қорқыт бейнесі Прометей сияқты 
құдайларға қарсы соғысатын кейіпкерлердің бұрыңғы типі болуы да мүмкін 
[12]. Стадиялық жағынан келгенде қазақ мифологиясы антика дәуіріндегі 
құлиеленуші мемлекет елдерінің мифологиясынан көне.
Ажалға қарсы күресу туралы әпсанада Қорқыт бейнесі діни сарыннан 
таза, сондықтан Қорқытты мұсылман әулиесі етіп көрсететін хикаяттар жеке 
топ құрайды. Ал, біз талдап отырған әпсана сюжеттің көнелігімен, 
мазмұнының жарқындығымен ерекшеленеді. Бұл сюжет қазақтың өз 
топырағында пайда болған. Қорқыт есіміне байланысты фольклорлық 
шығармалары бар басқа түркі халықтарында бұл сюжет жоқ. Олардың 
фольклорында Қорқыт көбінесе ақылгөй қария, сәуегей жырау, кейде батыр, 
бақсы бейнесінде көрінеді. Ал, мәңгі өмір сүру үшін ажалмен айқасатын 
Қорқыт – қазақ фольклорындағы бірегей образ.
Мұхтар Әуезовтың сөзімен айтқанда, бұл әпсанада «оптимистік мағына 
басым. Қорқыт жайындағы аңыздың (әпсананың - С.Қ.) тақырыбы – 
құдаймен алысу туралы тақырып. Қорқыт жазмыш тағдыр даярлап қойған 
талайына қарсы алысады. Қазақ арасына таралған Қорқыт жайындағы 
нұсқалардан басқа халықтардың ежелгі ғасырлардағы көне эпосының 
образдары мен кейбір ұқсастығы, сарындастықты сеземіз. Прометей 
жайындағы аңыз, осетиндердің Әміран жайындағы құдаймен алысу 
тақырыбы қазақтың Қорқыт жайындағы аңызында (әпсанасында – С.Қ.) өз 
шешімін тапқан» [13].


160 
Бұл айтылғаннан тағы бір қорытынды шығады. Ол адамды өлімнен 
құтқаратын нәрсенің о дүниеде, яғни жер астында, су астында, я болмаса 
басқа бір әлемде болуы міндетті емес екендігі. Әдетте, зерттеушілер адамды 
ажалдан құтқаратын нәрсе о дүниеде болады, кейіпкер соны іздеп, өлілер 
патшалығын шарлайды деп есептейді [14]. Бірақ Қорқыт ажалдан алып 
қалатын нәрсені жер мен су астынан, яғни өлілер тұрағынан іздемейді. Ол 
ажалдан қашып, дүниенің төрт бұрышын кезеді, бірақ ақыры өз жеріне 
келеді. Ол ажалдан құтқаратын керемет нәрсе өзінің ерекше жасалған 
қобызынан шыққан үн-күй деп біледі және сол арқылы ажалды өзіне көп 
уақытқа дейін жолатпайды. Қорқыттың осы активті іс-әрекеті, өлімге қарсы 
керемет қасиеті бар нәрсені емес, өз күшін жұмсауы, сондай-ақ әңгімеде 
көркем қиялдың өте аз болуы – бұл шығарманың таза әпсана екенін, оның 
ертегіге, эпосқа айналып үлгермегенін, дәлелдейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет