күнделікті көмектесуді өз мойнына
алған абзал жандар.
Əлеуметтік қызметкерлер өмір тығы-
рығына тап болған азаматтардың қо-
ғамда өз орнын табуына себепші болып,
қиналған жандарға жəрдемін аямайтын
игілікті басты мақсатты ұстанады. Қажет
кезде физикалық күшін салып, мейірімді
жүрегін арнайтын, əрдайым қол ұшын
беруге даяр тұратын қалаумен өмір сү-
ретін əлеуметтік қызметкердің еңбегі де
өлшеусіз. Олар өздерінің қамқорлану-
шыларына азық-түлік, дəрі-дəрмек, пси-
хологиялық, заңнамалық, экономика-
лық, керек кезде медициналық, тіпті жан
жылуын сарп етуге даяр болады.
Əлеуметтік қызметкерлер – əлеуметтік
тұлға, қиын жағдайға тап болған азамат-
тар, орта, арнаулы жəне жоғарғы маман-
дық иелері бекітілген заңға сəйкес, өзінің
мамандығына сай, тиісті əлеуметтік
көмектерді пайдаланады. Əлеуметтік
қызметкерлер 8 түрлі көмек көрсетеді.
Оларға экономикалық, құқықтық, мəде-
ни, медициналық, психологиялық, педа-
гогикалық жəне еңбекке баулу жатады.
Сегіз қырлы, бір сырлы əлеуметтік қыз-
меткерлер кəмелеттік жасқа келіп қалған
балаға куəлігін жасауға, ата-аналарға
жеңілдіктер мен мүгедектерге берілетін
жəрдемақыларды рəсімдеуге көмекте-
седі. Медициналық көмек қажет болса,
үйге дəрігерді шақырып немесе баланың
емханада қаралуына септеседі. Əртүрлі
мəдени шаралар ұйымдастырады. Мүге-
дектердің сал ауруларына қарамастан,
қоғамның тең құқылы азаматы болуы
үшін барынша қабілеттерін дамытуға
көмектеседі. Əлеуметтік мамандыққа
бейімделу, оны толықтай меңгеру – тəжі-
рибе барысында болатын үдеріс. Се-
бебі, бір мезетте адамға психологиялық
əрі құқықтық, экономикалық жəне меди-
циналық қызмет түрлерін көрсетуді мең-
гертетін мамандық иесі жоқ. Əлеуметтік
мамандар жоғары білімдерін негізге ала
отырып, тəжірибесі барысында меңгеріп
кетеді. Ең бастысы, бұл қызметке кіріс-
кен мамандар мейірімді жəне сабырлы
болу керек деп санайды өздері. Себебі,
тағдырдың қатал сынына тап болған
жандарды күту – қай адамның болсын
қолынан келе бермейтін іс. Мұнда аса
ұқыпты əрі барынша қайырымды болу
керек.
Əлеуметтік сала қызметкерлері күні –
барша халықтың мерекесі. Бұл нағыз
адамға қамқор, жанашыр жандардың
мерекесі болғандықтан баршаға ортақ
үлкен мереке болып саналады. 2013
жылдың 28 қазанында С.Торайғыров
атындағы ПМУ концерттік залында
Əлеуметтік қызметкерлер күніне орай
ұйымдастырылған салтанатты шараға
«Əлеуметтік қызметкер» мамандығы
бойынша білім алып жүрген студент-
тер белсене атсалысты. Болашақ əлеу-
меттік қызметкерлер өз мамандықтары-
на деген сүйіспеншіліктерін өздерінің
өнерлерімен көрсетті. Бірі əуелеген əн-
мен, бірі əсем билерімен, бірі актерлік
шеберлігімен, енді бірі əлеуметтік қыз-
меткер мамандығының маңыздылығын
айқындау мақсатында халық арасында
сауалнама жүргізуі арқылы кəсібіне де-
ген адалдығын паш етіп жатты. Жоғары
курс студенттері Қарағанды қаласын-
да өткен Əлеуметтік жұмыс бойынша
олимпиадаға арнайы дайындаған бейне
роликтері мен қойылымдарын ұсынды.
Аталмыш бəйгеден студенттер қанжы-
ғасына екінші орынды байлап келді.
Сонымен қоса, төртінші курс студент-
тері өздерінің соңынан еріп келе жатқан
ізбасарларына естелік сыйлықтар мен
əлеуметтік қызметкердің анты жазылған
бүктеме қағаздарды табыс етті.
Диана ƏСКЕРОВА
7
М
ұстафа дəулетті де ауқатты Шо-
қай бидің ұлы. Ол туралы 1914
жылы 10 желтоқсанда «Қазақ»
газетінде жарық көрген Зəкір
Ғайсиннің Шоқай қайтыс болғаннан кейін
берген ас қаражатынан байқаймыз. Онда
былай деп жазылған: «Ақмешіт уезіне қа-
раған қыпшақ марқұм Шоқай Торғайұлына
ас берілді. Шақырылған елдің бір шеті Қа-
залы, бір шеті Ташкент болды. Үш мыңға
жақын жұрт жиналды. Астың бір шығы-
ны бес мың сомнан асты. Бəйгеге 57 ат
шауып, 17-сіне бəйге тігілді. Бас бəйгеге
8 сом ақша, екі қара тігілді», – делінген.
Асқа Мұстафаның келген, келмегені ту-
ралы айтылмайды. Тек оның Петербург
университетінде оқитыны жайында сөз
болған. Емтихан тапсырады деп жазған.
Мұстафа бастауыш білімді Перовскіде,
гимназияны Ташкентте үздік бітіріп, одан
барып Петербург университетіне жолда-
ма алған. Жас қазақтың саяси көзқарасы
сол университет қабырғасында қалыпта-
сып, кейін шыңдалса керек. Ол оқыған
кезде Петербург қоғамдық ойдың орталы-
ғы іспеттес болған екен. Түрлі саяси ой-
ларды қозғаған большевик, меньшевик,
кадет, монархист, эсер сынды партиялар
бартын. «Земля и небо», «Черный пе-
редел» деген қозғаолыстар өршіген де
сол кез еді. Бұл турасында өз кезегінде
Г. Плеханов сараптамлық-философиялық
тұжырым жасаған. Жасырын террористік
ұйым «Народная воля» 1881 жылы импе-
ратор Александр 2-ні өлтірді. 1911 жылы
Киев театрында Николай 2-нің көзінше
бір студент Столыпинді атып тастаған. Ал
Николай 2 болса, толқу қозғалыстарын
тоқтатудың орнына Ресейді өзбетінше
қоя берді. 1914 жылғы тамызда алғашқы
империалистік соғыста Ресей жеңілді.
Осының барлығы дерлік 1917 жылғы Қа-
зан революциясына əкеліп тіреді. Осынау
қиын жағдаяттар жас қазақ студентіне
əсер етпей қоймады. 1914 жылы Петер-
бург университетінің түлегі Мұстафа Шо-
қай қоғам қайраткері Əлихан Бөкейхан-
мен танысып, саяси ойларын тереңдетті.
Қазақ елінің болашағы оны да қатты тол-
ғандырды. Мысалы, Ресей мемлекеттік
Думасына Ахмет Байтұрсыновтың əрекеті
арқылы алғаш депутат болып сайланған
6-7 қазақ жігіттері Дума сахнасында ұлт,
жер, отаршылдық мəселелерін өткір пай-
даланып сынға алды. Қазақ ұлы Бақыт-
жан Қаратаевтың жалынды сөздерін В.Ле-
нин өз еңбегінде қолданды. Олар патша
үкіметінің ұлт аймақтарына қолданған
отаршылдық саясатына қарсы тартысқа
шықты. Ал Мұстафа Шоқай қазақ халқын,
Орта Азия жұртшылығын отаршылдықтан
босатып, егемендік ел – Түркістан Респуб-
ликасын жасауға бел байлап, сол жолда
өз басын құрбандыққа тікті.
ТҮРКІСТАН ЛЕГИОНЫ
Бұрынғы кезде де, қазіргі уақытта
да Мұстафаға жала жабушылық бар.
Тəуелсіздікке қол жеткізе тұрып, азаттық
жолында алаш деп арда жүрегін сарп ет-
кен Мұстафаны назарға ілмегеніміз ұлт-
тығымызға сын, тарихымызды жер қыл-
ғанымыз. Мұстафаға əу бастан Түркістан
легионын құрушы, қазақтың тарихи тұл-
ғаларына ор қазушы деген де жала жа-
былды. Мұның ешбірінің шындыққа жа-
наспайтынын нақты деректер дəлелдеп
берді. Ендеше сол деректер негізінде біз
де шолу жасадық.
Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде Гит-
лердің нацистік партиясының мен Герма-
нияның соғысқа деген құлшынысы Шоқай-
дың Париждегі тыныш өмірінің толықтай
өзгеруіне себеп болды. Неміс армияла-
рының Польшаны басып алуы Еуропада
соғысқа жетелейтін керістікті жағдайдың
тууына жол ашты. Мұнымен тек Шоқай-
дың ғана емес, бүкіл Еуропа елдерінің,
əсіресе Германияға көршілес Франция
халқының тұрмыс-тіршілігі аласапыран
болды. Осыған мезгілдес неміс армиясы
мен кеңес армиясы жаулап өзара бөлісіп
алған Польшаның астанасы Варшавада
“Прометей Одағының” жұмыстарының
тоқтап қалуы заңды болды. Алайда əлі
соғысқа араласпай бейбіт жатқан Фран-
цияның өзінде аласапыран жағдай қалып-
таса бастады. Соғыс қаупіне байланысты
Франциядағы босқындардың барлық шы-
ғармашылық тыныс-тіршілігі тыныстамай
қалды. Олардың ішінде Шоқайдың 1929
жылдан бері үздіксіз шығарып келе жат-
қан “Яш Түркістан” журналы да бар бола-
тын. Шоқай болса жиі-жиі Париждегі Ұлт-
тық Кітапханаға барып, саяси тарих пен
философия туралы кітаптарды көп оқи-
тын. Осы кітаптар арқылы Германия мен
кеңестердің діттеген мақсаттарын жəне
мұнда қаншалықты табысқа қол жеткізе
алатынын болжауға тырысты. Əсіресе екі
мемлекеттің басшылары, атап айтқанда
Гитлер мен Сталиннің əлемдік билік құ-
марлықтарының адамзатқа қандай ауырт-
палықтар əкелетіндігі туралы сауалдың
жауабын іздеп шарқ ұрған. Шоқайдың
пікірінше олардың екеуі де өзіне сенімсіз,
адасқан озбырлар еді. Олар жаратылысы-
нан саясат пен зұлымдық аренасында бір-
біріне тең түсетін. Олардың арасындағы
дара айырмашылық – біреуінің нацист, ал
екіншісінің интернационалист екені. Бас-
қа бір сөзбен айтқанда Гитлер тек неміс
халқының атасы, ал Сталин болса халық-
тардың атасы болды. Шоқай бұлардың
бірінің ажалы екіншісінің қолынан болаты-
нына сенімді еді. Егер олар əлемді билеу
үшін ауызбіршілік жасайтын болса, онда
оларға ешкім қарсы тұра алмас-тын. Бірақ
Шоқай олардың достықтарының өткінші
екендігін де білді. Парижде тұрақты түрде
кездесіп тұрған Ресейлік босқындарының
көпшілігі қаланы тастап кетуге мəжбүр
болды. Олар Франция мен Германия ара-
сындағы соғыстан бас сауғалап Португа-
лия арқылы Америка Құрама Штаттарына
қарай қашты. Соғыс қаупін Шоқай да сезіп
жүрді. Алайда қиын-қыстау күндерінде
өзіне құшағын ашқан Францияны туған
отаны деп есептеді. Сондықтан соғыстан
қорқып Францияны тастап кетуге болмай-
ды деп шешті. Ол елде соғыс өрті шыға
қалған жағдайда қиыншылығын француз
халқымен бірге төзуге тəуекел етті. Сөйтіп
Шоқай Францияда қалды, оның жүрегінде
Франциянын ерекше орны бар еді. Де-
генмен соғыс Францияны да шарпыды.
Осындай жағдайда Парижді тастап, Бор-
до қаласына кетуге дайындық жасаған
достары бірге кетуге ұсыныс жасаса да,
Шоқай келіспеді. Неміс басқыншылығына
қарсы қолданған сақтық шарасы – оның
архиві мен онша құны жоқ акцияларын
бір банктің сейфіне сақтау болды. Бір күні
Шоқай күтпеген шақыру алды. Берлинге
шақырылды. Бұл шақырту Шоқайды қат-
ты алаңдатты. Немістердің өзін Берлинге
не үшін шақыртқандықтарын түсіне ал-
мады. Немістер Польшаны басып алмас
бұрын “Прометей Одағы” жұмыстары
кезінде нацисттерге қарсы екенін айқын
көрсететін мақалалар жазған еді. Сондық-
тан ол нацисттерге қарсы екендігімен та-
нылған болатын. Сол себепті немістердің
бұл кездесудің себебін іштей сезгендей
болды. Бірақ ешқандай нақты қорытын-
дыға келе алмады. Екінші жағынан ша-
қыртуды қабылдамай кездесуге бармай-
тын болса, Францияны қол астында ұстап
тұрған немістер керек болған жағдайда
оны өз ықтиярынсыз-ақ Берлинге алғыза
білетін еді.
МҰСТАФАНЫҢ ТҰТҚЫНДАЛУЫ
Сонымен Мұстафа Берлинге келді.
Берлинде өзін шақыртқан неміс өкіметтік
қызметкерлері Шоқайға Кеңестердің əс-
кери күші туралы мəлімет сұрауға ша-
қырғандарын айтты. Бірақ Шоқай бұл ту-
ралы ешқандай мағлұматы жоқ екендігін,
кеңестердің Түркістан аймағының ғана
қызықтыратынын, кеңестер туралы одан
артық ешнəрсе білмейтінін айтты. Шоқай
Берлинде бір апта болғаннан кейін Па-
рижге оралды. Көңілі орнына түскендей
болды. Осымен немістердің қайтып маза-
ламайтынына сенді. Бірақ бұл тыныштық
ұзаққа созылмады. Екі айдан кейін, нақ-
тырақ 1941 жылы 22 маусым күні Герма-
ния Кеңестер Одағына қарсы соғыс ашты.
Шоқай күндерінің алаңсыз кезеңі де аяқ-
талды. Шоқай үшін немістердің кеңестер-
ге қарсы соғыс ашуы күтпеген жағдай еді.
Дегенмен, ол мұны Түркістанның Мəс-
кеудің құрсауынан құтылуына оңды əсер
етеді дегенге сенді. Сондықтан қатты
толқыды. Жұбайымен Париж орталығына
бара жатып жол бойы дамылсыз сөйледі.
Аракідік қолдарын аспанға көтеріп жазу
жазған секілді ым белгілер жасады. Мария
Яковлеваның айтуынша, Шоқай маңызды
шешім қабылдар алдында үнемі осылай
етеді екен. Шоқай бұл жағдайды пайдала-
нып қалу керектігін айтып жатты. Осын-
дай ойларға шомған Шоқай мен жұбайы
серуендеп болған соң, үйлеріне қайтты.
Үйлеріне кіргеннен сəл ғана уақыт өткен
соң үш неміс əскері келіп Шоқайды тұт-
қынға алды. Сол күні Парижде тұтқындал-
ған жалғыз ол емес еді. Парижде тұрып
жатқан кеңестерге қарсы орыс босқында-
рының өкілдері де тұтқындалды. Олар-
дың барлығы Компиен лагеріне қамалды.
Негізінде бұл лагерьді абақтыдан гөрі
немістердің үкіметтік қызметкерлерінің
білімін арттыру лагері деуге негіз бар. Ла-
гердегі жұмыстар Ресейлік босқындардың
кеңестер туралы мəліметтерінен пайда-
лануға бағытталды. Немістер осы мақсат-
та босқындар арасында Кеңестер Одағы
туралы конференциялар мен талқылау-
лар ұйымдастырды. Шоқай да лагерьде
Түркістан туралы бір баяндама жасады.
Шоқайдың Түркістан туралы баяндамасы
тыңдаушыларға өте ұнап, осы тақырыпта
тағы бір баяндама оқылсын деген өтініш
түсті. Шоқай мұны шын ықыласпен қабыл
алды. Бірақ лагерьде екінші баяндаманы
жасайтындай ұзақ уақыт қала алмады.
Өйткені Шоқайдың баяндамасын жалғыз
тұтқындар ғана емес, лагерьдің неміс бас-
шылары да ұнатқан еді. Олар кеңестерге
қарсы мұндай бір баяндаманы радио ар-
қылы түркістандықтарға қарата жасауын
сұрады.
Жалғасы келесі санда
Эльмира АБЕТЖАНОВА
Алаштың ардақтылары
Мұстафа кімнің қолынан
қаза тапты?
Алаштың арда ұлы Мұстафа
қазақ елін, түркі халықтарын
қатты жақсы көрді. Өкінішке
орай, өмірін үнемі шет жер-
лерде өткізуге мәжбүр бол-
ды. Бұл тұрғыда тарлан ұлға
оңай тимегені анық. Елін аң-
сады, топырағын сағынды.
Жағасына біздер жазда
баратын,
Сырдария толқып
тулап жататын.
Бәрін тастап бір ғажайып
сол жаққа
Ұшар едім болса
егер қанатым, –
дейді бір өлеңінде. Өлең
жолдары да оның еліне де-
ген сағынышын айқындайды.
Мұстафа Шоқай – Сыр елінің
тумасы.
МЕНШІК ИЕСІ:
С.Торайғыров
атындағы Павло-
дар мемлекеттік
университеті
Редактор:
Жанар Елешова
Дизайнер: Н. Яницкая
Тілшілер: Ұ. Төлеу, Н. Рабило-
ва, М. Амантай.
Ақылдастар алқасы:
Қ.Алдабергенов, Ж. Бижан,
А.Тойшыбайұлы, Г. Кенжебалина.
Редакция мекен-жайы:
Павлодар қ., Ломов көшесі, 64,
каб.427-А, тел.673648
• ГАЗЕТ Қазақстан Республика сы ның
Мəдениет жəне ақпарат ми нистр -
лігінде есепке алынып (04.12.2008),
ол туралы №9722-Г куə лігі берілген.
• ГАЗЕТ бетіндегі автордың
мақала лары, хаттары редакция ның
көзқарасын білдірмейді
• ГАЗЕТ Павлодар облыстық
«Баспасөз үйі» ЖШС баспаханасын-
да басылды. Павлодар қ., Ленин к.,
143 үй, тел. 61-80-26
• ГАЗЕТ айына бір рет шығады,
таралымы 500 дана.
Тапсырыс № 5116
ДемAll
БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ
«Ас – адамның арқауы» демекші, дұрыс
тамақтану адам өміріне, денсаулығына
байланысты барлық қызметінде үлкен
рөл атқарады. Дұрыс тамақтану маңыз-
дылығы баланың ақылды болуына, ау-
руға бейімді болып өсуіне жауап береді.
Бұрыс тамақтанудың таралуының негізгі
себептері оқушылардың, мұғалімдердің
жəне ата аналардың салауатты тамақта-
ну туралы аз білуі. Салауатты тамақтану
балалардың дұрыс өсуі мен дамуының,
денсаулықты сақтау жəне аурулардың
туындау қауіпін төмендетудің негізі бо-
лады. Сонымен қатар, дұрыс тамақтану
оқушының сымбатты, денсаулығы мықты,
ақылды, еңбекқор, оқуда озат болуына ті-
келей ықпал етеді.
Бұл айтылғандардың барлығы да ғылы-
ми дəлелденген. Дұрыс тамақтану бала
денсаулығын сақтау үшін өте керек. Та-
мақтанғанда адам алуан түрлі топтардан
алынған тағам түрлерін қолдану керек.
Тамақ құрамында əр түрлі мөлшерде құн-
ды қоректік құндылықтар болады. Олар-
ды дəрумендер мен минералдар, ақуыз-
дар мен көміртегілер, талшықтар, майлар
деп атаймыз. Күнделікті астың дəрумен
мен минералдарға бай болғанын ескеру
қажет. Баланың ас мəзірінде дəнді дақыл-
дар, көкөністер мен жемістер, сүт өнім-
дері, ет өнімдері мен жұмыртқа сияқты
тағам түрлері болғаны жөн.
Ауруға төзімді озат оқушы болу үшін
дұрыс тамақтану өте маңызды. Адам ден-
саулығы дұрыс тамақтануға тікелей бай-
ланысты. Адам бойына дəрумендер мен
минералдар жетпесе əр түрлі ауруларға
ұшырайды. Сол себепті, бала дəрумен-
дерге бай жеміс-жидектер мен көкөніс-
терді күнде жеуі керек. Ол балалар жұқпа-
лы ауруларға көп душар болмайды.
Дұрыс тамақтану уақытылы тамақ ішуге
де байланысты. Уақытында дұрыс тамақ-
танған бала дені сау, тəні мықты, ақылды
бала болып өседі. Бала үшін таңертеңгілік
асты қабылдау өте маңызды. Дұрыс та-
мақтану тағы ас ішудің басты ережелерін
қолданғанға да байланысты.
Жалпы, мен қоғамда балалардың дұ-
рыс тамақтанбау мəселесі өзекті болып
тұрғанын байқаймын. Дүниежүзілік ден-
саулық сақтау ұйымы əлемде аурудың кө-
беюінің 60 пайызы дұрыс тамақтанбауға
байланысты деген тұжырымдама жаса-
ған. Бұл тұжырымдама дүниежүзілік зерт-
теудің нəтижесінде белгілі болған.
Мектеп оқушыларының оқуда озат, қабі-
летті, күш-қуатқа толы, сергек болуы үшін
құнарлы, пайдалы, сапалы, алуан түрлі
тағам жегені абзал. Біріншіден, олардың
тамақтану рационында балалардың күш
жұмсауына байланысты құндылығы жоға-
ры тамақ болғаны дұрыс. Екіншіден, бас-
тауыш сынып оқушысы макротағамдық
жəне микротағамдық заттардың толық
құндылығы жағынан теңгерімді тамақтан-
ғаны дұрыс. Үшіншіден, баланың тамақ-
тану рационында барлық тағам түрлері
болуы тиіс. Төртіншіден, тамақтану ре-
жимінің тиімділігі, бесіншіден, балалар-
дың жеке талғамын ескеру, алтыншыдан,
тамақ дайындаудағы тазалықты ұстану
нұсқаулықтары ескерілуі баланың денсау-
лығына тікелей əсер етеді.
Салауатты тамақтану – дегеніміз дə-
румен мен минералдардан тұратын құн-
дылығы жоғары өнімдермен ауқаттану
екен. Мысалы, сүт өнімдерінде баланың
өсуі үшін ең қажетті кальций бар. Соның
ішінде пайдалырағы қатық пен табиғи ай-
ран мен йогурттар. Сүзбе, ірімшік, құрт,
қаймақ, қымыз, майды қабылдау баланың
дұрыс тамақтану əдеттерін қалыптасты-
рудың бір жолы. Ал, қымызда В
1
, В
2
, В
3
,
В
12
, А, С дəрумендері бар. Шипалық əсері:
əртүрлі бактерияларды жойғыш қымыз
бактерияларға қарсы тұрады. Асылы,
ауызынан ақ ажырамаған халық көп ау-
рулардың алдын алып, дені мықты, өмірі
ұзағынан болған.
Бастауыш сынып оқушысының дұрыс
тамақтануы туралы зерттегенде мынан-
дай бақылау жасадым. Мен құнарлығы
жоғары, макро жəне микротағамдық зат-
тарға бай өнімдерді, табиғи, бұқтырыл-
ған, қайнатылған тамақтарды əрі жеміс-
тер мен көкөністерді, ағарған өнімдерді
өзімнің күнделікті дастархан мəзіріме қо-
сып 1 ай бойы тамақтандым. Бірінші ап-
тасында-ақ оң өзгерістер мен денсаулы-
ғымдағы оңалуларды байқадым. Сергек,
жұқпалы ауруларға төзімді, оқу үлгерімім
əлдеқайда өсті. Сол себепті, дұрыс та-
мақтанған бала міндетті түрде денесінің
шымырлағанын, өрісінің өскенін сезінетін
болады. Əрбір бастауыш сынып оқушысы
егемен еліміздің келбетті де дені сау ұрпа-
ғы екенін ұмытпағаны жақсы.
Бастауыш сынып оқушылары арасын-
дағы аурулардың алдын алу үшін, озат
оқушы болу үшін, дені сау мықты болып
өсу үшін дұрыс тамақтануды балалар кіш-
кентай кезінен əдетке айналдырғаны жақ-
сы. Жалпы, дұрыс тамақтану дегеніміз –
дəмді, пайдалы, əр түрлі, сапалы жəне
уақытында, жүйелі тамақтану тəртібіне
сай ас қабылдау. Яғни, осы қарапайым қа-
ғидаларды естен шығармай өскен бала –
еліміздің салауатты азаматы болады.
Тамақтану мен оқудың бір-бірімен ты-
ғыз байланысты екенін даусыз. Өйткені,
жақсы денсаулық оқушының үлгерімін өсі-
ретінін айтқым келеді. Дұрыс тамақтану
адамның өмірінің ұзақ, дені сау, ақылды
болып өсуіне ықпал етеді.
Дұрыс тамақтанбағанда денемізге қауіп
келетіні анық. Бұны білу денсаулық үшін өте
маңызды екен. Бүгінгі қоғамда бастауыш
сынып оқушыларының арасында бұрыс
тамақтану əдетінің көбеюуі белең алып ке-
леді. Сондықтан, мектеп оқушыларының
тамақтануына ден қойып, көңіл бөлген жөн.
Сондықтан, мына ұсыныстарды ұсына-
мын:
1. Қазақстандық бастауыш сынып оқу-
шыларын сапалы, ақуыздарға, көмірсу-
ларға, дəрумендер мен минералдарға
бай тамақпен үлкендер яғни, ата-аналар,
мұғалімдер ел басқарып жүрген ағалар
қамтамасыз етілуін қадағаласа, бастауыш
сынып оқушыларының, яғни, болашақ са-
лауатты да саламатты азаматтарымызды
қалыптастыруға көмек болар еді.
2. Балаларға, ата-аналарға, мұғалім-
дерге бастауыш сынып оқушыларының
дұрыс тамақтануы жайында ақпараттар
жиі насихатталатын болса, келешек ұрпақ
үшін нұр үстіне нұр болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |