Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы



Pdf көрінісі
бет83/122
Дата19.09.2023
өлшемі2,12 Mb.
#108500
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   122
Байланысты:
фольклор

 
* * * 
Ел арасына бұрынғы кезде кең тараған хикаялардың бірі – албасты мен 
адамның кездесуі туралы әңгіме. 
Бұл хикаялар, негізінен, үш сюжет құрайды. Бірінші сюжет мынадай: 
бір адам жолда келе жатып, аузында адамның өкпесі бар итті (немесе ешкіні, 
т.б. хайуанды) көреді. Оның албасты екенін біліп, әлгі адам албастыны сабап, 
өкпені алған жерге қайта қуып келеді. Келсе, жаңа босанып жатқан әйел не 
талып, не өліп жатады. Үйге келген адам албастыны ұрып, өкпені орнына 
қойдырады. Сол кезде әйелге жан бітіп, көзін ашады [4]. 
Екінші сюжет бойынша, албасты түнде ешкімге көрінбей келіп, үйдегі 
әйелді немесе қызды тұншықтырып жүреді. Осы үйге қонаққа келген «киелі» 
біреу албастыны көріп, оны сабап, үйден қуып жібереді, сөйтіп, ауру адам 
науқасынан мүлде айығады [5]. 
Хикаялардың үшінші сюжеті былай деп баяндалады: бір адам албастыға 
жолығып, соған үйленеді де, біраз уақыт бірге тұрады. Соңында әртүрлі 
себептерге байланысты адам одан қол үзеді, бірақ албасты оған зияндық 
істейді. Адам оны ұрып, қуады немесе атып өлтіреді [6]. 
Әрине, албасты туралы мұндай хикаялар қазіргі кезде ел арасында 
айтылмайды, себебі ол әңгімелерді тудырған ескі діни нанымдардың өзі 


148 
өмірден ғайып болды. Ал, жоғарыда келтірілген сюжеттерге келетін болсақ, 
олар Совет өкіметі орнағанға дейінгі қазақ ауылында мұндай әңгімелер кең 
тарағанын көрсетеді. 
Сонымен, албасты туралы хикаялар үш сюжеттен тұрады дедік. Осының 
үшеуінде де албасты адамға зиянкес кейіпкер болып көрсетіледі және оның 
қандай жағдайда адамға ұшырасатыны жайында да айтылады: ол көбінесе 
адамға иен далада, алакөлеңкеде кездеседі: «Үш жолаушы келе жатса, 
жолдың үстінде, бір ешкі суретті нәрсе аузында өкпесі бар жүгіріп барады» 
[7], – деп, бір хикая басталса, енді бірі: «Бір Молжігіт деген атағы шыққан 
бақсы көп адамдармен астан келе жатыр еді. Сол уақытта бір ақ итті көреді, 
аузында өкпесі бар» [8] – деп басталады.
«Біздің елде бір мерген жігіт бар еді. Ол мылтықпен дала аралап, аң-құс 
атып жүретін. Бірде ол албастыға кездесіп, соны әйел қып алыпты. Үйіне 
келіп, өз қатынының қойнына жатқанда, әлгі албасты түнде көрінбей келіп, 
жігіттің екінші жағына жатады екен де, таң ата бере ешкімге көрінбей кетіп 
қалады екен» [9]. Міне, бұл – басқа хикаяның бастауы. 
Албасты туралы хикаялар көркем емес, сондықтан әңгімеде оның да, 
адамның да сырт пішіні, келбеті анық суреттелмейді. Біздің қолымыздағы 
хикаяларда албасты көбінесе хайуан кейпінде көрсетіледі. Рас, кейбір 
хикаяларда ол адам бейнесінде: тек әйел немесе қыз түрінде көрсетіледі. 
Басқаша айтқанда, албастының бейнесі айқын емес. Бұл, біріншіден, оның 
көне заманғы мифтік элементтерін жоғалтпағанын көрсетеді де, екіншіден, 
синкретті образ екенін дәлелдейді. Бұрынғы адамдардың албасты өмірде бар 
деп ойлап, оған сенуінің өзі осы образдың мифтік сипатын танытады. 
Албасты туралы шығармаларды жариялаған кісілердің бәрі де елдің бұл 
әңгімелерге кәміл сенетінін, тіпті, сонда бейнеленетін албасты, жын, 
жезтырнақ тәрізді кейіпкерлерден қорқатынын айтады. Мысалы, Ә.Диваев: 
«Шымкент уезінің Қошқарата болысында тұратын Бексейіт Манкишев дейтін 
бақсы маған өзінің албастымен кездескені жайында айтып берді» [10], - деп 
жазады. 
Қолда бар материалға қарағанда, албасты – синкретті бейне, ол бағзы 
замандарда әртүрлі зиянкестер рөлінде көрінген болу керек. 
Мәселен, Шоқан Уәлиханов ескі қазақ түсінігіндегі албастыны былайша 
суреттейді: «Албасты - әйел босанғанда қастандық қылатын жын (дух). 
Оларды кейде жезтырнақ деп те атайды. Албастылардың басшылары сөрел 
(сорель) деп аталады: оның бойы 3 құлаш (сажень), кеудесі тар, аяқтары 
жіңішке, тұяғы жұқа болады... 
Сөрел – орман адамы, кейбір әңгіме бойынша, ол жезтырнақтың ері 
(күйеуі); кейбір ертектер бойынша, ол әртүрлі кейіпте болады. Сөрел – 
мүлгіген қалың орманды мекендейді, түрі адам сияқты. Оның бойы ұзын 
ағашпен бірдей. Ол адамды қытықтап өлтіреді, орыстың орман адамы 
тәрізді» [11]. 
Ш.Уәлихановтың сөзіне қарағанда қазақтар ол кезде албасты мен 
жезтырнақты, тағы басқа мақұлықтарды (сөрел) бөлектемей, бәрі бір нәрсе 
деп ойлаған сияқты. Бірақ сол кездің өзінде-ақ албастыға айқын рөл берілген: 


149 
жас босанған әйелді өлтіру. Мұндай функция басқа ешбір зияндас жын-
шайтандарда жоқ. Аса бір көңіл аударып айтатын нәрсе сол – албасты образы 
мен оның осы зиянды қызметі жалғыз қазақ емес, көптеген шығыс 
халықтарының фольклоры мен діни нанымдарында кездеседі [12]. Атап 
айтқанда, өзбек, қырғыз, қарақалпақ, түрікпен, түрік, татар, құмық, ноғай, 
малқар, қарашай, ұйғыр, чуваш, тува сияқты түркі халықтарының 
фольклорында албасты туралы хикая кең етек алған. Ал, иран тектес 
халықтарда албасты бейнесі тәжік, шугнан, язгулям, вахан, шикашим, рушан, 
хуф елдерінің фольклорында кездеседі. Албасты сөзі әртүрлі нұсқада, тіпті, 
Кавказдағы абхаз, адыг, нах, дағыстан, армян тілдерінде де бар екен. 
Ғалымдардың айтуынша, албасты сөзі удмурт, мари тілдерінде де 
ұшырасады [13]. 
Осынша елге ортақ албасты образының қызметі ғана ұқсас емес, сондай-
ақ оның сырт пішіні де бірыңғай сипатталады: ол көп жағдайда емшектері 
салбыраған, шашы жалбыраған, әйел түрінде бейнеленеді. Мәселен, 
өзбектерде «албасты шашын жалбыратып жіберген қортық әйел» [14] 
кейпінде суреттеледі, тәжіктерде албасты «бірнеше ұзын емшегі бар, 
шаштары да ұзын әйел бейнесінде көрінеді» [15]. Кавказдағы ноғайлар 
албастыны «шашы жалбыраған, емшектері салбыраған, ірі денелі әйел» [16] 
ретінде бейнелейді. Албастыны осы түрде суреттеу қазақтарда да бар: 
«...албасты ұрғашы, жетпіс емшегі бар, әр емшегімен жетпіс баланы емізеді... 
Келбеті қорқынышты, шашы ұзын болады» [17], – деп жазылған Ә.Диваев 
оқыған молда Көбей Тоқболатовтың қолжазбасында. 
Алайда, албасты образы әр елде кейде әртүрлі болып та сипатталады. 
Жаңағы көрсетілген ортақ белгілерімен бірге әр халық албасты бейнесіне 
басқа бір сипаттар қосқан, сөйтіп, ол еркек болып та суреттеледі. Мысалы, 
ноғайларда еркек албастыны Кіркөйлек деп атайды екен [18]. Қазақтарда да 
еркек албасты бар деп сенушілік жайлы кезінде Шоқан Уәлиханов жазған 
[19]. Сонымен бірге қазақтар, тіпті, албасты адам бейнесі түгіл, хайуан 
кейпінде де көрінеді деп санаған және албастыны сары албасты һәм қара 
албасты деп, екі топқа бөлген. Сары албасты – өте қу болады, адамды 
кездескен кезінде «енді саған жоламаймын!» – деп алдайды да, өзі қайтадан 
қастандығын істей береді, – деп сенген. Ал, қара албасты анадан әлдеқайда 
күшті һәм қауіпті. Оның істеген зұлымдығын жою қиын деп түсінген [20]. 
Қазақтың «қара бассын!», «қара басқыр!» деп қарғауы я болмаса «не қара 
басты?» – деуі осы түсінікке негізделген болу керек. Жын-шайтанды «сары 
қыз» деп, соның түрінде көрінеді деп ұғыну да «сары албасты» туралы 
түсінікке байланысты болуы ықтимал. 
Ал, енді ескі діни нанымдағы албасты бейнесі мен фольклорлық 
шығармалардағы (яғни хикаядағы) албасты образы бір-біріне ұқсай ма, жоқ 
па – міне, енді осыны анықтайық. 
Албасты туралы мифтік түсінік бойынша оның басты функциясы – жаңа 
босанған әйел мен сәбиге қастандық қылу екенін айттық. Осы қызмет барлық 
жоғарыда аталған халықтардың хикаясында көрсетіледі. Рас, албастының 
зиян келтіру жолдары өзгешелеу: тәжік пен өзбек хикаяларында албасты 


150 
жаңа туған сәбиге емшегін емізіп, қастық қылады да, босанған әйелдің құтын 
бекітіп, ендігәрі бала көрмейтін етеді [21]. Ал, қазақ хикаяларында албасты 
толғатып жатқан әйелдің өкпесін ұрлап алып, суға тастайды, сөйтіп, әйелді 
өлтіреді [22]. Рас, хикаялардың көпшілігінде киелі бір адам өкпені ұрлап 
алып бара жатқан албастыны көріп қалып, оны есінен тандыра сабап, 
қорқытып, өкпені қайтадан орнына қоюға мәжбүр етеді. 
Демек, фольклорда (яғни хикаяда) адам албастыдан басым болып 
шығады, оны айтқанына көндіріп, айдағанына жүргізеді. Бұдан фольклорлық 
қаһармандардың алғашқы үлгілерін көреміз. Мұнда мифтегідей ілкі ата жоқ 
және албастыны жеңетін кейіпкер жасампаз-қаһарман сияқты емес, ол 
адамзатқа зиянды мақұлықпен ашық күреседі. Күрескенде, ол жауын алдап 
жеңбейді, күшпен тізе бүктіреді, яғни мұнда трикстэрлік элемент жоқ. 
Албастыны жеңген кейіпкер – болашақта жезтырнақты, айдаһарды, жалғыз 
көзді дәуді жеңетін аңшы-мергеннің, жауды ойсырата талқандайтын 
батырдың алғашқы бейнесі, тұңғыш типі. Көне мифтік ұғыммен байланысты 
болғандықтан бұл кейіпкер кейінгі батырлардай үлкен күштің иесі емес, 
керісінше, шамандық, яғни адамзаттан бөлек тылсым күштермен тілдесіп, 
қажет болса шайқасып, оларды жеңе алатын қасиетке ие. Сол себепті албасты 
туралы түсініктерде оны жеңе алатын адам не бақсы, не бір «киелі» кісі 
болып саналады. Бұлардың қатарында кейде молда жүреді, бұл – исламның 
әсері. Ислам қазақтың бұрынғы діни нанымдарының бәріне қарсы күресе 
отырып6 оларды да мұсылмандық мифологияға енгізіп, өзінің реакциялық 
мүддесіне пайдаланып отырған. Мысалы, Ә.Диваев көшіріп алып, 
жариялаған бір діни қолжазбада әйел затын кеміту үшін албасты, жын, 
диюларды Хауа-ана Адам-атасыз тапқан, сондықтан олар адамға қаскүнемдік 
қылады делінген [23].
Ал, фольклорлық хикаяда албастының шығуы туралы әсте сөз 
болмайды. Хикая үшін маңыздысы – дүниеде көрінбей жүретін мақұлықтар 
болатынын адамға білдіріп, оны олардан сақтандыру. Бұл – алғашқы қауым 
заманындағы адамдардың өзін қоршаған ортаны, төңіректі, тіпті, бүкіл 
дүниені танып-білу барысында туған. 
Албасты туралы хикая халықаралық сипатта болса, жезтырнақ туралы 
хикая тек қазақ фольклорында ғана бар. «Жезтырнақ – әйел кейпіндегі жын 
(дух). Ол орманда өмір сүреді. Жезтырнақ туралы аңыздар көп» [24], – деп 
жазады Ш.Уәлиханов. Иә, қазақта жезтырнақ жайында хикая көп. Біздің 
қолымызда 20 шақты мәтін бар.
Жезтырнақ туралы хикаялардың негізгі сюжеті мынау: аңшы-мерген я 
болмаса жолаушы батыр кешке таман қосына келіп, ас пісіріп отырғанда, 
қасына шолпысын сылдырлатып, әдемі келіншек келеді. Жігіт оған тамақ 
ұсынады, ал әйел тамақты қолының ұшын жасырып алады. Тамақ ішіп алған 
соң келіншек жайына кетеді. Енді мергенге «осы жезтырнақ емес пе екен?» - 
деген ой келеді де, ол сақтана бастайды, өзінің орнына бөренені ұйықтап 
жатқан адам құсатып орап қояды да, өзі басқа жақта аңдып отырады. Біраз 
уақыт өткен соң бағанағы әйел ұрланып келіп, бөренені адам екен деп 
қапсыра құшақтап, тырнағымен қарс айырады. Осы сәтте аңдып тұрған 


151 
мерген мылтығын басып қалады. Өлгеннен кейін келіп қараса, жезтырнақ 
екен. Жігіт оның тырнақтарын кесіп алады да, қоржынына салып қояды. 
Кейбір хикаялар мұнымен бітпейді. Өлген жезтырнақтың балалары кек алуға 
тырысып, әлгі мергенді аңдиды, одан түк шықпаған соң оның балаларын 
ториды. Мергеннің балалары да қапыда қалмай, жезтырнақтың келетінін 
біліп, тосып жүреді. Ақыр соңында, жігіттің балалары жезтырнақтың 
ұрпағын жоқ қылады. 
Жезтырнақ туралы хикаялар албасты, жалғыз көзді дәу жайындағы 
әңгімелерге 
қарағанда 
біршама 
көркемделген, 
тіпті 
шежірелік 
(генеалогиялық) циклге де түсе бастаған, яғни ертегі жанрына ойыса түскен. 
Мұнда құр адамның жезтырнақпен кездескен оқиғасы ғана айтылмайды. 
Оқиға әрлене баяндалады, жезтырнақ келер алдындағы адамның жай-күйі, 
маңайдағы табиғат, түн сипатталады, тіпті жезтырнақтың сыртқы киімі, 
кескіні суреттеледі. Ойымыз дәлелді болу үшін жезтырнақ келер сәтті 
байқайық: 
«Бір күні Қара мерген кешкісін ет пісіріп отыр еді, бір сыбдыр естілді. 
Мерген бұл не сыбдыр? Бұл маңайда ешкім жоқ еді ғой!» - деп жан-жағына 
қарады. Дәл осы сәтте қостың ішіне көк көйлек киген әйел кіріп келді де, 
үндеместен бір тізесін бүгіп, отыра кетті. Мерген әйелге зер сала қарап еді, 
беті сап-сары, көзі аларған екен. Ол да мергенге тесіле қарады» [25]. 
Тағы бір мысал: атасының жезтырнақты қалай өлтіргені туралы Жүсіп 
мерген қасындағы серігіне айтып отырып, жезтырнақ келген мезетті былай 
суреттейді: «Атам атып алған таутекенің төстігін отқа қақтап отырып, үңгірге 
түсініксіз бір дыбыс жақындап келе жатқанын сезеді. 
«Зыңғыр, зыңғыр» деген дауыс естілген соң, атам бұл жезтырнақтың 
мыс тырнағынан шыққан дыбысы екенін біліп, оның келуін күтеді. Содан 
шынымен үңгірге адам тәрізді бірдеңе келеді, үстінде шапан, басында тақия» 
[26]. 
Келтірілген екі үзіндіде жезтырнақтың келер мезгілі – түн, адам әр 
дыбыстан сескенетін уақыт. Оның үстіне маңайда тірі жан да жоқ, айдала. 
Бұның бәрі тыңдаушыға үрей туғызары сөзсіз. Демек, жезтырнақ жайындағы 
хикаяларда тек оқиғаны айтуға ғана мән беріліп қоймайды. Мұнда 
тыңдаушыға қажетті дәрежеде әсер ету керектігі де ескеріледі, ал бұл – 
көркем фольклордың белгісі. Демек, хикая жанрында көркемделудің 
алғашқы нышаны елес бере бастайды. 
Біздің бұл ойымызды дәлелдейтін тағы бір нәрсе – жезтырнақтың сырт 
пішіні мен киімінің суреттелуі, ендеше, біз фольклорлық бейне пайда бола 
бастаған деп айта аламыз. Әрине, бұл - әлі таза фольклорлық көркем образ 
емес, бірақ соның өзінде де образдың сыртқы түрін, кескінін бейнелеу бар 
және бір қызығы – жезтырнақтың түрі барлық хикаяда бірдей емес. Айталық, 
бір хикаяда ол жап-жас келіншек түрінде келсе, екінші бір хикаяда ол үсті- 
басын түк басқан еркек адам болып көрінеді. 
Жезтырнақтардың әртүрлі кейіпте көрсетілетінін Шоқан Уәлиханов та 
айтқан. Сонымен бірге кейбір хикаяларда жезтырнақ жалғыз жүрмейді, тіпті, 
жезтырнақ елі бар екені, олардың да басшылары, көсемдері болатыны 


152 
жайында айтылады. Бұдан біз бұл жанрда дүниеде адамзаттан басқа да, көзге 
көрінбейтін тірі жандар, мақұлықтар бар деген мифтік ұғымның ізі 
сақталғанын көреміз. Ендеше, хикая – көне жанр, ежелгі мифтің өзгерген түрі 
деген пікірімізді бұл тағы да дәлелдеп тұр. Басқаша айтқанда, хикая жанры 
қазақ жұртында көркем ертегімен көп уақыт қатар өмір сүрген, жай ғана өмір 
сүріп қоймаған: ұзақ мезгіл ішінде жаңа хикаялар туып, ескілері ертегіге 
айналып отырған басқа жанрлармен қоян-қолтық араласып, бүкіл 
фольклорлық процестің ішінде болған. Осы ойымызға орай С.Сейфуллиннің 
мына сөзін еске түсіре кетейік. 
«Тіпті, ертек, әңгімелердің көшпелі ел арасында шығуы, – деп жазады 
ол, – соңғы жылдарға шейін үзілмей келеді. Арғыдағы елдерде, соңғы жылда 
да «метр аяқ», «үш буын», «айдаһар», «жапан далада жүргенде пәленді 
перінің қызы шәріне көтеріп апарып, қайтып әкеліп тастапты» деген ертектер 
шығып жүрді. Ана жылы, жаз жаңбыр болмаған жылы «пәлен жерде пәлен 
сұмырайды көріпті», «сұмырай келсе, су құриды» деген осы екен деп, 
шындай сөйлеп жүрді...». 
Міне, қазақтың ауыз әдебиетіндегі ертек, әңгімелер ескі замандағы 
надан жұрттың нанатын әңгімелері» [27]. 
С.Сейфуллиннің айтып отырғаны – біз талдап отырған хикаялар, тек ол 
басқаша атаған. 
Біз жезтырнақ образына қайта оралайық. Жоғарыда айтылғандай, 
жезтырнақтардың өз елі бар деп сенген халық хикаяда жезтырнақтың жұртын 
бейнелейді. 
«Бір күні Төлебай батыр бір жолдасын ертіп, тауға аңға кетеді. Тау 
аралап жүріп, олар мал жайып жүрген кісілерді көреді, бірақ олар 
Төлебайларға жылы жүз көрсетпейді. Осы кезде Төлебай тастан қаланған 
үйлерді көреді де, соған қарай бет бұрады. Шеткі үйге жақындағанда ішінен 
жезтырнақ шығып, Төлебайға жылы шыраймен сәлем береді де, батырға 
аттан түсіп, үйге кіріп, шай ішіп кетіңіз», - дейді. Төлебай тоқтамай өтіп 
кетеді де, жанындағы жолдасына «жезтырнақ елінен күні-түні жүріп шығып 
кетейік!» - дейді [28].
Ел түсінігінде жезтырнақтың отбасы болады, оның отбасындағының 
біреуін өлтірген кісімен ол өле-өлгенше өштеседі. Біраз хикаяда әйелі, я 
болмаса баласы кісі қолынан қаза тапқан жезтырнақ өмір бойы сол адамды, 
немесе оның баласын өлтіру ниетінде болады. Мысалы, «Мамай батыр» атты 
хикаяда атасы мен әкесін апат еткен жезтырнақты өлтіріп келген батырға 
бақсы былай дейді: 
«Бұл көк тырнақ адамды ұсатып жібереді және бұл (жезтырнақ – С.Қ.) 
ерлі-байлы екеу еді. Сенің өлтіргенің дұрыс. Бірақ балтаны алмау керек еді. 
Енді мұның ері бар. Ол осы балта қайда тұрса, соны іздеп тауып, ауылыңмен 
үгіп кетеді, – деді. – Балтаны бекер алдың, бұл айда болмаса, үш жылда 
қайдан болса да, табады. Оған дейін босағада ұйықтамай қарап отыруың 
керек. Егер білмей, ұйықтап қалсаң, ауылыңның шетінен аяғына дейін түгел 
қырады. Және оның өз балтасы болмаса, өзге нәрсе оның басын кесе 
алмайды», – деді [29].


153 
Ш.Уәлихановтың сөзіне қарағанда, қазақтар бұрын жезтырнақ ұрғашы 
және еркек болады деп ойлаған, ұрғашысын – жезтырнақ, еркегін сөрел деп 
атаған [30].
Міне, жоғарғы мысал – осы түсініктің көрінісі. 
Алайда, қазақтарда жезтырнақтардың мекені туралы түсінік әртүрлі 
болғанға ұқсайды. Мысалы, Ш.Уәлиханов жезтырнақтар орманда тұрады 
десе, Ә.Диваев биік тауды мекендейді дейді. Мұндай тұжырымдарды 
А.Хорошхин де, А.Вамбери де айтады. Қалай болғанда да, қазақтар ежелде 
жезтырнақтың елсіз жерде тұратынына сенген: мүлгіген қалың орман да, 
адам шыға алмас биік тау да, ит тұмсығы өтпес ну қамыс та, адам жүрмес 
жапан дала да - мұның бәрі тағы аңдар мен құстар мекені. Ондай жерлерге 
тек аңшылар, мергендер барады, жолаушылар амал жоқ түнейді. Сондықтан 
хикаялардың бас кейіпкері – батыр, мерген, аңшы болады. Олар өз басынан 
өткен оқиғаларды ауылға келгенде әңгіме қылып айтады. Ол әңгіме бірден-
бірге айтылып, жұртшылыққа тараған кезде батырдың кездестіргені кәдімгі 
аң емес, таңғажайып нәрсе болып шығады. Қазақ арасында осындай 
әңгімелердің туып, таралуы, өзгеруі туралы С.Сейфуллин өте дәлелді етіп 
айтқан: 
«Міне, осы неше түрлі аң мен құстардың тіршілік, тұрмыстарын, 
сырларын, күйлерін аңдып, көріп, бақылаған аңшылар кешке ауылға 
қайтқанда көрген-білген, естігендерін от басында әңгімелейді. Жаратқан 
сәйгүлік атқа мінісіп, қолдарына жебелі, шашақты, толғамалы найза, шүйделі 
айбалта алып, жорыққа жауға аттанған ерлер де көрген, білген, естігендерін 
әңгімелеген... 
Батыр, мерген жортуылшылар түн қатып, түн жамылтып, көктегі 
бырдай болып құлпырған алтын гауһар жұлдыздардың от шашып ойнаған 
құбылыстарын, жүрістерін бақылайды. Бұл жортуылшылар да жорықтан 
қайтқанда көрген, білген, естігендерін от басында әңгімелейді. Және алыс 
жерге барған жолаушылар қайтқанда да, немесе қонақ келіп қонғанда да, 
тағы да осындайлар жүздеп ауылға қайтқанда, кешке от басында отырып
айнала отырған қатын-қалаш, кемпір-шал, ауыл адамдарына көрген, білген 
оқиғаларын әңгіме қылып айтады. Айтқанда, өзінің түсінуі бойынша, болған 
оқиғаны екінші түрде әңгімелуі мүмкін. Немесе әңгімені дәмдендіріп 
айтамын деп, немесе серпіп, мақтанып айтып, өтірікті қосып айтар болатын. 
Міне, сол көрген білгендерін, естігендерін сөйлеген дәмді әңгімелер 
бірте-бірте ертек те болып кететін...» [31]. 
Сонымен, аңыздық прозаның меморат әңгімелері бірте-бірте хикаяға, 
одан әрленіп, айшықтанып, көркем фольклорға айналады дедік. Соның 
тамаша дәлелін Жамбыл жырлаған «Өтеген батыр» атты эпостан көруге 
болады. Мұнда Өтеген батыр мен оның жолдастары жер жаннатын іздеп 
жүріп, небір оқиғаларға тап болады. Соның бірі – жезтырнақпен кездесу [32]. 
Міне, бұл жерде біз жезтырнақ туралы көне хикаяның көркемделіп, 
эпосқа кірігіп кеткенін көреміз. Бір қызығы – Жәкең «Өтеген батырды» хикая 
деп атапты. Атаса атағандай: эпостың мазмұны бірнеше хикаядан тұрады. Әр 
хикая өзінше бір жыр іспетті, өрнектелген, бойына эпос поэтикасын сіңірген. 


154 
Ал, біз талдап отырған жезтырнақ туралы хикаяның сюжеті бұл эпоста 
толық сақталған, сюжеттің барлық элементтері түгел: 
1)
түн қараңғысында елсіз жерде жолаушылардың тамақ пісіруі; 
2)
олардың қасына екі әйелдің келуі; 
3)
тамақ ішіп болған кезде олардың кетуі; 
4)
жігіттердің өз орнына томарды қойып, үстіне шапан жауып, 
жезтырнақты аңдуы; 
5)
түннің бір уағында екі әйелдің қайтып келіп, томарларға тырнағын 
салу; 
6)
батырдың оларды атып өлтіруі. 
Сонымен қоса, «Өтеген батырда» қарапайым хикаяда суреттелетін 
ситуация түгел берілген: мүлгіген қалың орман, қараңғы түн, 
жезтырнақтардың алғашында ашық, кейін ұрланып келуі, жігіттердің үрейі. 
Хикаядағы жезтырнақ пен эпостағы жезтырнақтың іс-әрекеттері де, 
мінез-құлығы да бірдей, тіпті, жезтырнақтың өлтірілу әдістерінде де еш 
өзгеріс жоқ. 
Алайда, осыншама ұқсастыққа қарамастан хикая мен эпос екі түрлі 
шығарма (екі жанр) болып көрінеді. Бұл заңды, өйткені, жоғарыда 
көрсетілген ұқсас компоненттер эпоста өте айшықталып, әсіреленіп 
бейнеленген, яғни дәстүрлі хикаялық сюжет көркем түрде баяндалған. 
Сөйтіп, бір жанр (хикая) екінші жанрға (эпосқа) ауысқан. Бұл бір жағынан, 
сюжеттің жанрдан бұрын пайда болатынын растаса, екінші жағынан, жанр 
дегеніміз сюжетті баяндау тәсілі екенін дәлелдейді, ал үшінші жағынан, 
аңыздық қарапайым прозаның көркем фольклорға айналу процесі заңды 
құбылыс екенін көрсетеді. Бұны, әсіресе, «Өтеген батырдың» Жамбыл 
жырлаған екі нұсқасын салыстырғанда айқын көруге болады. Екінші нұсқада 
да жаңағы хикаяның сюжеті, кейіпкерлері, ситуациясы, не керек, барлық 
дәстүрлі компоненттері бар, бірақ олар бірінші нұсқадан гөрі басқаша 
бейнеленген. Олар мұнда да әсіреленген, көркемделген, эпос поэтикасының 
заңына сәйкес жырланған. Міне, мифтің хикаяға, хикаяның көркем 
фольклорға айналғаны деген осы!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет