1. Менталдылық.
Батысеуропалық когнитивтік лингвис-
тиканың тіл мен сөйлеуді зерттеуінің негізінде менталды теория
жатыр. Ол теорияның
мақсаты
– жалпы адамның менталды
жүйесінде тілдік жүйенің репрезентациясын зерттеу, соның
негізінде адамдық рух, адами когниция, ақыл-ой, сана, ми т.б.
зерделеуге жол ашады.
2. Динамикалылық.
Рух пен когниция, адам, этнос
интеллекті күндіз, түні үнемі даму үстінде болады. Сондықтан
когнитивтік лингвистика тілдік және сөйлеу компетенциясының
даму механизмдерінің детерминант (ерекше белгісін) көрсетеді.
3. Интегративтік.
Тілдік жүйенің барлық репрезен-
тациялық, процессуалдық аспектілерін есепке алады. Сондай-
ақ бір-біріне әсерін қарастырады.
4. Пәнаралылық.
Американдық-батысеуропалық когни-
тив тік лингвистика өз зерттеулерінде әртүрлі ғылымдардың
нәтижелерін де пайдаланады.
Өз кезінде В.Гумбольдт айтқандай, тіл – адам баласының
болмысы мен танымының барлық саласына араласа алатын
адамзат рухының ең басты әрекеті. Тіл зерттеушілері когнитивтік
Лингвистиканың өзекті мәселелері
228
тіл білімі арқылы танымның шарттары мен құралы ретіндегі
тілдің рөлін айқындауға мүмкіндік алады.
Когнитивтік лингвистиканың қалыптасуының төмен-
дегідей кезеңдерін көрсетуге болады.
«Когнитивтік грамматика» термині 1975 жылы Дж
Лакофф пен Г. Томпсонның «Когнитивті лингвистиканы
таныстырамыз» атты мақаласында қолданылады. 1987 жылы Р.
Ланкагердің «Когнитивті лингвистиканың негіздемесі»
еңбегінің бірінші томы жарық көрді. Сондай-ақ осы бағытқа
арналған Дж Лакоффтың «Әйелдер, от және қатерлі заттар»
атты еңбегі, М. Джонсонның «Ойлаудағы дене» аталатын кітабы
жарияланды.
Когнитивтік
лингвистиканың
екінші
бастауы
лингвистикалық семантика болып табылады. Когнитивтік
лингвистиканы «тереңдетілген семантика» ретінде, яғни
семантикалық идеялардың дамуы ретінде қарастыру: адам
санасы арқылы әлемді тану болса, лингвистикалық
семантиканың когнитивтік грамматикаға ұласуы американдық
ғалымдар Л. Тальми және Р. Ланкагердіңеңбектерінде
талқылынған.
ХХ ғасырдың 80 жылдарында Л. Тальми, Ч. Фильмор, У.
Чейфтің мақалалары когнитивті лингвистиканың дамуындағы
ерекше кезеңі болды. ХХ ғасырдың 90 жылдарының басына
дейін когнитивті лингвистика ғылымы бір-бірімен байланысы
жоқ жеке зерттеулермен толықты. Бұл – Дж. Лакофтың, Р.
Ланкагердің, Т. ван Дейктің (Нидерландтық), Дж. Хэйманның
(Канадалық) зерттеу бағдарламалары.
90 жылдардың ортасында Европада когнитивті
лингвистикаға арналған алғашқы оқулықтар жарық көре
бастады, олар: Ф. Укегер мен Х. Шмидтің «Когнитивтік
лингвистикаға кіріспе» (1996) және Б. Хайненің «Грамматиканың
когнитивті неіздемесі» (1997).
Шетел ғалымы Ж.Фоконье танымдық тіл ғылымының
пайда болуына қатысты «алғаш рет мағына мен оның даму
деңгейлігін біріктіру туралы нағыз ғылым байланыстырыла
бастады; сондай-ақ танымдық тіл ғылымында ескі көзқараспен
229
Лингвистиканың өзекті мәселелері
тілге сөз мазмұнын беру мен жеткізу құралы ретінде қарау
сақталғанмен, оның әдісі мен нәтижесі мүлдем жаңаша» – деп,
тілдік зерттеудің жаңа бағытын қолдайтынын білдіреді.
Ф.Варела, Э.Томпсон мен Элеонора Рош еңбектерінде
«танымдық ғылым кеңістігінде ең басты пәндер деп танымдық
психология, нейрондық ғылым танымы, жасанды интелект
қалыптастырушы ғылым (искусственный интеллект), тіл
ғылымы және философия деп көрсетіледі. Ал Т.Бивер, Дж.
Кэрролл и Л.Миллерлердің көзқарасынша, танымдық ғылымның
басты мақсаты тілдің, адамзаттың ойлауы мен жүріс-тұрысының
шектескен (интегративті) бейнесін жасау болып табылуы тиіс»
– деп айтылғанын түсіндіріп көрсетеді танымдық зерттеудің
білімдік бағдарламасын жасаған ғалым И.Протопопова .
Шетелдік зерттеушілер таным ілімін ғылыми бағыт етіп
ұстау арқылы танымдық тіл ғылымының жаңа ғылыми
теориялық негізін де қалыптастыруда. Танымдық тіл
ғылымының негізін жасауға тіл құрылымына, тілге жалаң
теориялық сипат беру; тілдік құрылымға, тіл негізіне үстірт
қараушылық және осыларға қарама қарсы тұратын тілдік
мағына, «лингвистикалық прагматика», мәтін теориясының
пайда бола бастауы себеп болып отыр. Танымдық тіл ғылымында
тілдік деректерді ашып түсіндіру адамның сөйлеу қабілетінің
заңдылығына байланысты делінеді.
С.Е.Исабеков «Когнитивтік лингвистиканың негіздері»
атты зерттеуінде когнитивтік лингвистиканың Еуропалық
негізіне талдау жасайды. Сондай-ақ өз монографиясында ғалым
қазіргі когнитивтік лингвистиканың екі бағытын жіктейді:
1.ментальды-информациялық немесе американдық-
батысеуропалық бағыт.
2.этномәдени немесе мәскеулік бағыт.
Ментальды-информациялық және этномәдени бағыттағы
когнитивтік лингвистиканың қарастыратын өзекті мәселесі:
адам және адамзат тілі. Алайда бұл екі бағыттың ол мәселеге
көзқарасы әртүрлі.
Ментальды-информациялық бағыттағы когнитивтік
лингвистикада
Лингвистиканың өзекті мәселелері
230
1.адам - қандай да бір этносқа, мәдениетке қатыссыз
ақпаратты қабылдаудың, сақтаудың және тасымалдаудың
белгілі бір жүйесі ретінде қабылданады,
2.тіл - ментальдық ерекшелік яғни, адамдық когницияның
құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Ментальды-
информациялық бағыттағы когнитивтік лингвистикада нақты,
жеке ұлттық тіл емес жалпы адамзат тілі сөз болады.
Жоғарыдағы екі бағыттың тағы бір ерекшелігі - олар
әртүрлі когнитивтік құбылыстарды және мәселелерді
қарастырады және оларды әрқалай түсіне отырып, алдарына
әртүрлі зерттеу міндеттерін қояды.
Ментальды-информациялық бағыттағы когнитивтік
лингвистика көбіне зерделейтін ұғымдары: когниция,
когнитивтік жүйе, адамның психикасы, адам когнициясының
құрылымы мен қызметі, адам организмінде болатын
физиологиялық, психологиялық, когнитивтік процестер, білім,
өзін-өзі тану, адамның танымдық қызметі, адамзат тілі т.б.
Ментальды-информациялық бағыттағы когнитивтік
лингвистиканың негізгі міндеті ретінде адам когнициясының
негізі - миды, нейрондық жүйені, жадыны, жалпы тілдік
танымды, ақпаратты өңдеудің құрылымын қояды.
Ментальды-информациялық бағыттағы когнитивтік
лингвистиканың негізгі ұғымдарының бірі – «репрезентация».
Табиғаты жағынан бұл ұғым да ментальды терминімен барабар.
Шын мәнісінде адамның миы, адамның танымы ментальды.
Ментальды-информациялық
бағытта
бірінші
орында
ментальдылық және концептуалдылық тұрады. Бұл әрбір тілдің
артында концепт, концептуалдық құрылым тұратынын көрсетеді
және когнитивтік лингвистиканың басты мақсаты – концептердің
формасы мен құрылымын, жасалу заңдылықтарын ашу және
көрсету деп С.Е.Исабеков екі бағыттың ерекшелігін саралап,
жіктеп, ерекшеліктері мен өзгешеліктерін зерделеп көрсетеді.
Адамзатта туғаннан қалыптасатын когнитивтік құрылым
бар, ол жүздеген жылдар бойы эволюциялық даму үстінде
болады және қазір де автономды режимде жұмыс істейді
[Исабеков,2013].
231
Лингвистиканың өзекті мәселелері
Адамның
когнитивтік
инфраструктурасын
және
когнитивтік жүйесін зерттейтін ғылым саласы когнитивтік
психология мен жасанды сананы зерттейтін когнитивтік ғылым
болым болып табылады.
Этномәдени немесе мәскеулік бағыттағы когнитивтік
лингвистика да ментальды-информациялық бағыттағы
когнитивтік лингвистика сияқты қарастыратын өзекті мәселесі:
адам және адамзат тілі.
Алайда бұл екі бағыттың ол мәселеге
көзқарасы әртүрлі.
Ұлы жеңістің қазіргі таңдағы ғылыми-тарихи маңызы»
атты Халықаралық ғылыми-практикалық
конференция материалдары
2015 жылдың 16 сәуірі 161-167 бб.
Әдебиет
1. Есеналиева Ж.Ж. Когнитивтік лингвистиканың негізі -
американ дық-батысеуропалық бағыт туралы // Орталық Азия универси-
тетінің хабаршысы, 2012, №4.
2. Исабеков С.Е. Избранные произведения. Усть-Каменагорск, 2013.
3. Карасик В.И. Определение и типология концептов //
Этнокультурная концептология. Межвуз.сб.научных трудов. Вып. 1.
Элиста, 2006.
4. Ахметжанова З.К. Очерки по национальной концептологии.
Издательство «Елтаным», 2012
5. Джамбаева Ж. Аксиологические стеротипы языкового сознания
казахстанцев. Дисс.докт.филол. н. Кокшетау, 2010
Достарыңызбен бөлісу: |