Кәсіпорын экономикасы : оқу құралы. Атырау,2019


Инновациялар маңызы, жіктелуі



Pdf көрінісі
бет32/72
Дата19.09.2023
өлшемі1,45 Mb.
#108837
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72
Байланысты:
Baimukashova2

6.2 Инновациялар маңызы, жіктелуі
Инновациялық (енгізуші) қызмет ұғымы зияткерлік өнімді жасау және
пайдалану, жаңа соңғы идеяларды нарықтағы жаңа тауар түрінде пайдаға
асыру жөніндегі қызметті білдіреді. Мұндай қызметке көбінесе ғылыми-
техникалық немесе делдалдық қызметтердің келесі бағыттарының
жиынтығы немесе тіркесі жатады:
95


Сурет 1.Кәсіпорында инновациялардың жіктелуі

эксперттік жұмыстарды ұйымдастыру; халықаралық дәрежеде
танылған құқықтар таратылатын, ғылым мен техника саласындағы
зияткерлік меншікке жататын өнер табыстарын, ноу-хау, ғылыми-
техникалық әзірлемелерді, ғылыми туындыларды, жаңалықтарды,
96
Қ
о
л
д
а
н
у
с
и
п
а
т
ы
н
а
Қолдану сипатынаөнімді инновациялар, өндіріске және жаңа өнімдерді пайдалануға бағдарланадытехнологиялық инновациялар, жаңа технологияларды жасауды және қолдануды мақсат етедіәлеуметтік инновациялар, жаңа құрылымдардың құрылуына және жұмыс жасауына бағдарланадыкеш
ендік инновациялар, өзгерістердің бірнеш
е түрінің бірігуін көрсетеді;нарықтық инновациялар, жаңа нарықтардағы өнімдерге, қызметтерге деген қажеттіліктерді іске асыруға мүмкіндік береді.


өнеркәсіптік үлгілерді, тауарлық белгілерді, коммерциялық белгілер
мен өзге де шығармаларды енгізу және тарату; сонымен қатар
тәжірибелік үлгілерді жасау, тәжірибелік зерттеулер жүргізу,
техниканың, технологияның, өндіріс даярлаудың ғылыми-
техникалық құжаттамасының жаңа үлгілерін жасау және
жалғастыру;

жаңа техника мен технология үлгілерін жасау мақсатында ғылыми-
зерттеу, жобалық, тәжірибелік-конструкторлық, маркетингтік
зерттеулерді жүргізу.
Кәсіпорын деңгейінде инновациялық қызмет – әр түрлі әдістер,
факторлардың және ғылыми зерттеулермен, өнімнің жаңа түрін жасаумен,
еңбек жабдығы мен керек-жарағын, технологиялық процестер мен өндірісті
ғылымның, техниканың ең жаңа жетістіктері негізінде ұйымдастыруды
жетілдірумен,
ғылыми-техникалық
процесті
жоспарлаумен,
қаржыландырумен және үйлестірумен, экономикалық иіндер мен
ынталандыруларды жетілдірумен; ғылыми-техникалық прогресті үдемелі
дамытуды тездетуге бағытталған өзара байланысты іс-шаралар кешенін
реттеу жөніндегі шаралар жүйесін әзірлеумен айналысатын басқару
органдарының әрекеті мен өзара әрекеттестігінің күрделі динамикалық
жүйесі.
Кәсіпорынның инновациялық стратегиясын қалыптастыру
қажеттілігі мынандай себептермен байланысты болады:

өндірістің дамуындағы экономикалық қызметтің барлық
салаларында ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін қолдануға
ықпал ететін үдемелі факторларының артуы;
ғылымның жаңа техникалық әзірлемесі және оны енгізу тиімділігін
жоғарлатудағы айқындаушы рөлі;

жаңа техниканы енгізу, меңгеру мерзімдерін едәуір қысқарту
қажеттігі;

өндірістің техникалық-технологиялық деңгейін жақсарту;

өнертапқыштар мен рационализаторлық қызметтердің жаппай
шығармашылығын дамыту қажеттігі;

шығындар мен нәтижелердің белгісіздігі, зерттеулердің әр
нұсқалылылығы, кауіп-қатер және жағымсыз нәтижелер мүмкіндігі;

шығындардың артуы және кәсіпорындардың жаңа өнімді
меңгерудегі экономикалық көрсеткіштерінің төмендеуі;

құрал-жабдықтардың морльдық тұрғыдан тез тозуы;

жаңа техника мен технологияны қарқынды енгізудің нақты
қажеттілігі және т.б.
Инновациялар – негізгі өндірістік қорлардың немесе өндірілетін өнім
бойынша ғылымның, техниканың, технологияның жетістіктерін енгізу
есебінен жаңаруы, бұл кәсіпорында өндірісті жетілдірудің заңды,
объективті процесі.
97


Инновациялық үдеріс – кең ұғым. Ол түрлі бағыттарда және
өндірісте түрлі деңгейде қарастыруға болады.
Біріншіден, оны ғылым,зерттеу, ғылыми-техникалық және өндірістік
қызметті біріңғай жүйеде жүзеге асыру ретінде қарастыруға болады.
Екіншіден, инновациялық үдерісті жаңа енгізілулердің өмірлік циклі
идеясының пайда болуынан бастап оның әзірлеп, енгізілуіне дейінгі уақыт
кезеңдері ретінде қарастыруға болады. Жалпы алғанда, инновациялық үдеріс
– бұл оқиғалардың жүйелі тізбегі, оның барысында жаңалық идеядан нақты
өнім, технология немесе қызметке дейін «пісіп жетіледі» және өндірістік-
шаруашылық тәжірибеде таратылады. Инновациялық үдеріс енгізілумен,
яғни жаңа өнімнің, қызметтің нарыққа бірінші шығуымен немесе жаңа
технологияның жобалық қуаттылығына жеткізілуімен аяқталмайды. Бұл
процесс енгізілгеннен кейін де үзілмейді, өйткені экономикада жаңа енгізілу
тарау мүмкіндігіне қарай жетілдіріледі, неғұрлым нәтижесі жоғарырақ бола
түседі, бойына өзінің қолданылуына жаңа салалалар, жаңа нарықтар,
солармен қатар жаңа тұтынушылар ашатын жаңа тұтынушылық қасиеттерді
жинайды.
Инновациялық үдерістерді зерттеудегі маңызды бағыт – олардың жүзеге
асуына мүмкіншілік немесе кедергі туғызатын нақты факторларды (нақты
тұтынушыға, нақты өндірушіге қатысты) нақты анықтау.
Инновациялық үдерісті талдау нақты инновациялық қызметке мүмкіндік
туғызатын немесе кедергі болатын барлық факторларды есепке алудың қиын
екені туралы қорытынды жасауға негіз береді. Мысалы, мінез-құлық
бағытындағы факторларды негізінен инновациялық
үдеріске
қатысушылардың әлеуметтік-психологиялық мінездемелері тұрғысынан
талдайды, менеджментті жақтаушылар – жүйенің ұйымдастырушылық
басқару мінездемелері тұрғысынан және т.б.
Инновациялардің келтірілген жіктелуі жаңа енгізулер үдерістері
әртүрлі және өздерінің сипаттарына байланысты жіктеледі деген
қорытынды жасауға мүмкіндік береді, сәйкесті түрде оларды ұйымдастыру
нысандары, көлемдігі, инновациялық қызметке әсер ету тәсілдері де алуан
түрлілігімен ерекшеленеді Инновациялар дамуына түрткі болған негіз,
бірінші кезекте, нарықтық бәсекелестік болып саналады. Өнім өндірушілер
мен тұтынушылар тозған техника мен технологияны пайдалану үдерісінде
әр түрлі деңгейде шығын көреді, нәтижесінде инновациялар негізінде өндіріс
шығындарын қысқартуға тура келеді. Тиімді инновацияларды алғашқы
болып меңгерген кәсіпкерлік компаниялардың өндіріс шығындарын және
сәйкесті түрде өткізілетін тауарлардың (өнімнің, қызметтің) құнын төмендету
мүмкіндіктері бар, олар ұқсас тауарларды (өнімді, қызметті) ұсынатын
фирмалармен бәсекелестік күресте өз бағыттарын бекітіп алады. Сонымен,
инновациялық қызмет кәсіпорындардың бәсекелестік күресте аман қалуына
мүмкіндік туғызады.
Кесте 1. Инновациялық үдеріске әсер ететін факторлар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет