ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
САЛАСЫНЫҢ БЕЛГІЛІМАМАНЫ, ҒАЛЫМ-ПЕДАГОГ,
ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ,
ПРОФЕССОР ШӘРКҮЛ ТАУБАЕВАНЫҢ
ӨМІРІ МЕН ҒЫЛЫМИ-УСТАЗДЫҚ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ
ҚЫСҚАША ОЧЕРК
Таубаева Шэркүл - 1947 жылы Қызылорда облысының
Жаңақорған ауданында Аққұм стансасында дүниеге келген.
Мэншүк Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесін
1965 жылы қызыл дипломмен бітірген. Абай атындағы
Қазақтың педагогикалық институтының тарих факультетін 1969
жылы тарих мамандығы бойынша тэмамдап,
1969-1971
жылдары Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының № 3 орта
мектеп-интернатының бастауыш сыныптар жэне тарих пэні
мұғалімі болып істеді. 1971-1974 жылдар аралығында Абай
атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының
педагогика кафедрасының аспирантурасында білім алды.
1977-1986 жылдары Орталық мұғалімдер білімін жетілдіру
институтының тарих және қоғамтану кабинетінің эдіскері, озат
педагогикалық тэжірибені ендіру кабинетінің меңгерушісі,
1986-1991 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы педагогика
гылымдарының
гылыми-зерттеу
институтының
ақпарат
бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, дидактика секторының аға
ғылыми
қызметкері,
гылым
жетістіктері
мен
озат
педагогикалық тэжірибені практикаға ендіру бөлімінің меңгеру-
шісі, Қазақ ССР-і педагогикалық зерттеулерін үйлестірудің
Республикалық кеңесінің ғылыми хатшысы болып қызмет
атқарды. 1991-1993 жылдары Орталық мұғалімдер білімін
жетілдіру институтының педагогика жэне психология кафедра-
сының ага оқытушысы болды. 1993-1998 жылдары Ы. Алтын
сарин атындағы Қазақ білім проблемалары институтының ғалым
хатшысы, директордың ғылым жөніндегі орынбасары қызметін
атқарды.
Ғылыми қызметкерлердің, аспиранттардың эдіснамалық
семинарларын жүргізді. Осы жылдары Қазақстан Республикасы
Үкіметі 1996 жылы 26 қыркүйекте № 1173 қаулысымен бекіткен
«Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері үшін
21