174
мен әңгімеленетін шаһарлар сол VIII-ХI ғасырларда
болған оқиғаларда
көрнекті роль атқарған. Сондай қаланың бірі – Жанкент. Бұл шаһар Х
ғасырда оғыз ұлысының астанасы болып, Орта Азия, Таяу Шығыс, Жетісу,
Қытай,
Еділ
бойындағы
елдердің
сауда-саттық,
мәдени,
саяси
байланыстарында үлкен роль атқарғаны тарихтан белгілі. Жанкент
қаласының қираған қалдықтары Қазалыдан 20-30 шақырымдай төмен
Сырдарияның сол жағында жатыр.
Жанкент қаласының қашан, қалай қирағаны туралы нақты жылнамалық
дерек әлі табылған жоқ. Қалай болғанда да бұл қаланың құлауы
жаугершіліктен болғаны дау туғызбаса керек. Мәселен, 1897 жылы мынандай
бір дерек жарияланыпты: «Жент қаласын оның төңірегін жаулап алғаннан
кейін моңғолдар Жанкентті басып алды.
Олар өзенмен құлдилап төмен
түсіпті, бірақ бұл жорыққа Жошының өзі қатысты ма, жоқ па – бегісіз. Жент
өлкесін түгел бағындырып алғаннан соң Жошы әкесіне қосылу үшін Бұқараға
бет алғаны анық» [7]. Демек, оғыз-қыпшақ заманында гүлдеп тұрған Сыр
бойындағы Жент, Сұнақ, т.б. қалалар сияқты оғыздардың астанасы болған
Жанкент те Шынғысхан бастаған моңғол шапқыншылығы кезінде қатты
қираған.
Ал, бізге жеткен аңыздарда Жанкент шаһараның
тарихы таза
фольклорлық дәстүрде баяндалады. Бұл туралы Әлкей Марғұлан былай деп
жазады:
«Жанкент туралы айтылатын қазақ аңыздарында бұл қаланы
мекендеген елдің жойылып кетуін, оның күйреп бітуін қалаға ордалы жылан
қаптап кетуінен деп қауесет етеді. Қаланың даңқты адамдары Қорқыт ата,
Сарман құса,
Санжақ сұлтан, оның жұбайы Бикем, олардың ата-аналары
тегісімен жыланның шағуынан өледі. Жанкент патшалығын сақтау үшін Сыр
бойына қара дауыл соқтырып, Қорқыттың күшті
рухы ретінде қара бура
келеді» [8].
Жанкент шаһараның қирауы туралы аңыздар [9] қай кезде пайда
болғанын анықтау қиын [10]. Ә.Марғұланның айтуынша, бұл аңыз «Қорқыт
кітабы» мен «Оғыз намеде» айтылатын Қазанбектің ордасын бешенелер
қиратқан оқиғаны суреттейді [11]. Біздің ойымызша, бұл аңыз дәл бір тарихи
оқиғаны баяндамайды. Мұнда байқалатын нәрсе – тарихи анахронизм:
Жанкенттің қирауын бергі дәуірлерде болған деп әңгімелеу. Шындығында,
Жанкент қаласы бірнеше соққыны басынан өткерген: арабтардың шабуылы,
моңғолдардың шапқыншылығы және Ақсақ Темірдің жорықтары. Осы
оқиғалардың дәл қайсысы жоғарыдағы аңызға негіз болғанын тап басып айту
қиын.
Дегенмен, фольклордың әр дәуір іздерін бойына сіңіріп отыратынын
ескерсек, бұл аңызға алғаш түп негіз болған оқиға мұсылман дінін таратушы
арабтардың қалаға басып кіруі сияқты. Аңызда мұсылмандық сарынның
айқын көрінуі де қосымша дәлел іспетті. Уақыт өте келе аңыз кейінгі
кездерде
болған оқиғаларды да қамтыған, бірақ бергі замандарда оқиғалар
көмескі тартып, аңызда қиял басым бола бастаған. Сөйтіп, біздің дәуірге ол
аңыз көркемделіп, көптеген қосымшалармен толықтырылып,
басқа сипатта
жеткен. Сондықтан мазмұны мен поэтикалық кестесіне қарағанда жоғарыда
175
келтірілген шығарма аңыздан гөрі әпсанаға және хикаятқа жақын. Мұнда
әпсанаға тән ғажайыптық (фантастика) бар, кереметтіктің элементтері
(элементы чудесного) айтарлықтай көркем функция атқарып тұр. Оның
үстіне бұл шығармада хикаяттың басты белгісі – діни (мұсылмандық)
мифология айқын көрініс береді. Міне, мұның бәрі Жанкент қаласы туралы
аңыздың жанрлық сипаты жағынан әпсана
мен хикаятқа айналғанын
көрсетеді. Демек, өте ертеде пайда болған көне аңыздар бірте-бірте әпсанаға,
хикаятқа, тіпті ертегіге айналады.
Қолымыздағы материалдарға қарағанда көне тарихи аңыздардың
ішіндегі жанрлық сипатын біршама тәуір сақтағандары
Достарыңызбен бөлісу: