Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы


көне тарихи аңыздарына Алтын Орда дәуірі



Pdf көрінісі
бет95/122
Дата19.09.2023
өлшемі2,12 Mb.
#108500
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   122
Байланысты:
фольклор

көне тарихи аңыздарына Алтын Орда дәуірі
мен Қазақ 
хандығы құрылған шақтың оқиғаларын баяндайтын Тоқтамыс, Едіге, 
Ақсақ 
Темір, Жәнібек, 
Асан 
қайғы 
есімдеріне 
байланысты 
шығармаларды да жатқызуға болады
[20]. Бұл аңыздарда нақты бір 
тарихи оқиға суреттелмесе де, жалпы сол мезгіл шындығы тарихи бірнеше 
оқиғаны шоғырландыру арқылы көрсетіледі. Мәселен, Тоқтамыс жайындағы 
аңызда сол кезде анық болған Тоқтамыс пен Едіге арасындағы (бірде тату, 
бірде араз) қатынас Хабардин және Сәтемір (дұрысы Ақсақ Темір) атты 
қаһармандардың араласуы арқылы баяндалады. 
Оғыз-қыпшақ дәуірі мен моңғол шапқыншылығы, Алтын Орда 
замандарында пайда болып, уақытпен бірге талай өзгеріске ұшыраған көне 
тарихи аңыздарға қарағанда 
ХVIII-ХIХ ғасырлардың оқиғаларын 
баяндайтын шығармалар тарихи негізін айқынырақ сақтаған
. Әсіресе, 
жоңғар қалмақтарына қарсы ұрыс-соғыстар жайындағы аңыздар өзінің 
тарихи шындылығымен құнды.
Солардың ішінде нақтылы оқиғаны баяндайтын аңыздар да көп. 
Мұндай шығармалардың көпшілігі жасақтарды басқарып, кескілескен ұрыста 
ерлігімен елді таңдандырған қолбасшы батырлар, сұлтандар есімімен 
байланысты болып келеді [21]. Міне, осындай аңыздардың ішінен мысалға 
Қазыбек, Абылай, Бөгенбай, Қабанбай, Байғозы, Жапақтардың басынан 


177 
кешкен оқиғаларды баяндайтын шығармаларды атауға болады. Бұл 
шығармалардың басты ерекшелігі – нақты болған оқиғаға негізделгендігі. 
Мәселен, Абылай ханның жоңғарлықтарға тұтқын болуы жайындағы аңызды 
алайық. Тарихи мағлұматтар бойынша жоңғарлықтар небәрі 50 жылдың 
ішінде, яғни ХVIII ғасырдың бірінші жартысында, қазақ еліне бірнеше дүркін 
шабуыл жасап, екі ел арасында 1710, 1717-1718, 1723, 1728, 1730, 1741-1743 
жылдары қиян кескі ұрыстар болған [22]. Сондай ұрыстардың бірінде (1741 
ж.) Абылай 2 мыңдай жасағымен жоңғарлықтардың қолына түсіп, тұтқыннан 
Россия елшілігінің араласуы арқасында босайды [23]. 
Аңызда осы оқиға дәл бейнеленген, бірақ, әрине, тарихи жылнамалар 
мен документтерден өзгеше. Шоқан Уәлиханов жазып алған аңыз бойынша 
жоңғарлықтардың кезекті бір шабуылында Абылай жекпе-жекке шығып, 
Галдан-Цереннің Чарча деген баласын өлтіреді. Галдан баласын өлтірген 
адамды кім болса да, қайдан болса да тауып әкелуді бұйырады. Қалмақтар 
аңдып жүріп, Абылайды серіктерімен аңда жүргенде қолға түсіреді де 
Галданға алып келеді [24]. 
Ал, екінші бір аңызда Абылайдың тұтқынға түсуі басқаша баяндалады. 
Галдан Абылайға: «Еркімен маған бағынасын, әйтпесе соғыс ашамын!» - деп 
елші жібереді. Абылай ашуланып, елшіні өлімге бұйырады да, «Жау қолын 
қарсы алуға дайынмын!» - деп хабар жібереді. Галдан мұны естіген соң 
бірнеше мың әскер жібереді. Осы ұрыста Абылай қолға түседі. Оның 
жеңілген себебін аңыз елшіні өлтіргендіктен болды деп түсіндіреді [25]. 
Міне, Абылайдың тұтқынға түсуін екі аңыз екі түрлі баяндайды. Бұл – 
фольклор табиғатынан туып отырған құбылыс, сондықтан бұл жерде ешбір 
жалғандық жоқ. Өйткені, фольклорлық шығарма қаншалықты шыншыл 
болғанмен тарихи фактіні сол қалпында суреттемейді. Халық ол фактіні 
өзінің қалауынша суреттейді. Мәселен, Абылайдың дәл қандай жағдайда жау 
қолына түскенін ешкім тура айта алмайды, себебі оны көрген адамдардың, я 
болмаса Абылайдың өзінің сөзі сол кезде хатқа түспеген, демек, ауызша 
тарап, бірден-бірге айтылып, біздің дәуірге дейін көп өзгеріске түскен. 
Сондықтан айтушылар оқиғаның өзін сақтап, оны өздерінше түсінідіріп 
отырған. (Фольклорлық шығармалардың варианттары болатыны да осындан). 
Сонымен бірге Абылайдың тұтқында не көргені, қандай жағдайда болғаны да 
дәме-дәл аңыздалмаған. Ол туралы әзірге тарихи дерек те жоқ. 
Рас, Шоқан нұсқасындағы аңызда тұтқында жатқан Абылайдың 
тағдыры шындыққа жақын келетін сияқты: өлген баланың шешесі күнде 
Абылайға, оның серіктеріне қарғыс айтып, лағнеттеп отырады. Шыдамы 
таусылған Абылай бір күні дірілдеп, тісін шықырлатып, жұдырығын түйіп 
келе жатқан әйелге: «Ей, қақбас қалмақ! Сенің ұлың сияқты қаңғыбас құл 
қайда өлмеген!» - дейді. Әйел ойбайлап Галданға барады да, Абылайды 
өлтіруді талап етеді [26]. 
Міне, аңыздың осы тұсы шындыққа жанасады: тұтқындағы адамның 
өмірі тәтті болмаса керек. Оның үстіне тағы бір айтатын нәрсе: Шоқан жазып 
алған уақытта Абылай туралы әңгіме, аңыздар тарихи шындықтан онша 
алшақтамаған болатын, олар әлі фольклорлық жанрдың аясына толық 


178 
түспеген-ді, өйткені оқиғаның болған кезінен онша көп уақыт өткен жоқ-ты. 
Және Абылай тұқымының үйлерінде (Шыңғыстың да үйінде) ол туралы 
әңгімелер мен аңыздар барынша алғашқы қалпында сақталған болар, 
сұлтандар бабалары жайлы өтірік сөз айтқызбаған да шығар. 
Рас, Шоқан келтірген мәтінде Абылайды асыра мақтау үшін 
фольклорлық дәстүр пайдаланылып, бұрынғы өткен бабалар туралы әңгіме 
(семьялық хроника десе де болады) тарихи аңызға айналған да, осы жанрға 
тән сипаттарға ие болған. Мұны аңыздың соңынан да байқауға болады: 
әйелінің іс-әрекетін көріп: «Осы Абылайды өлтіріп қояр» - деп қауіптенген 
Галдан қазақ сұлтанын жанындағы Жапақ батырмен бірге бостатып, еліне 
қайтарады [27]. 
Шындығында олай емес, бірақ айтушылар осылай етіп көрсеткісі 
келген. Жалпы, тарихи аңызда оқиғаның сұлбасы сақталып, адамдардың 
істері, мінез-құлқы дәуірдің, қауымның талабына сай баяндалады. Сол 
себепті де Абылайдың тұтқынға түскені туралы аңызда сұлтанның бейнесі 
сол кездің қажеттігіне сәйкес дәріптеле суреттелген. Аңызды айтушы мен 
тыңдаушылар үшін Абылайдың өз басынан гөрі қазақ сұлтанын қалмақтың 
қонтажысынан артық етіп көрсету маңызды. Кейбір осы сюжеттес аңыздарда 
Абылайдың орнында басқа біреудің болатыны сондықтан, бірақ мұнда біраз 
сюжеттік өзгешеліктер бар [28]. Қонтажыны нашар етіп көрсету Қазыбек 
туралы аңыздарда да орын алған. 
Қазақ елінің өкілін жаудың ханынан басым қылып, көтере суреттеу – 
фольклорлық шығармадағы ең басты тәсіл. Сондықтан сұлтандар мен 
батырларды бейнелейтін аңыздардағы дәріптеу – шарттылықтың бір түрі. 
Хан мен сұлтандарды халық оның байлығы мен билігі үшін мадақтамайды, 
керісінше, жауға қарсы күресте ерлік көрсетіп, ел бастағаны үшін, ақыл-
айламен жол көрсеткені үшін және ең бастысы – елдің атынан сөйлеп, 
халықтың жоғын жоқтап, соның көрнекті өкілі бола білгені үшін дәріптейді.
ХVIII ғасырда туған тарихи аңыздар тарихи фактілер мен тарихи 
жағдайларды нақтылы, дәл суреттейді. Мысалы, сыртқы шапқыншыларға 
тойтарыс беру жолындағы соғыстар, 1730 жылы Аңырақайда қазақтар 
жеңген ұрыс, 1741-1742 жылдарғы Абылай бастаған жасақтардың соғысы, 
олардың тұтқынға түсуы, Абылай ханның Ботақанды өлтіріп, Жанайды 
байлап алуы, төлеңгіттердің Жағалбайлыны шабуы, т.т. – міне, осының бәрі 
тарихта шын болған оқиғалар. Бұл оқиғалар жайындағы аңыздарда баяғыда 
болған жәйттер баяндалмайды (оны көне аңыз бен хикаяттан көреміз), 
керісінше, өз дәуірінің көкейкесті мәселелері, реалды өмірі суреттеледі.
Демек, фольклорлық жанр ретінде тарихи аңыз ХVIII ғасырда жаңа 
сатыға көтеріліп, өзіне хас белгілер мен сипаттарға толық ие болады. Сөйтіп, 
ол бізге сол дәуірдің тарихын баяндап, сол кездегі оқиғалардан, өмірден 
мәлімет береді, білімімізді арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет