Оқулық Алматы, 012 удк



Pdf көрінісі
бет58/82
Дата20.09.2023
өлшемі0,59 Mb.
#108906
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   82
Байланысты:
Erdembekov-Kazirgi-kazak-adeb

“Əлі есімде, бір күні əкем ауылымыздың 
имамы (молласы) Нұрмұхаммет Атамбайұлына картадан жол 
көрсетіп жəне баратын жер туралы ұзақ түсінік бергеннен 
кейін: “Молла! Ағаң Нұрпай батыр марқұм осы жағдайды көптен 
байқап толық аңғарған кісілердің бірі болатын. Бірақ Қызылөзен 
мен Ұлужан жақтан ол кезде осылай шығып кету қиын-ды. Міне, 
біз ел шетіне келіп қалдық”
дегеннен кейін, карта жөнінде “əкемнің 


144
карта жөнінде жақсы мəліметі бар-ды. Оның үстіне белгілерді 
жəне ондағы ұзақтық қашықтықты дəл өлшей алатын-ды. Əкемнің 
бірнеше əскери картасы жəне араб таңбасымен кітап түрінде 
Түркияда басылған бір картасы да бар еді”. Бұл үзіндіден роман 
кейіпкерінің айтуымен берілген де ректерді əрі қарай нақтылап, 
өзіне белгілі жайттармен еселей түседі.
Осы ретте романның деректік материалдарының нақтылығын
тарихи сипаттарының тереңдігін, сол кезеңде өткен оқиғаларды 
танып-білуде бағдар беретін дүние екендігін мына пікір де 
дəлелдей түседі: “Түркиядағы қазақ қауымдастығының алғашқы 
онжылдықтағы өмір тарихын алғанда, алдымен Халифа Алтай, 
Хасен Оралтай жəне Хызырбек Ғаритұлы мемуарларын, Түркияға 
қазақтардың бірінші жəне екінші қоныстануын зерттеген 
неміс жəне түрік зерттеушілерінің еңбектерін ұқыптылықпен 
саралай отырып жазған И. Сванбергтің “Қазахские беженцы 
в Тур 
ции” (Svanberg, I. Kazak Refugees in Turkey. Uppsala, 
1989) назар аударған жөн”, деп ой түйеді. Романдағы деректер 
автордың, кейіпкерлердің көзқарас, пікірлерін білдіріп, кейбір 
толықтырулар, түсіндірулер жасалып отырады. Мəселен, романға 
өзек болған Шығыс Түркістан қазақтарының шет жұрттағы өмірі, 
ұлт-азаттық көтерілістің ұйымдастырылуы суреттелгенде тарихта 
болған адамдардың əрекеті, аты-жөні, атқарған істері көрсетіліп, 
қайсыбіріне автор қосалқы түсініктеме береді. 
Жалпы, тарихи шығарманың табиғаты жөнінде əдебиетте даулы 
пікірлер көп болған. 1945 жылы ҚСРО Жазушылар одағының тарих 
секциясы “Көркем-тарихи шығармалардағы шындық пен ойдан 
шығару” тақырыбындағы арнайы шығармашылық дискуссия 
ұйымдастырады. Тарихи романдардың пайда болуы кезінде 
авторлар нақты тарихи шындықтың фактілеріне, құбылыстарына, 
оқиғаларына жүгініп, көркем шығармашылықтың негізіне тарихи 
тұлғаларды алды. В. Г. Белинский тарихи жанрдың синтездік 
сипатын еске ала отырып, онда көркемдік ойдан шығарудың 
болу керектігін айтып, оның шегін белгілеп берді: жанама 
детальдардың түрін өзгертуге болады, алайда негізгі оқиғалар 
мен тарихи тұлғалардың суреттегенде қатаң нақтылықты сақтау 
керек. Н. Добролюбов болса Белинскийдің ойын нақтылай 
отырып, өзінің “Орыс тарихи романы хақында” (“О русском 


145
историческом романе”) деп аталатын мақаласында тарихи ро-
ман мен қазіргі кезең туралы роман арасындағы айырманы 
көрсетеді: “тарихи романның авторы өз еркінше идеясын жақсы 
айындайтын мəселелерді енгізе алмайды, ол болуға тиістіні емес, 
шын мəнінде болған дүниелерге əбден сенімді болуы керек”. 
Бұл жерде сыншы суреткерді тарихи құжатты сол күйінде айтып 
беруден сақтандырады. 
Негізінен, өмірбаян, өмірбаяндық материалдар көне əдеби 
жанр ретінде, өзінің мəні жағынан тарихи деректік тізбенің 
(историография) бір тармағына енеді. Оның үш түрлі қасиеті 
белгілі. Алдымен, өмірбаян көркем шығарманы тудырады; 
екін
шіден, көркем шығармадағы ойды, орталық идеяны адам-
ның-кейіпкердің айналасына шоғырландырады; үшіншіден, 
көр кем шығармашылық психологияны қалыптастырады. “Өмір-
баяндық дерек тарихпен үндес. Ол əр түрлі қоғамдық-саяси жағ-
дайларды, құжаттарды, хаттар мен естеліктердің шы найылығын 
дəлелдейді, сұрыптап, деректік реттілігін анықтайды. Бұл 
əрине, əдебиеттің төл міндеті емес, алайда, оған əдеби жанр 
ретінде біршама көңіл бөлінеді”. Романда өмірбаяндық та, 
тарихи нақтылы уақыт та көрінеді. Автор өзінің балаң шағынан 
басталатын оқиғалар тізбегін уақыт жағынан өрістетіп отырады. 
Мəселен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет