Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


пәні- білім беруге қатысты  пәнаралық  теориялар, заңдар, заңдылықтар, категориялар, ұғымдар



Pdf көрінісі
бет6/282
Дата19.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#108736
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1) (2)

пәні-
білім беруге қатысты 
пәнаралық 
теориялар, заңдар, заңдылықтар, категориялар, ұғымдар, 
терминдер, принциптер, постулаттар, ережелер, әдістер, болжамдар, 
идеялар, фактілер.
Б.С. Гершунскийдің пайымдауынша, «білім беру философиясының мәні 
– білім беруге бетбұрыс алған философия», немесе «білім беру іс-әрекетінің 
барлық қырларының өзіндік ғылыми парадигмасы». 
 
Сонымен,
білім беру философиясының мәні-
адам өмірінің түрлі 
кезеңдеріндегі оқыту, тәрбиелеу және дамытудағы құндылық-бағдарлық,
мазмұндық-үдерістік, нәтижелік компоненттері жайлы ғылым аралық білімдер 
жүйесі. 
Білім беру ұғымының күрделілігі оны жан-жақты қарастыруды қажет 
етеді. Білім беру философиясының белгілі теоретигі Б.С. Гершунский 
білім беру
ұғымын 4 қырынан қарастыруға болатынын атап көрсетеді:білім беру 
құндылық
ретінде;білім беру 
жүйе
ретінде; білім беру 
үдеріс және іс-
әрекет
ретінде; білім беру 
нәтиже
ретінде
(Сурет 1).
Сурет 1. – Білім беру ұғымының 4 негізгі аспектілері 
Білім беруді неліктен 
құндылық
ретінде қарастыру қажет? Құндылық – 
кез келген индивид, топ, ұжым, этнос, т.б. үшін өмірлік маңызы жоғары 
материалдық немесе рухани нысандар. Құндылықтар әр ұлт үшін немесе 
жалпы адамзат үшін маңыздылығына байланысты 
ұлттық
және 
жалпыадамзаттық 
құндылықтар деп ажыратылып қарастырылады. Әр ұлт 
үшін не құнды? Әрине, ол ұлттық тіл, мәдениет, салт-дәстүрлер, әдет-
ғұрыптар, ұлт тарихы, т.б. Ұлттық құндылықтарды меңгеру негізінде адам 
санасында 
жалпыадамзаттық 
құндылықтарға 
деген 
қатынастары 
қалыптасады. Олардың қатарына ұлттық және нәсілдік айырмашылықтарына 
қарамастан барлық адамдарға ортақ маңызды болып есептелетін құнды 
нысандар жатады. Мысалы: адамның өмірі, денсаулығы, бас бостандығы, 
адамгершілігі, қадір-қасиеттері, білімі, т.б. Адам санасында аталған 
құндылықтарға деген көз-қарас білім беру жүйесі арқылы қалыптасатыны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   282




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет