Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Жүйелілік тұғыр - құбылыстардың жалпы байланыстарының



Pdf көрінісі
бет95/282
Дата19.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#108736
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1) (2)

Жүйелілік тұғыр - құбылыстардың жалпы байланыстарының 
бейнеленуі. 
Жүйелілік зертеулерді ерекшеліктеріне сәйкес – жалпы ғылыми және 
философиялық зерттеулердің тоғысу саласы; жүйелілік зерттеулердің 
логикасы мен әдіснамасы; арнайы ғылыми-жүйелі әдістемелері; жалпы жүйе 
теориясын құру салалары деп жіктейді (Э.Г. Юдин, В.Н. Садовский). 


95 
Жүйелік тұғыр диалектикалық материализмнің бөлінбес бөлігі. Жүйелілік 
тұғыр - нысанды 
жүйе
ретінде зерттеу әдіснамасы (М.С. Каган, В.Г. 
Афанасьев және т.б.). Жүйелілік тұғыр «жалпы ғылымилығымен», «ғылыми 
білімнің 
көп 
салалығымен», 
«жалпы 
ғылымилықтың 
гносеологиялылығымен» сипатталады (А.Д. Урсул және т.б.). Жүйелік тұғыр 
- нақты гносеологиялық жағдаяттағы диа-лектикалық әдістердің көрінісі. 
Сондықтан, жүйелік жалпы ғылыми әдіснамалық зерттеудің бір құралы 
ретінде оқу-тәрбие үдерісін және бір-бірімен байланысты құбылыстарды 
жүйелі зерттеуге қажет сапалы ғылыми тұғыр болып табылады. 
Жүйелік тұғыр
– объектілерді жүйе ретінде қарастыру негізін-де, 
жалпы ғылыми әдіснамалық ұстанымдардың жиынтығы. Жүйе (система, грек 
тілінен аударғанда – біртұтас деген мағынаны білдіреді) – белгілі тұтастық, 
бірлікті құрайтын, бір-бірімен, ортамен өзара қаты-наста және байланыста 
болатын, элементтердің жиынтығын көрсететін жалпы ғылыми ұғым. 
Жүйелердің типтері көпқырлы: материалды және рухани, орга-
никалық емес және тірі, механикалық және органикалық, биологиялық және 
әлеуметтік, статикалық және динамикалық, ашық және тұйық және т.б. Кез 
келген жүйе құрылымы мен ұйымдасуы бар көптеген әртүрлі элементтерден 
тұрады. Құрылым – а) тұтастығы мен өзіне ұқ-састығын қамтамасыз ететін, 
объектілердің тұрақты байланыстарының жиынтығы; б) күрделі біртұтастың 
элементтер байланысы арақатына-сындағы тұрақты тәсілі (заңы). Жүйелі 
тәсілдің ерекшелігі, зерттеуді объектінің тұтастығын ашуға және оның 
тетіктерін қамтамасыз етуге, күрделі объектінің байланысының көптеген 
типтерін анықтауға, олар-ды бірыңғай теориялық картинаға жинақтауға 
бағыттайды. 
Жүйелік тұғыры –
зерттелетін педагогикалық құбылыстарды және 
олардың арасындағы байланыстың көптеген элементін анықтау. 
Зерттелуші 
объектіні жүйе
ретінде, оның элементін, олардың ара-сындағы байланысты 
және оны жіктеп, құрылымын және ұйым-дастыруды, тұтастай білім беру 
ретінде басқару жолдарын анықтауға бағытталады. Педагогикалық жүйенің 
ерекшелігі, бұл іс-әрекет жүйе-лері және қатынастар шеңберінде 
қалыптасатын жүйелер (қайта құру-шы-белсенді, қайта жасаушы-
орындаушы, тұтынушы-дара немесе әре-кет жасаушы және т.б.). Бұл 
жүйелер оқыту үдерісінің субъектілері арқылы құрылады және олардан 
бөлек болмайды, солар арқылы жүзе-ге асады. Осы контексте педагогикалық 
жүйе ретіндегі оқыту-тәрбие-леу үдерісінің негізгі сипаттамасы, оның 
біртұтастығы мен кешендігі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   282




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет