245
Лингвистиканың өзекті мәселелері
тәрбиелік мәнін ашуға өз септігін тигізеді.
Түркі халықтарының ең ежелгі жазба мәдениеті Орхон-
Енисей жазуларынан басталады. Бұлардың ішінде мазмұны
жағынан күрделі, көлемі жағынан үлкен ескерткіштер – Күлтегін
мен Тоныкөк.
Бұлар «мен» арқылы баяндалатын шежіре, қағандар мен
алыптардың, қаған қасындағы білгелердің (сәуегей шешен-
дердің) жорықтары мен ел басқару ісін баяндайтын шежіре. Ал
осы шежіреде Сыпыра жырауша, Асан қайғыша шешен сөйлеп,
кету,
толғап кету, мақалдап кету бар [1,58].
Шешендік сөз дегеніміз – тауып айтылған тапқыр сөз,
ақылға қозғау салып, ой түсіретін даналық сөз, қиялға әсер етіп,
сезіміңді қозғайтын көрікті де әсерлі сөз, бұра тартпас дәлелімен
тамсандырып, таңдай қақтыратын білгір-білімді сөз, өтіп кеткен
не өтіп жатқан оқиғаны жанды суреттей көз алдыңа алып
келетін суретті сөз, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін
жеткізетін терең мағыналы түйінді сөз [2,4].
Шешендік сөздің негізгі белгілері – А.Байтұрсынов
айтқан баяндау, сипаттау, түсіндіріп беру сөзі қанға, жанға әсер
етіп, арбау сияқты адамның ойын да, бойын да балқытып, билеп
алып кету. Р.Сыздықова айтқандай, шешендік сөздің әлеуметтік
мәні бар тақырыпқа құрылуы, сүйенер дәлелінің мықты болуы,
тыңдаушыға әсер ететін эстетикалық қасиетінің болуы, оларды
белгілі бір іс-әрекетке ұмтылдыратын сөз болуы, Аристотель
айтқан айқындылық пен түсініктілік – шешендік сөздің
сапалары.
V-VІІІ ғасырдан сақталған сақталған,
Орхон-Енисей,
Талас өзендерінің бойынан табылған тастарға табылған тастарға
таңбаланып мәңгілікке өз тарихын қалдырған ескі түркі жазба
ескерткіштері түркі халықтарының тарихы, әдебиеті, тілі, салт-
дәстүрі жайлы мағлұмат береді.
Ескерткіштердің Күлтегін, Білге қаған мен Тоныкөк
туралы жазбаларында Ел атауын қастерлеп, Ел құру, Ел орнату
тіркестерінің кездесуі туыстас хандықтардың ынтымағын,
бейбіт өмір сүруін армандауынан келіп шыққан [3,17].
Лингвистиканың өзекті мәселелері
246
Бабаларымыз Бумын қаған, Істеми қаған, Елтеріс қаған,
Күлтегін батыр, Білге қағандар Сары өзеннен (Хуанке ) Дунайға
дейін созылып жатқан түркі тайпаларын біріктіріп, бір мемлекет
құру мақсатын іс жүзінде асырған еді.
Мынау қағидалы сөздер олардың еліне, жұртына деген
сүйіспеншілігін дәлелдейді:
Түрк бүдүн үчүн
Түрік халқы үшін
түн ұдымадым,
түн ұйықтамадым,
күнтүз олұрмадым.
күндүз отырмадым.
Чыған
будунығ бай қылтым, Жоқ-жітік жұртты бай қылдым,
аз будунығ уқыш қылтым.
аз жұртты көбейттім.
Танрі куч біртүк үчүн қаным Тәңрі күш берген соң қаған
қаған сүсі борі тағ армыс,
атамның әскеі бөрідей
йағысы қон тағ арміс
жауы қойдай болды
«Осылар тәрізді халық эстетикасы қалыптастырған әсерлі
сөз кестелері суреттемелі тізбектері ұтымды ақыл-нақылға
саятын қаусырма бунақтар, салыстырма тармақтар т.б. өрнектер
ескерткіш тілінде баршылық. Олардың бәрі де жазба мұралардың
негізгі
желісіне өріліп, онтайын тауып орныққан» [4,29].
Дүние жүзі мәдениетінің тарихында өзіндік орны бар
Орхон ескерткіштерінің жазуларында бірде мадақтау, бірде
жоқтау, бірде өсиет түрінде айтылған шешендік сөздердің,
мақал-мәтелдердің алғашқы үлгілерін көреміз.
Ұза кок таңрі, асра йағыз йір Төбеде көк аспан, төменде қоңыр
жер
Қылынтукда
акін ара
жаралғанда, екі ортасында адам
Кісі оғлы қылынмыс.
ұлы жаратылған.
Йқа қалун болсар,
Жұқа қалың болса,
топлағлуқ алп арміс,
топтаған қалың ер.
йіншіге йоған болсар,
жіңішке жуандаса,
узгулук алп арміс.
Үзген – ер.
247
Лингвистиканың өзекті мәселелері
Ырақ ерсер,
Жырақ жүрсең,
Йаблақ ағы бірүр,
жаман
сый берер,
Йақұқ ерсер, едгү ағы бірүр[5,19-43]. Жақын жүрсең,асыл сый
берер [3,18].
Орхон-Енисей ескерткіштерінің тілі өткір, әрі ұтымды,
«өз кезінің ұраншысы да, уағызшысы да болған көсем тілдің
өрнекті сөз толғамдарын өзіне мықты арқау еткен». Қ. Өмірәлиев
бұл пікірін одан әрі тереңдете түседі: «Фольклор мұралары
ішінде өзінің туу, қалыптасу дәуірі жағынан барынша көне,
тілдік белгілері
жағынан барынша тұрақты, әрі дәстүрлі
формаларға ие сөз үлгілері – мақал-мәтелдер» [1,95].
Әбжан Құрышжановтың көне түркі тілінен аударып,
бастырып шығарған мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер
жинағы «Сөз атасы» кітабында Орхон жазуларынан мынадай
мысалдар берілген:
Өлімнен ұят күшті (9 бет).
Жақын отырған сыйдың құрметтісін алады,
Алыс отырған сыйдың «немкеттісін» алады (53 бет).
Төбеден тәңрі баспаса – төменде жер білінбес еді (72 бет).
Қол қосылса – күш өсер (73 бет).
Аш адамның тоқпен ісі жоқ,
Тоқ адамның ашпен ісі жоқ (123 бет).
Бір тойған аштықты ұмытады(123 бет).
Тағдырды тәңрі жасар,
Адам баласы өлу үшін туады(165 бет) т.б.[6].
Сөз болып отырған Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінен
алатын, үйренетін ілім-білім,
тәлім-тәрбие, тарихи тілдік
тағлиматтар жеткілікті. Түркі халықтарының мақал-мәтелдері
де өз бастауын осы ескі жазба ескерткіштерден алған [3,19].
V-VІІІ ғасырлардан қалған ескерткіштер – түркі
халықтарының белгілі сөз мәдениетінің басы. Сол кездің өзінде-
ақ
Достарыңызбен бөлісу: