Алғы сөз
Қазақстанәлемдегі экономикасы жоғары дамыған 30 елдің қатарына
кіру стратегиялық міндетін қойып отыр. Қарқынды экономикалық өсім және
өсіп-өркендейтін қоғамның негізі тек шикізаттық сектормен шектелмейтін
қазіргі бәсекеге қабілетті және дамыған нарықтық экономика болып
саналады. Сонымен қатар елдің барлық тұрғындарының жоғары сапалы
және алдыңғы әлеуметтік тұрмыс жағдайларының стандарттарын қамтамасыз
ететін әлеуметтік бағытталған қоғам құруды қарастырады.
Бәсекеге қабілетті экономика – бұл ең алдымен жаңа техникалық
жетістіктерге, қазіргі заманғы жоғары технологияға, адам капиталы мен
жоғары еңбек өнімділігіне негізделген өндірісті жаңғырту мен мен
әртараптандыру нәтижесіндегі тиімді экономика. Тиімді экономика өнімнің
өсімін қамтамасыз етеді, демек, оған жұмыспен қамтылған тұрғындардың
санын өсіру арқылы емес, еңбек өнімділігін арттыру арқылы жетеді.
Қазақстан экономикасы саяси, экономикалық-әлеуметтік және қоғамдық
өмірінде жүріп жатқан өзгерістер экономикалық өсімнің жаңа тетіктерін
іздеу мен қатар экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар
алдына бірқатар маңызды экономикалық мәселелер қояды. Ұлттық
экономикадағы кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызмет көрсеткіштері
өсу қарқынының кәзіргі экономика өсімін тұрақтандыруда алатын орны
үлкен.Кәзіргі заманауи кәсіпорындар ИИМДБ бағдарламасын жүзеге
5
асырунегізінде өнеркәсіпті дамыту және жалпы экономиканың басты
көрсеткіштері бойынша айтарлықтай үдеріске жетуге ұмтылуда.
Сарапшылардың болжамы бойынша, индустриалды-инновациялық
мемлекеттік даму бағдарламасы(ИИМДБ) 2019 жылы 2012 жылмен
салыстырғанда келесі экономикалық көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік
береді:
- өңдеу өнеркәсібіндегі өндірілген өнім көлемінің нақты мәнде 43%-ға
өсімі;
- өңдеу өнеркәсібіндегі жалпы қосымша құнның өсімі нақты мәнде 1,4
еседен кем емес;
- өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің өсімі нақты мәнде 1,4 есе;
- шикізатық емес (өңдеу) экспортының құндық көлемі 1,1 еседен кем
емес;
- өңдеу өнеркәсібіндегі энергия сыйымдылығының 15 %-дан кем
түспеуі;
- өңдеу өнеркәсібіндегі жұмыспен қамтудың 29,2 мың адамға артуы.
Сол сияқты осы бағдарлама негізінде Қазақстанда 500-ден астам жаңа
өнім түрін шығару жолға қойылды.
Осыған байланысты іс жүзінде өте маңызды және қажетті мәселе
ретінде кәсіпорынның экономикалық өсімінің қарқынды дамуы болып отыр.
Кәсіпорындардың өндірістік-шаруашылық қызметіне талдау жүргізу,
нақты мақсаттарға іс жүзінде қол жеткізу үшін оның экономикалық
жағдайын жан-жақты қарастыру, оның ішінде кәсіпорынның тиімділігін
көтеру жолдарын анықтау маңызды. Осылайша, экономикалық жағдай
кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынастағы
экономикалық потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның
серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы
экономикалық қызығушылықтары қаншалықты деңгейде кепілдендірілгенін
бағалайды. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен табыстылығының нақты
дұрыс бағасын алу- ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның
өндірістік-шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік
береді және тиімді жолмен басқарушылық шешімдерді қолданумен
кәсіпорынның өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметі арасында
байланыстырушы қызметін атқарады.
Өндірістік кәсіпорын қазіргі уаќытта өндіріс ресурстарын
қаншалықты дұрыс басқарды деген сұраққа жауап береді. Экономикалық
ресурстары жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де
кәсіпорынның дамуына байланысты қажеттіліктерге жауап беруі өте
маңызды болып саналады, себебі іскерлік белсенділік пен табыстылықтың
жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің жоқтығына және оның
дамуына қажетті қаражатының болмауына, ал артық болуы – жұмысына
кедергі жасап, басы артық қорлармен жєне резервтермен кәсіпорын
шығындарын көбейтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.Өндірістік кәсiпорынды
ұйымдастырудың негiзгi үш бағыты, яғни өндiрiстi, еңбектi, басқаруды
ғылыми-инновациялық деңгейде ұйымдастыру жүзеге асырылатыны белгілі.
6
Өндiрiстi ғылыми-инновациялық деңгейде ұйымдастыру кәсiпорында
ұтымды техникалық-технологиялық жүйе құру негізінде болады. Бұл сенiмдi
әрi тиiмдi жұмыс жасайтын өндiрiстiк құралдар мен сандық технология,
қызметкерлерінің реттелiнген техникалық-ұйымдастырылған өзара
байланыстарын айтуға болады.
Еңбектi ғылыми-инновациялық деңгейде ұйымдастыру – кәсіпорында
дұрыс қалыпты қарым-қатынас орнату. Оған жоғары деңгейлі, тиiмдi еңбек
ету үшiн жағдайлар жасау бойынша шаралар жүйесi кiредi. Бiрақ еңбектi
ғылыми-инновациялық түрде ұйымдастыру мүмкiншiлiктерi кәсiпорынның
техникалы-технологиялық деңгейімен, оның қаржылық және экономикалық
капиталымен шектелген.
Басқаруды ғылыми-инновациялық деңгейде ұйымдастыру – бұл
өнеркәсіптік кәсiпорынның материалдық жүйесi мен адам ресурсына
мақсатты түрде әсер етуiн қамтамасыз ететiн техникалық, экономикалық
және гуманитарлық жүйе. Ол әлеуметтік, экономикалық әсер алу
мақсатында жоғары айтылғандардың өзара байланысуына ықпал етедi.
Өндiрiс – ұлттық экономиканың дамуы үшiн қажет материалдық
игiлiктердi жасау процесi. Кез келген өнеркәсiптегікәсiпорын өндiрiстiк
бөлiмдерден-цехтардан,учаскелерден,қызмет көрсететiн шаруашылықтардан,
басқару органдарынан, кәсiпорын қызметкерлерінің қажеттерiн
қанағаттандыруға жұмыс жасайтын ұйымдар мен мекемелерден тұрады.
Жалпы түрде өндiрiстiң экономикалық тиiмдiлiгi шаруашылық iс-әрекет
нәтижесi мен өндiрiс шығындарының сандық қатынасын бiлдiредi.
Экономикалық тиiмдiлiктi жоғарлату мәселелерiнiң мәнi қолда бар
ресурстарды пайдалану барысында әрбiр кеткен шығын бiрлiгiнде
экономиканың нәтижесiнiң өсуiнде.
Өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыру кәсіпорындағы шығындарды (қолданып
жүрген ресурстарды) дұрыс үнемдеу арқылы да, капиталға жаңа салым
жұмсау арқылы да, қолданылып жүрген капиталды дұрыс қолдану жолымен
де қол жеткiзуге болады.
Өндiрiс тиiмдiлiгiн еңбек өнiмдiлiгiмен теңестiруге болмайды. Еңбек
өнiмдiлiгi жұмыскерлердің өндiрiстiк iс-әрекетiнiң өнiмдiлiгiн бiлдiредi, бiр
өнiмге келетiн жанды және заттанған еңбек шығынының деңгейін
анықтайды. Еңбек өнiмдiлiгiнiң өсуi тек тұтынылатын ресурстардың
қолданылуын көрсетедi, ал өндiрiс тиiмдiлiгi барлық кәсіпорын бойынша
шығындардың тиімді қолдануын бiлдiредi және кәсіпорын экономикасы
пәнінің маңызды бөлігі болып саналады.
Кез келген өнеркәсіптік кәсіпорында өдірістік-шаруашылық жүргiзу
барысындаэкономикалық тиiмдiлiктiң көрiнісі әртүрлi. Тиiмдiлiктiң
техникалық және әлеуметтiк бағыттары өндiрiстiң негiзгi факторларының
дамуы мен олардың қолдану нәтижелiгiн сипаттайды. Әлеуметтiк тиiмдiлiк
нақты қызметкерлердің әлеуметтiк жағдайын жақсарту,ол мiндеттердi
шешумен көрiнедi (мысалы, жұмыс орыны жағдайын жақсарту, еңбектi
қорғау, қоршаған ортаны, экологияны ластамау т.б.). Әдетте әлеуметтiк
тиiмдiлiк экономикалық тиiмдiлiкпен толықтай байланысты, себебі кез
7
келген өндіріс жетістігінің негiзi материалдық өндiрiстiң дамуы. Еліміздің
табиғи ресурстарын ұқыпты пайдалану әрбір кәсіпорынның, жалпы
өндірістің басты мүддесі болуға тиісті. Осы мақсатқа жету жолында жалпы
халықтық ынта болуы керек. Кәсіпорындарды, жеке еңбек ұжымдары мен
өндірушілерді осы мақсатқа ынталандыру, экономикалық әдістерді кеңінен
қолданып, баға тетігін пайдалану, салық мөлшерін жеңілдету, тиімді
алынатын несие, қаржы беру арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар,
табиғат ресурстарын ұқыпты пайдалану жауапкершілігін арттыру да
қарастырылады: негізсіз шығынға, ысырапқа жол бергені үшін айыптар
төлеу, табиғат қорын пайдаланғаны үшін төленетін төлемақылар, қоршаған
ортаны ластағаны үшін төлемдер, айыптарды төлеу белгіленеді.
Нарықтық экономика жағдайында бағалар бәсекелестік арқылы дайын
өнімдермен қатар өндіріс факторларына да қойылуы қажет. Олар сұраным
және ұсыныс арқылы қалыптасады. Әрбір өндіріс факторларының
ерекшеліктері қарастырылып, табиғи ресурстарға төлемақы, капиталға
жылдық пайыз мөлшері, еңбек қорларының еңбекақының дұрыс қойылуы
қажет. Қарастырылып отырған мәселелер бүгінгі күні кәсіпорынды
экономикалық дамытуда негізгі өзекті мәселе болып саналады.
Пәнді оқытудың мақсаты – студенттер мен магистранттарға, сол
сияқты техникалық мамандарға экономикалық білім беруге негізделген,
олардың білікті маман және экономикалық жан - жақты жетілген жеке
тұлға болып шығуына көмектесу болып табылады.
Мамандық бойынша өнеркәсіптік кәсіпорын экономикасы курсының
негізгі міндеті –болашақ мамандарды, кәсіпорынның тиімді даму жолын
қалай анықтауды, өндірістің экономикалық өсуінің қарқынын қамтамасыз
ету мен өнім сапасын жақсартуды, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін
арттыруды, еңбек өнімділігі өсуінің жолдарын таба білуді, айналым
шығындары мен өнімнің өзіндік құнын азайтуды және осы негізде
өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру мәселелерін көтеру
мәселелерін шешуге үйрету болып табылады.
Кәсіпорын экономикасы, ғылым ретінде, объективті экономикалық
заңдардың қызметі мен олардың іс-әрекетін зерттейді. Жалпы экономика
заңдарын,индустриалды-инновациялық мемлекеттік даму бағдарламасын
басшылыққа ала отырып, өнеркәсіптік кәсіпорын экономикасы нақты
жағдайлардағы олардың қызметтерінің айрықша екендігін ашып көрсетеді,
өндірістік-шаруашылық тәжірибедегі пайдалану әдістерін үйретеді.
Оқу құралы студенттер,магистранттар және өндіріс саласы, компания,
кәсіпорын экономикасын білгісі келетін тұлғаларға арналады.
8
|