Лингвистиканың өзекті мәселелері
10
қызметкер қызметін атқарды. Бұл бөлімінің ерекшелігі маман
бір ғана қазақ тілімен шектеліп қалмауы тиіс.
Жанардың
қазақ тілімен қатар араб тілін жетік білгендігі арқасында екі
тіл арасындағы тарихи өзекті байланыстың ақиқатын ашуға
мүмкіндік бергенін сол кезден басталған зерттеу еңбектерінен
аңғаруға болады.
Өзінің ғылыми жетекшісі проф.Б.Әбілқасымов -
жоғарыдағы ғұламалардың ізбасары, жазу тарихының
бірден-бір маманы. Профессордың жетекшілігімен «Абай
шығармаларындағы араб және
парсы сөздерінің қолдану
ерекшеліктері» атты кандидаттық диссертация қорғады.
Жұмыстың оң бағасын атақты проф.Р.Сыздық берген болатын,
жас маманның алғашқы ғылыми табысының куәсі болдық.
Әдетте көп шәкірттер бір белестен өткен соң тоқырап
қалатыны бар. Ал Ж.Есеналиева болса ғылыми ізденісінің
арасын суытпай «Құрылымы әртүрлі тілдерге тән типологиялық
басымдылық» атты докторлық диссертация қорғады. Бұдан
біз оның «ғылым жолына түскен адамның ғылыми ізденісінде
үзіліс болмайды» деген ұстанымды берік ұстанғанын көреміз.
Ғылыми ізденіс нәтижелері жарияланым түрінде көпшілік
қолына жетіп жатты.
Докторлық диссертация негізінде «Құрылымы әртүрлі
тілдердің салғастырмалы типологиясы» атты монография,
жоғары оқу орындарының студенттері
мен магистранттарға
арналған «Лингвистикалық типология негіздері» атты оқулық
жарияланды. Аталған оқулық Жанардың ғылыми ізденіспен
шектеліп қалмай, ұстаздық қабілетін де көрсетті. Сөйтіп ғылым
мен ұстаздықты ұштастыра білді, ғылыми қауым да ырза, өзінің
дәрісін тыңдап жүрген студенттер де ырза.
Еңбектің нәтижесі жарияланым болып табылады.
Ғалым қаламынан туындаған еңбектер баршылық, қомақты
монография, тартымды оқулық, жиынтық жинақ түрінде
жарық көрген еңбектері ғалымның да, студенттердің де
қолынан түспейтін құралға айналды: «Когнитивтік лингвистик
теориясының негіздері» (оқулық); «Салғастырмалы тіл
11
Лингвистиканың өзекті мәселелері
білімі» (оқулық); «Абай және Шығыс тілдері» (монография),
мақалалар ілегі жеткілікті. Араб тілі мен оның жазуын жетік
білгеннің арқасында Ахаңның (Ахмет Байтұрсынұлының) араб
әліпбиімен жазылып, бұрын жарық көрмеген еңбектерінің
барлығын қазіргі кирилл жазуына көшіріскен еңбегі өз алдына.
Қазақ тілін төте үйретудің «Текшеқұрақ»
әдістемесін
насиқаттап бүкіл Қазақстанды шарлап шыққаны тағы бар.
Тіл білімі институтында Ж.Есеналиева кәсіподақ
ұйымының басшысы болып, қоғамдық жұмысқа да белсене
араласты. Институттағы әріптестері әлі күнге дейін үнемі күліп-
қуанып жүретін Жанарды ұмытқан жоқ.
Институт ұясынан түлеп ұшқан жас маманнның енді
Қаратаудың шыңына барып
қонақтағандай болған атақ-
дәрежесін мақтан етеміз.
60 жас деген ғалымның нағыз толысқан шағы, ұстаздың
нағыз толыққан шағы, ендеше Ж.Есеналиеваның ғалым-ұстаз
ретінде берері әлі алда деп сенеміз.
Достарыңызбен бөлісу: