Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет96/282
Дата19.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#108736
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1) (2)

2.4.Педагогикалық теория.
Ғылыми білімнің басты құрамдас бөлігі – 
теория.
Әрине, ғылыми білім – шынайы болмысты тәжіри-белік танудың 
мәліметтері, зерттеу барысында алынған фактілер, анықталған эмпирикалық 
заңдылықтар. Бұның бәрінің ғылыми білім-нің құрамдас бөліктері ретінде 
теория тұтастық қасиетін қалыптас-тырады. 
Ғылыми теория 
зерделенетін 
шынайы болмысқа тән заңды-лықтар мен мәнді байланыстар туралы түсінік 


96 
беретін білім болып табылады. 
 
Теория білімдерді жүйелеу, зерделенетін нысанның болашағын 
болжау үшін де қажет. Демек, ол нысанның даму болашағын болтам-дау 
үшін де керек. Теориясыз түсіну жоқ, сондықтан да түсіну – теорияның 
стратегиялық миссиясы.
Теорияның маңызды бір қызметі – болжамдау, түсіндіру үлгісі: жалпы 
тұжырымдаудан кейін феноменді болжайды. Болжамдау бола-шаққа 
бағдарланған. Педагогикада болжамдау маңызды роль атқара-ды. Білім беру 
әлемін ұйымдастыру оқушылардың, мұғалімдердің, басқарушылардың іс-
әрекетін болжамдаусыз мүмкін емес. Педагогика-да ғылыми педагогикалық 
алдын-ала болжау жүргізіледі. Білім беру-дегі алдын ала болжауда 
статистикалық өлшемдер пайдаланылады. Педагогикада ғылыми болжау – 
логикалық-әдіснамалық рәсім. Білім берудегі құбылыстың қазіргі нақты 
көрсеткіштері 
негізінде 
осы 
құбылыстың 
келешегін 
анықтайды. 
Педагогикадағы түсіндіру мен болжау ұқсас, тек түсіндіру өткенге, болжау 
болашаққа бағдарланған. 
Түсінудің жалпы теориясы – 
герменевтика 
дамуда. Түсіну – әмбебап 
рәсім. Сипаттау, түсіндіру және болжау ғылыми теорияның қызметтері. 
Түсіну дегеніміз-құбылысты құндылық арқылы түсіндіру. Түсіндіру – бар 
нәрсені, ал болжам – не болатынын, түсіну – не болуы керек екенін білдіреді. 
Ғылымда, оның ішінде педагогикада түсіну ғылым зерттейтін нысандарға, 
құбылыс пен үдерістерге белгілі бір мән беру. Педагогикада түсіну 
гуманистік өлшем енгізді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   282




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет