Реферат Ахмет Жүйнекидің қозғаған тақырыптары мен мәселелерін оқытудың маңызы



Дата10.02.2023
өлшемі33,11 Kb.
#66645
түріРеферат
Байланысты:
Серік Жантөре Ежелгі Срс 11 апта


Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
Филология факультеті
Қазақ әдебиеті мен әдебиет теориясы кафедрасы

СӨЖ
Реферат


Ахмет Жүйнекидің қозғаған тақырыптары мен мәселелерін оқытудың маңызы.

6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті


Орындаған: Серік Ж.
Тексерген:Сағындық Н. Б.

Жоспар:
1. Кіріспе.


2. Адам рухнияты тұрғысындағы маңызы.
3. Білім әлеуеті жөніндегі маңызы.
4. Тәрбиелік тұрғыда маңызы.
5. Қорытынды.

Ислам дәуірінің этикалық, моральдық, дидактикалық мәселелерін зор білгірлікпен жырлаған сөз зергерлерінің бірі Ахмет Иүгнеки еді. Ахмет Иүгнеки ХІІ ғасырдың орта кезінде өмір сүрген ас көрнекті ақын, есімі кезінде бүкіл ұлан-ғайыр Қарахан мемлекеті түркілеріне мәшһүр ғұлама ақын болған. Ақынның бізге жеткен дидактикалық шығармаларының бірі « Ақиқат сыйы» шығармасы. Шығарма адамның рухани құндылығын жан- жақты қарастырып , өрнектеген. Жалпы , адамзат қоғамында оқытудың маңызы зор. Бір жақты қарастыру үлкен қателік. Бір шығармадан әртүрлі пікір , азық шығады.


Біріншіден , шығарманың адами тұрғыдағы маңызы. Шығармада адам қандай болуы керек екенін тілге тиек етеді. Адам қандай болса , қоғамыда сондай болады. « Шығарманың авторы оқушысына : адам адал өмір сүруі қажет , сараң болмауы керек, жақсыда – шарапат , жаманнан кесапат деген ғибрат айтылады» Н.М. [1]. Осыдан біз адам руханиятының көре аламыз. Осындай Абайдың қара сөзіндей санаға сәуле түсірер ғибратты, осы шығармадан ала аламыз. Қазіргі әлеуметте адамдарымыз сараң болып бара жатқанда , қара басының қамы үшін жанталасатын заманда оқытудың маңызы зор. Рухани байлықтың материалдық байлыққа тәуелді болған ортада көптің көзін ашу үшін , ауқымы зор. Әдепті болу , адал жолмен ризық табу , өмірдегі ең басты құндылықтардың бірі және адал сөзімен әдептілік сөзі керек және кең мағынада. Автор адамды көрікті қылатын ол «мінез» дейді . Исламда мінессіз адамды ғапыл дейді . Мінезсіздерден үлкен келеңсіздіктер пайда болады. Қоғамымызда құты қашқан кейбір адамды байқаймыз. Бұл шығарма бұл қырынан да рухани маңызы зор. Ендігі бір маңызды мәселе ақын жырында «тіл» жайында қозғаған болатын. «Аңдымай сөйлеген, ауырмай өледі» , демекші біздің ортамызға керек, маңызды тақырыптаардың бірі деп ойлаймын. Қазіргі ақпараттық заманды тілдің көлемдік мәні үлкен және бір ұлттың тағдырын шешетін жағдай дейін жетіп отыр. Сондықтан да жастарамызға оқытудың түсіндірудің мәні үлкен.
Қысқа сөйлеп әдеттен.
Байқап шығар үніңді,
Тарта сөйле тіліңді,– дейді. Ақын “Оқ жарасы жазылар, тіл жарасы жазылмас” деп, әдепті сөйлемеген адам көңілге қаяу, жүрекке жара салатынын қатаң ескертеді. Халқымыздың “таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді” деген мақалының түп сәулесі осы бір маржан сөз нақысынан туындаған сияқты.[2]
Екіншіден , білім – ілім тұрғысынан маңызы. «Ақиқат сыйы» дастанындағы ең басты мәселе – оқу мен білім мәселесі. [3]
Білім ал жолға түсіп бақыт толы.
Білімді – алтын, нұры ашылатын,
Білімсіз – қара бақыр шашылатын…
Жүрсе де тым шіреніп. Білімсіз жан – тірі өлік, – деп, ақын білімсіз, надан адамның адамдық бейнесі болмайтынын басып айтады. Халқымыздың “оқу-инемен құдық қазғандай”, “Оқу – білім қазығы, білім-өмір азығы” деген мақалы осы бір отты қайнар көзінен туындаған болу керек.[4] Білім адам өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі. Адам білімсіз қазіргі таңда бос жәшік сияқты. Адам іліммен дамыса , өзі ғана емес жанындағыларда дамиды. Білім алу арқылы , адамның таным шекарасы ұлғаяды. Мінез- құлықтың белгілі бір деңгейде идеалы қалыптасады. Ақынның тілге тиек еткен қасиеттерінің бәрі осы , білімнің арқасында қалыптасады, ұлғаяды. Қазіргі таңда кейбір жастарымыз білімге қызықпайды , ал болашағы ол жүрісімен бұлыңғыр екенін ойланбайды. Шығарманы оқу арқылы , ой түй алар еді. Мектеп оқушылары да , қазір білім мұғалім үшін немесе басқа біреу үшін керек сықылды көреді. Осындай дидактикалық шығармаларды жетер шегіне жетізіп оқытсақ , жаңашыл кейіпте өріс алар еді. Адамды бақытқа жеткізетін игі-іс әрекеттің нәтижесі – білім деп, сөз басын білімнен бастаған ғұлама, сөз аяғында адамның адамдығын көрсететін асыл қасиет – өнер, өнер оңайлықпен келмейді, ол дарынның көрінісі болумен қатар мехнатты көп еңбектің жемісі, шын өнерпаз адам өнер үйрену жолындағы қиындықтан қашпайды деп өрнектейді. Ақын дастанда барша әлемнің сырын ашатын кілт — көкірек көзі ашық, оқыған, білімді адамдардың қолында деген пікір айтады. [5]
Үшіншіден , имандылық тәрбиелік маңызы.
Уа, Жаратушы, сені шексіз дәріптеймін.
Алдымен сенің мейірім-шапағатыңнан үміт етемін.
Саған лайық мақтау айтуға тілім жете ме?
Шамам келгенше аянбаймын, маған жҽрдем бер!» [6] Жаратушыға шамасы келгенше мадақ айтатын пенде, жақсылықтан к қалмайды. Жаратушыға құрмет көрсете алған адам баласы адамзатты құрметтеуді үйренетіні шындық. Жаратушыны сүйіп, адамзатты құрметтеуді адам баласы дүние есігін ашқан күннен бастап үйрену қажет. Ер баласы бойына біткеннен күнен бастап, оған деген махаббаты оянса, ол бала болашақта мейірімді, қайырымды азамат болары анық. Білімді де, мінезді де беретін жаратушы Алла екенін білуіміз қажет . Адамның иманы мықты болған сайын , білімімен , мінезі- құлқы өзгереді. Иман әлсіреген сайын бәрі де құлдырайды.
Қорыта келе , Ақиқат сыйы шығармасының берері мол. Оқытудың біздің ғасырымызда да рөлі өте үлкен. Осы арқылы , біз адам руханиятын толық қалыптастыра аламыз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі :


1. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы, 2005 179- бет.
2. Ахмет Йүгінеки(12 ғ.) «Ақиқат сыйы» («Хибатул-хақайық» ) — ULAGAT
3. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы, 2005 180- бет.
4. Ахмет Йүгінеки(12 ғ.) «Ақиқат сыйы» («Хибатул-хақайық» ) — ULAGAT
5. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы, 2005 181- бет.

6. Ахмет Йүгнекидің «Ақиқат сыйы» еңбегіндегі дүниетаным


А.Е.Алимбаев 1-3 бет.
7. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. І кітап. Алматы, 2001.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет